Жамбыл облысының Өңірлік комуникациялары қызметі - Ақпарат агенттігі

Байланыс

  • ato.uvp@mail.ru
  • +7 705 537 5268
  • Тараз қаласы, Ы.Сүлейменов көшесі №5, Шерхан Мұртаза атындағы баспасөз үйі

Полатқосшы ауылдық округінің әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері

Полатқосшы ауылдық округінің әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері
ашық дереккөзі
Полатқосшы ауылдық округінің әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері
Полатқосшы ауылдық округінде 14 ұлт өкілдері тұрады. Халық саны – 9576 (қазақтар - 1415, дүнгендер - 7481, басқа ұлттар - 680), 1692 ауласы бар аудандағы ең ірі округтің бірі. Округтің жалпы жер көлемі – 42 534 гектар. Егістікке жарамды жер көлемі – 5098 гектар. Округ көлемінде 1 спорт кешені, 1 шағын футбол алаңы және мектептегі 4 спорт алаңшалары тұрғындарға қолжетімді. Бұқаралық спортпен ауыл тұрғындарының 38,6 %  айналысуда. Полатқосшы ауылдық округі тұрғындарының басты кәсібі – көкөніс өсіру. Ауыл шаруашылығы саласы бойынша 89 шаруа қожалығы бар, оның ішінде 8-і мал шаруашылығымен айналысады. «Юнчи» өндірістік кооперативі мен «Jambyl Et MS» тауарлы сүт фермасы жұмыс атқаруда. «Ұзын-Бұлақ», «Шарипов», «Марасулов», «Үміт» шаруа қожалықтары суды үнемдеу мақсатында 433 гектар егістік алқаптарына тамшылатып суғару технологияларын енгізіп, нәтижесін көріп отыр. Ауылдық округтегі шаруалар өткен жылы 86 650,0 мың теңгеге 16 жаңа техника алды. Оның 3-еуі трактор. Биылғы жылы, көктемгі дала жұмыстарына 34 трактор жұмылдырылды. Сонымен қатар, «Токтасын Агро» фермерлік шаруа қожалығы лизинг арқылы - 56 млн. теңгеге 2 жаңа трактор және 198 млн. теңгеге  6 жаңбырлатып суғару қондырғысын сатып алды. «Шарипов Т» шаруа қожалығы  112 млн. теңге болатын жаңа комбайн сатып алды. Елді мекенде жаңа ауыл шаруашылық техникалардың жаңаруымен қатар, осы салаға түсетін инвестициялық көрсеткіштердің өсу әлеуетін жоғарылатуда. Аудан көлемінде инвестициялық көрсеткіштерді арттыру жұмыстары жалғасуда. Жиналған өнімдер көкөніс сақтау қоймаларында сақталады. Жалпақтөбе ауылында  жеке көкөніс сақтайтын  80-ге жуық қойма бар. Олардың жалпы сыйымдылығы – 23200 тонна. Жыл бойы қоймада сақталған дақылдар еліміздің түкпір-түкпіріне тасымалданады. Жалпақтөбе ауылындағы шағын және орта кәсіпкерлік субьектілерінің саны жыл санап артып келеді. Қазіргі таңда, округ бойынша 200 жеке кәсіпкерлер, 50-ден аса кәсіпкерлік нысандары тіркелген. Биылғы жылдың өзінде 108 жеке кәсіпкер тіркелді. Елдімекендегі «Берсанукаев» ЖШС цехінің «Достар» маркалы  халал шұжығы облыстың ішкі нарығын қамтып отыр және  өнімдері көршілес мемлекеттерге экспортталады. 2022-2025 жылға дейінгі даму жоспарын орындау мақсатында биыл ауылдық округте 14 адамды тұрақты жұмыспен қамтитын, жобалық құны 149 млн теңгеге  6 шағын инвестициялық жоба жоспарланып, іске асырылуда. Ауыл шаруашылығы саласы бойынша жобалық құны 125 млн теңге болатын  6 инвестициялық жоба жүзеге асырылып, 7 адам тұрақты жұмыспен қамтылады. Кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы  салалары бойынша  2024-2025 жылдары да осындай жаңа жобалар жүзеге асырылып, тұрақты жұмыс орындарын ашу күтілуде. Есептік кезеңде, «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы шеңберінде, оның ішінде  жаңа бизнес идеяларды іске асыруға 5 азамат 6900,0 мың теңге мемлекеттік грант алды. «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында жалпы 200 азамат жұмыспен қамтылды. Өткен жылы мемлекет тарапынан  атаулы әлеуметтік көмек - 33 065,0 мың теңге сомасында 71 отбасы, 366 адамға  тағайындалса, биыл - 57 отбасы, 313 адамға  тағайындалды. 2023 жылы ауылдық округтің жалпы бюджеті – 231747,0 мың теңгені құрап, бүгінгі күнге жоспар бойынша 100%-ға игерілді. Нұрлы жол көшесін орта жөндеуден өткізуге мемлекеттік сатып алу жүргізіліп, 89 624,0 мың теңгеге мердігер «Dauren build» ЖШС жөндеу жұмыстарын жүргізуде. Келсім-шартқа сәйкес қазан айында жұмыстар толық аяқталып халық игілігіне беріледі деп күтілуде. Сонымен қатар, Жалпақтөбе көшесі бойындағы мектеп алдынан оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында «N-Strоy Group» ЖШС жалпы құны 3 236,8 мың теңгеге «ақылды бағдаршам» орнатып, жұмыстарды толығымен аяқтады. Ма-Да-Жын, Даут Абдуллаев, Максым Джамалов көшелеріне асфальт жабындысы және шағын футбол алаңына жұмсақ жабынды төселді. Елді мекен толығымен сапалы ауыз сумен және табиғи газбен қамтылған. Жалпы ауылдық округте асфаль жабындысын төсеуді қажет ететін бірқатар көшелер қалып отыр. Бүгінгі күнге 5 көшенің сметалық құжаты дайындалып, арнайы сараптамадан өткізілуде. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету және қылмыстың алдын алу мақсатында ауылдық округ бойынша 4 жергілікті учаскелік полиция инспекторлары қызмет атқарады. Биылғы жылы есептік кезеңде 5 қылмыс тіркеліп, 3-еуі ашылды. Былтырғы жылмен салыстырғанда, қылмыс көрсеткіші азайған. «Жомарт түлек» жобасы аясында «Тұрғани» мешітінің шаруашылық қоймасын жаңадан салу және автокөлік тұрағын асфальттау жұмыстары аяқталды. «Асарлатып үй салу» жобасы аясында азаматтарымыз көмек қолын созып, қайырымды жоба әлі де жалғасын табуда.
Zhambylokq
Автор

Zhambylokq

Жамбыл облысының Өңірлік комуникациялары қызметі - Ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар