Жаңалықтар
Енді бос лауазымдарға орналасуға арналған конкурстар тікелей эфирде өткізіледі
- author Zhambylokq
- 7 қазан, 2023
- 57
Енді бос лауазымдарға орналасуға арналған конкурстар тікелей эфирде өткізіледі
Бүгін аймақ басшысы Ербол Қарашөкеев мұғалімдер күніне арналған салтанатты жиынға қатысты. Еліміздің болашағы жарқын, дамыған мемлекетке айналуы үшін аянбай еңбек етіп жүрген мұғалімдер қауымын мерекемен құттықтады.
Мемлекет басшысы педагогтердің қоғамдағы маңызды рөлін айрықша атап өтіп, мектептегі білім сапасы мемлекеттің дамуына тікелей әсер ететінін, мектеп қандай деңгейде болатыны мұғалімге байланысты екендігіне аса назар аударып келеді.
Салтанатты жиында облыс әкімі білім және денсаулық салаларында жаңа өзгерістер енгізуді жоспарлап отырғанын айтты.
Мектептер немесе колледждер директорларының, ауруханалардың бас дәрігерлері бос лауазымдарына орналасуға арналған конкурстарды әлеуметтік желілерде тікелей эфирде көрсету ұсынылды.
Бұл ретте халықтың ойы, пікірі маңызды.
Директор немесе бас дәрігер тағайындалғаннан кейін облыс/қала әкімдігі, басқармалардың және бөлім басшылары өздерінің әлеуметтік желідегі парақшасында қанша үміткер болғандығы, комиссияның шешімімен неге дәл осы үміткерді тағайындағаны туралы толық ақпарат беруі тиіс.
Бұдан бөлек, білім және денсаулық салаларында облыстық деңгейде кадр резерві құрылады. Оның үміткерлері болашақта директор, осы салаға қатысты мекемелердің басшысы бола алады. Мен ардагер ұстаздармен дәрігерлерді үміткерлерді іріктеу жөніндегі комиссияны басқаруға шақырамын. Бұл бағыттағы жұмыс менің жеке бақылауымда болады,-деді Ербол Шырақпайұлы.
Құрметті ұстаздар қауымы кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын! Дені сау, ұлттық сана-сезімі биік, мәдениеті жоғары, парасатты азаматтарды тәрбиелеу жолындағы еңбектеріңіз жана берсін деген тілегін жеткізді.
Келесі мақала