Жамбыл облысының Өңірлік комуникациялары қызметі - Ақпарат агенттігі

Байланыс

  • ato.uvp@mail.ru
  • +7 705 537 5268
  • Тараз қаласы, Ы.Сүлейменов көшесі №5, Шерхан Мұртаза атындағы баспасөз үйі

Алғашқы оқу күндерінің қорытындысы

Алғашқы оқу күндерінің қорытындысы
ашық дереккөзі
Алғашқы оқу күндерінің қорытындысы
2023-2024 оқу жылында 500 облыс мектептеріне  246 371  бала келді. Оның ішінде, 1-сыныпқа 23819 бала келіп, алғаш рет мектеп табалдырығын аттады. Оқу жылының ұзақтығы 1-сыныптарда 33 оқу аптасын, 2-11 (12)-сыныптарда 34 оқу аптасын құрайды.Оқулықтарды сатып алуға ағымдағы жылы 3,1 млрд. теңге қаржы бөлініп, жаңа оқу жылында оқушылар оқулықпен 100% қамтамасыз етілді. Ағымдағы жылы 25 білім нысанының құрылысы жүргізіліп,9 мектеп және 5 мектептің қосымша құрылысы пайдалануға беріледі деп жоспарланған. Оның ішінде, ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінде, яғни, білім күні Жамбыл ауданының Шоқай ауылындағы 150 орындық мектеп ашылды.Қалған 8 мектеп және 5 мектептің қосымша құрылыстары жұмыс кестесіне және келісім-шартқа сәйкес ағымдағы жылдың қараша, желтоқсан айларында  пайдалануға  беріледі деп  жоспарлануда.  Ал, 11 нысан құрылысы 2024 жылы аяқталады.Бұдан бөлек, 17 білім беру нысанын күрделі жөндеуден өткізуге  4,4 млрд теңге қарастырылды. Бүгінгі күні облыста үш ауысымды 4 мектеп, апатты 3 мектеп, оқушы орнының тапшылығы бар 2 мектеп тіркелген.2023-2025 жылдары «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 9500 орындық 12 мектеп салу жоспарлануда.Жоспарға сәйкес 2024 жылы 7 мектеп, 2025 жылы 5 мектеп пайдалануға беріледі. «Ауылдық жерлердегі тірек мектептерінің әлеуетін арттыру» қайырымдылық жобасы жүзеге асырылуда. Жоба аясында Жамбыл облысында 2022 жылы 250 млн теңгеге бір мектептің 35 оқу кабинетінің материалдық-техникалық базасы жаңартылып, 116 педагог «Назарбаев зияткерлік мектептері» арқылы оқыту курстарынан өтті. 2023 жылы аталған жоба аясында 500 млн теңгеге 2 мектептің 53 оқу кабинетінің материалдық-техникалық базасы жаңартылып, 161 педагог оқыту курстарынан өтуде.2024 жылы жоба аясында Жамбыл облысының 8 мектебін қайта жабдықтау жоспарлануда. Сондай-ақ, «Болашақ инженерлер-1» жобасы да іске асырылып жатыр. Жоба аясында облыс бойынша 66,3 млн. теңгеге  13 робототехника кабинеті жабдықталды. Жыл соңына дейін «Болашақ инженерлер-2» жобасы аясында  шағын қалаларда (Қаратау, Жаңатас)  42 млн теңгеге 7 робототехника кабинетін жабдықтау жоспарланып отыр. 2023 жылғы 1 қыркүйектен бастап барлық бастауыш сынып оқушылары бір мезгіл тегін ыстық тамақпен қамтылуда. Биылғы оқу жылында 7946 бала мектептерге және кері қарай күнделікті тасымалдануда.Мектеп оқушыларын тасымалдайтын 118 автобустың 35-і білім бөлімінің, 19-ы мектептің, 63-і кәсіпкерлердің меншігінде.2023-2024 оқу жылы республикалық бюджет есебінен 842 млн. теңгеге балалар тасымалдау үшін жаңа 14 автобус лизингпен сатып алу жоспарланып отыр. Қазіргі таңда, балалар қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмыстары мемлекеттік 690 білім беру ұйымында жүргізілуде. Бүгінгі күні 690 білім нысандары 100% бейнебақылау камераларымен қамтылды. Білім беру ұйымдардың 302-сі интеграцияланған, 346-сы дабыл түймесімен жабдықталған. Кәмелетке толмағандар арасында буллингтің алдын-алу мақсатында облыстың барлық мектептері «Komek Stop Bullying» ақпараттық жүйесіне қосылды, аталған ақпараттық жүйенің QR кодтары облыс мектептеріне ілінді. Бұдан бөлек, мектеп психологтардың жұмысын автоматтандыру және психологиялық көмекті қажет ететін оқушыларға дер кезінде көмек көрсету мақсатында облыс мектептері HR+ психологиялық-педагогикалық мониторингтің автоматтандырылған жүйесіне қосылды.Тараз қаласындағы колледждер (21 колледж) бойынша 63 мүшеден тұратын 7 мобильдік топтар құрылған. Білім беру балабақша табалдырығынан басталады десек, бүгінгі күні облыста 573 мектепке дейінгі ұйымдарында 60 мыңға жуық бала  мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылған.Өңірдегі «Мейірім» жобасы аясында 96 мекеме 137 ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаға әлеуметтік қолдау көрсетуде.Жоба аясында 1331 баланың «Отбасы банкінде» ашылған шоттарына бекітілген мемлекеттік мекемелер мен ірі кәсіпорындар 65 млн. теңгеден астам қаржы аударды. Өткен оқу жылында демеушілердің қолдауымен 150 млн. теңгеге психологиялық – медициналық – педагогикалық кабинеттердің материалдық базалары нығайып, қызметтік автокөліктер алынды.«Қазақстан халқына» қоғамдық қоры есебінен Қаратау қаласындағы облыстық «Үміт» мектеп-интернаты 28,7 млн. теңгеге қажетті құралдармен қамтылды.Аталған қорға алдағы уақытта 8 мекеменің материалдық-техникалық базасын жаңғыртуға 654 млн.теңгеге қажетті құрал-жабдықтардың жобалары әзірленіп, жолданды. Облыста 78 қосымша білім беру мекемелерінде 68570 оқушы, мектептегі үйірмелерде 121596 оқушы қосымша біліммен қамтылып, қамту көрсеткіші 80,3%-ды құрап отыр. Облыс әкімдігінің дене шынықтыру және спорт, мәдениет, архивтер және құжаттама басқармалары тарапынан мемлекеттік тапсырыс аясында спорт (6818 бала) және шығармашылық (5273 бала) үйірмелермен 12091 бала қамтылған. Жастарға кәсіптік-техникалық білім беру – маңызды мәселе. Облыстағы 44 техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында  26 164 студент білім алса, 16 284 (62%) мемлекеттік білім тапсырысы аясында  білім алуда. Жастарды талап етілетін мамандықтар бойынша,  2023-2024 оқу  жылына 6350 орын.
Zhambylokq
Автор

Zhambylokq

Жамбыл облысының Өңірлік комуникациялары қызметі - Ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар