Жаңалықтар
Ақбастау ауылдық округінің әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері
- author Zhambylokq
- 3 қазан, 2023
- 123
Ақбастау ауылдық округінің әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері
Ақбастау ауылдық округінде екі елді мекеннен тұрады. Бірлесу - Еңбек ауылы және Шоқай ауылы. Бірлесу-Еңбек ауылында аула саны – 147, халық саны – 1400. Ал Шоқай ауылында аула саны - 135, халық саны - 810.Округте жалпы 382 аулада 2210 адам тұрады. Қазақтар – 2177 адам, өзге ұлт өкілдері - 33 адам.
Жалпы 7 көшенің барлығы асфальтталған, ұзындығы - 9,8 шақырым. Аудан орталығына дейін 4 шақырым. Округ бойынша жарықтандырылған көшелерге мыналар жатады. Шоқай ауылының кіре-берісінен ескі мектепке дейінгі аралық (0,1600 км) және жаңа мектепке барар жол (0,578 км), Бірлесу-Еңбек ауылының Жапарбеков көшесінің жартысы (0,1000 км), Сатбаев (0,900 км) және Абай көшелері (0,2000 км) толық жарықтандырылған.
Әлеуметтік сала бойынша округ аумағанда жалпы 14 нысан жұмыс істейді. Атап айтқанда әкімшілік ғимарат -1, білім саласында - 2, мектепке дейінгі-3, мәдениет саласында - 2, денсаулықта - 2, ветеринариялық пункт-1, биотермиялық шұңқыр-1, пошта байланыс-1, учаскелік полиция пункті – 1.
Бүгінгі күні округ аумағындағы Бірлесу-Еңбек ауылында Бірлесу-Еңбек орта мектебі (140 орындық), Шоқай ауылындағы №3 орта мектебі (150 орындық) жұмыс атқарады. 50 орындық «Балдаурен» балалар бақшасы және 25 орындықты 2 шағын орталықтар бар.
Жалпы округ бойынша білім ошақтарында 485 оқушы білім алса, мектепке дейінгі мекемелерде 75 бала тәрбиеленуде.
Сонымен қатар, денсаулық саласында Бірлесу-Еңбек ауылында 2008 жылы пайдалануға берілген 10 келушіге арналған фельдшерлік-акушерлік пункт бар. Шоқай ауылында 5 келушіге арналған фельдшерлік-пункт істейді.
Ақбастау ауылдық округінде 2 мәдени ошақ халыққа қызмет етуде. Бірлесу-Еңбек ауылдық клубы – 1970 жылы салынған, 100 – орындық. Ауылдық клубтарда түрлі үйірмелер жұмыс атқарады. Би, қолөнер, домбыра, күрес. Бірлесу-Еңбек ауылындағы және Шоқай елді мекеніндегі кітапханаларда - 9578 кітап қоры бар, оның ішінде - 6962 дана қазақ тіліндегі кітаппен жабдықталған. «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы аясында Бірлесу-Еңбек ауылдық кітапханасы жанынан цифрландырылған ақпараттық орталық ашылған болатын. 2023 жылы 73 келушіге 121 анықтама берілді.
Жеке секторда қызмет көрсету нысандары: Азық-түлік дүкені – 8.
Салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында барлығы 7 спорт нысаны бар. Шағын футбол алаңы – 2, үлкен футбол алаңы-1, волейбол алаңшасы-2, баскетбол алаңшалары мектепте -2. Спортпен шұғылданушылардың қамтылу пайызы – 29%.Спорт нысандарына кіру тегін арнайы кесте бекітіліп, жастардың спортпен шұғылдануына барынша жағдай жасалған. Ақбастау ауылдық округіндегі тұрғын үйлердің газ жүйесіне қосылуы Екі елді мекендегі 380 аула толық газбен қамтылған.
Елді мекенде барлығы 105 шаруа қожалығы тіркелген.
Округ аумағында жалпы жайылымдық жер 3044 гектар, қосымша 225 га жайылымдық жер қосалқы жер қорынан әкімшілік жеріне бекітілді.
Ақбастау ауылдық округі аумағының жалпы жер көлемі 9355 гектар, оның ішінде егістік – 4094 га (суармалы егістік – 2753 га), жалпы жайылымдық жер 3044 гектар. Округ тұрғындарының және шаруа қожалықтарының жеке меншігіндегі мал басы түгелдей есепке алынып, жылдың басына мүйізді ірі қара – 1299 бас, қой мен ешкі- 10695 бас, жылқы-4006 басты құрады.
2023 жылдың 9 айдың қорытындысымен тұрақты жұмысқа-59, әлеуметтік жұмысқа-11, жастар практикасы -5, ақылы қоғамдық жұмыс-48, күміс жас-8, алғашқы жұмыс орын-2, электрондық еңбек биржасы бойынша оқыту-6, бастау бизнес жобасы-29, жаңа бизнес идеяларды іске асыруға мемлекеттік грант -2.
Отбасылық цифрлық карта бойынша зерделеу жұмыстары жүргізіліп- 9 отбасының тұрмыстық жағдайы зерделенді. Ағымдағы жылдың басынан 7 отбасына атаулы әлеуметтік көмек берілді.
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
- авторZhambylokq
- 9 қаңтар, 2025