ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА 32 АУЫЛ ІШІМДІКТЕН БАС ТАРТТЫ
Жамбыл облысында жүзеге асып жатқан «Арақсыз ауыл» жобасы аясында 32 елді мекен алкоголь өнімдерін сатуды тоқтатты. Бұл шешім ауыл тұрғындарының бастамасымен, прокуратура мен жергілікті уәкілетті органдардың қолдауымен жүзеге асқан.