Жаңалықтар
Абиба Әбужақынова – Азия ойындарының күміс жүлдегері
- author Zhambylokq
- 24 қыркүйек, 2023
- 51
Абиба Әбужақынова – Азия ойындарының күміс жүлдегері
Дзюдошы Абиба Әбужақынова (48 кг) Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан ХІХ жазғы Азия ойындарында күміс жүлдегер атанды.
Ол финалда 3 дүркін әлем чемпоны, 2018 жылғы Джакатадағы Азия ойындарының жеңімпазы жапониялық Нацумо Цунодаға есе жіберді. Әбиба – әйелдер арасында дзюдодан сары құрлық ойындарының финалына шыққан Варвара Масяинадан кейінгі (1998 жылы) екінші спортшы.
Ұлттық құрама спортшысы Ханчжоудағы алғашқы белдесуінде Филиппин спортшысын вазари әдісімен, сосын, Солтүстік Корея палуанын ұтты. Ал жартылай финалда Оңтүстік кореялық Ли Хек Енг ескерту алып, Әбужақыноваға жол берді.
Айта кетейік, Абиба Әбужақынова биыл ақпанда Португалияда Гран-При бәсекесінде топ жарған (әйелдер арасында) тұңғыш қазақ дзюдошына айналған. Сондай-ақ ол – Отгонцэцэг Галбадрахтан кейін қазақстандық арулар арасынан әлем чемпионатында медаль алған спортшы.
Келесі мақала
Мағжан Шәмшадин – Азиаданың қола жүлдегері атанды
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
ҰЛТТЫҚ ЖОБАНЫҢ ШЕҢБЕРІНДЕ АУЫЛДА 263 МЕДИЦИНАЛЫҚ НЫСАН САЛЫНЫП, ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ
- авторZhambylokq
- 26 желтоқсан, 2024