Президент Жолдауын іске асыру: 9 мыңнан астам қазақстандыққа арнайы әлеуметтік төлем тағайындалды
2024 жылғы 1 қаңтардан бастап Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істейтін қызметкерлердің әлеуметтік тұрғыда қорғалуын арттыру жөніндегі жүйелі шараларды іске асыру үшін Қазақстанда арнайы әлеуметтік төлем енгізілді, деп хабарлайды Primeminister.kz.











