Жамбыл облысының Өңірлік комуникациялары қызметі - Ақпарат агенттігі

Байланыс

  • ato.uvp@mail.ru
  • +7 705 537 5268
  • Тараз қаласы, Ы.Сүлейменов көшесі №5, Шерхан Мұртаза атындағы баспасөз үйі

Жамбыл облысында натрий цианидін өндіретін жоғары технологиялық зауыт салынады

Жамбыл облысында натрий цианидін өндіретін жоғары технологиялық зауыт салынады
ашық дереккөзі
Жамбыл облысында натрий цианидін өндіретін жоғары технологиялық зауыт салынады
Зауыттың іске қосылуы 2025 жылдың 4 тоқсанына жоспарланған. «Altynalmas Reagents» кәсіпорны Шу қаласы «Тараз химиялық паркі» бос экономикалық аймағында орналасқан. Өндірістік қуаты – 25 000 тонна натрий цианиді – алтын өндіретін өнеркәсіп үшін бүгінгі таңдағы басты және таптырмайтын химиялық реагент. Шығарылатын өнім – алтынның гидрометаллургиясында қолданылатын 98%-дан кем емес таза ең жоғары сапалы натрий цианиді. Жаңа кәсіпорында химиялық өндіріс саласындағы әлемдік көшбасшының лицензияланған технологиясы – Chemours (бұған дейін DuPont) қолданылады. Жобалау және құрылыс жұмыстарымен бұған дейін әлемде осыған ұқсас 2 жобаны жүзеге асырған, Glatt Gmbh неміс жетекші инжинирингтік компаниясы айналысуда. Кәсіпорынға еңбекті қорғау және экология саласындағы ең жақсы алдыңғы қатарлы технологиялар мен заманауи стандарттар ендіріледі. Осылайша, мысалы, қоршаған ортаға нөлдік шығарындымен техникалық су айналымының толығымен тұйықталған циклі, қайта өңделетін газды апаттық жағу қоршаған ортаға қауіпсіз болатын жүйе жобалануда. Жобаның жалпы химиялық саланың дамуына қуатты серпін береді, себебі оны жүзеге асыру арқылы химиялық өнеркәсіптің іргелес және ілеспелі салаларына қосымша сұраныс жасауға мүмкіндік туады, сондай-ақ химиялық өнеркәсіп үшін инженерлік-техникалық қызметкерлердің және адамдардың дамуын ынталандырады. Сонымен қатар жобаны жүзеге асыру арқылы 100-ден аса тұрақты жұмыс орны жасалатын болады.
Zhambylokq
Автор

Zhambylokq

Жамбыл облысының Өңірлік комуникациялары қызметі - Ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар