Азиада – 2023: Ел қоржынына тағы бір жүлде түсті
Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан ХІХ Азия ойындарында Қазақстан құрамасының қоржынына кезекті жүлде түсті.
10 метрден пневматикалық винтовкадан оқ атудан аралас командалық сайыста Ислам Сатпаев пен Александра Ле қола жүлдеге ие болды.
Медаль үшін күресте Қазақстан құрамасының спортшылары Иран командасын 17:11 есебімен жеңді.
Естеріңізге сала кетейік, кеше Никита Чирюкин жылдам атылатын тапаншадан Азиаданың қола медалін жеңіп алған болатын.
«Ислам мен Александраны Азия ойындары жүлдесімен құттықтаймын. Олар Ираннан келген қарсыластарын сенімді түрде жеңіп, тағы да шеберліктерін көрсетті. Отандық оқ ату спорты қарқынды дамып келеді және мұндай жетістіктер осының жарқын дәлелі», – деді Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев.
Келесі мақала
Алғашқы оқу күндерінің қорытындысы
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА ҮШ АУЫСЫМДЫ ОҚЫТУ МӘСЕЛЕСІ ТҮБЕГЕЙЛІ ЖОЙЫЛДЫ
- авторZhambylokq
- 16 қаңтар, 2026
Жаңалықтар
ӨҢІРДЕ «КРЕЩЕНИЕ ГОСПОДНЕ» МЕРЕКЕСІНЕ ОРАЙ ТӨРТ ШОМЫЛУ ОРНЫ БЕКЕТІЛДІ
- авторZhambylokq
- 16 қаңтар, 2026






