Жамбыл облысының Өңірлік комуникациялары қызметі - Ақпарат агенттігі

Байланыс

  • ato.uvp@mail.ru
  • +7 705 537 5268
  • Тараз қаласы, Ы.Сүлейменов көшесі №5, Шерхан Мұртаза атындағы баспасөз үйі

Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің 2023 жылдың 9 айында атқарған жұмысы

Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің 2023 жылдың 9 айында атқарған жұмысы
ашық дереккөзі
Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің 2023 жылдың 9 айында атқарған жұмысы
Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті лицензиялау бойынша зерделеу жұмыстарын жүргізді. 2022 жылдың 9 айында барлық өтініш - 210, берілген-184, бас тартылған-26. 2023 жылдың 9 айында өтініштің барлығы - 183, 166, бас тартылды-18. Сертификаттау бойынша: 2022 жылдың 9 айында барлық өтініш - 3549, берілген-2953, бас тартылған-596. 2023 жылдың 9 айында барлық өтініш - 2896, 2411 берілді, 485 бас тартылды. 2023 жылдың 9 айында жоспардан тыс 71 тексерудің 29-ы негізделген, 10-ы ішінара негізделген және 32-сі негізсіз деп танылды. Сондай-ақ, ағымдағы жылдың 9 айында Жамбыл облысында ана өлімінің 5 жағдайы тіркелді (Т.Рысқұлов-2, Мерке-1, Байзақ-1, Қордай-1) және көрсеткіш 100 мың тірі туылғандарға 32,4% құрайды (ҚР бойынша 5 орын). Департамент Жамбыл облысы бойынша санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті департаментінің шұғыл хабарламасы негізінде эндемиялық емес Шу ауданында конго-Қырым геморрагиялық қызбасы жағдайлары бойынша тәуелсіз сарапшыларды тарта отырып, жоспардан тыс 3 тексеру жүргізді. Тексеру медицина қызметкерлерінің ООИ кезінде сапалы көмек көрсетуге дайындығы мен сақтығының төмендігін көрсетті. Жамбыл облысы медициналық ұйымдарды аккредиттеу бойынша 64,3% - бен 2-ші орында. Облыс бойынша дәрілік заттарды өндірумен айналысатын 8 нысан  ММБ бар. Аймақта ауыл тұрғындарына дәрілік заттардың қолжетімділігі орта есеппен 62% құрайды. Қолжетімділігі ең төмен Талас ауданы, ал жоғары Қордай ауданы.219 елді мекенде дәрілік заттарды сату ұйымдастырылған. Елді мекендердің 13%  дәрілік заттарды сату жөніндегі ұйым талап етеді.Себебі халық саны (81-923 адам) болғандықтан дәріхана пункттерін ашудың қажеті жоқ.Дәріханалары жоқ ауылдық елді мекендерде дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етудің қолжетімділігін ұйымдастыру үшін жылжымалы дәріхана пункттерін ашу қажеттілігі бар.
Zhambylokq
Автор

Zhambylokq

Жамбыл облысының Өңірлік комуникациялары қызметі - Ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар