
Жамбыл облысында жүзеге асып жатқан «Арақсыз ауыл» жобасы аясында 32 елді мекен алкоголь өнімдерін сатуды тоқтатты. Бұл шешім ауыл тұрғындарының бастамасымен, прокуратура мен жергілікті уәкілетті органдардың қолдауымен жүзеге асқан.
Атап айтқанда, Байзақ ауданына қарасты Базарбай ауылы 2025 жылдан бастап спирттік ішімдіктерді саудалауды доғарды.
Бұл туралы Жамбыл облысы Өңірлік коммуникациялар қызметінің «GAP» подкастында аудан прокурорының орынбасары Саяхат Нұрбеков айтты..
— Байзақ ауданы Базарбай ауылы биылдан бастап алкогольдік өнімді сатудан бас тартты. Статистикаға сүйенсек, былтыр осы ауылда 9 қылмыс тіркелді. Биыл алғашқы 3 айдың қорытындысымен 2 қылмыс тіркелді. Осы жобаның нәтижесінде қылмыстың саны төмендеуде, — деді ол.
Саяхат Нұрбековтің айтуынша, ауыл халқы қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікке бейжай қарамай, ұл шешімді саналы түрде қабылдаған.
Келесі мақала