Жаңалықтар
Шу қаласының әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері
- author Zhambylokq
- 13 қазан, 2023
- 522
Шу қаласының әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері
Шу қаласында 45 447 тұрғын бар (аула - 9 406). Қала 8 массивке бөлінген. Олар: Қант зауыты, Тоғай, Жанкулиев, Батыс, Горгаз, Жайсан, Жетісу, Қосқұдық. Бюджет: Қаланың 2023 жылғы бюджеті 938,0 млн. теңгені құрайды. Өткен жылмен салыстырғанда 3 есеге өсіп отыр. Яғни 326,0 млннан 938 млнға артты. Көпқабатты үйлер бойынша Ағымдағы жылдың мамыр айындағы облыстық бюджетті нақтылау барысында 167,0 млн.бөлініп, 9 кптү-ге жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Бүгінгі таңға 119 көппәтерлі тұрғын үйлердің 65-і ас дайындауға пропан балондарын пайдалануда, қалған 54 көппәтерлі тұрғын үйге табиғи газ тартылып, жеке пәтерлер газға қосылған. 2023 ж. 37 үйді табиғи газға қосу жоспарланған. Атап айтқанда 5 қабатты-18 үй, 4 қабатты-11 үй, 2 қабатты-8 үйдің іргесіне газ құбыры жетті. Жылдың соңына дейін ішкі жүйеге жалғанатын болады.Бюджетті нақтылау барысында коммуналдық меншіктегі Жетісу мөлтек ауданындағы 75 пәтерлі 5 қабатты үйді (35277,0 мың тг.) және С.Сейфуллин көшесі бойындағы СПТУ-24 (29923,0 мын тг.) жатақханасын табиғи газға қосу жұмыстарына 65,2 млн. қарастырылып, іске асуда. Нәтижесінде 119 кптү-ң 91 табиғи ғазға қосылып 76,5% құрайды.
Сонымен қатар қаладағы өзекті мәселелердің бірі көп қабатты үйлердің қасбеті мен шатырларының тозығы жетуі. Биылғы жылы 9 үй жөнделетін болса, 2024 жылға 12 үйге жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда. Электр желілері Қалада электр желілерінің жалпы ұзындығы- 275,5 км. Тозуы–70,0%. Қосалқы станциялар саны - 3 дана ("Тоғай" ШҚ 110/35/10 ПС, "Қосқұдық" 35/10 кВ ПС, "Батыс"ОАА-10 кв).Бұл қосалқы станциялар қаланы электр қуатымен қамтуға қуаттылығы жетпеуіне байланысты «Жанкулиев» массивіндегі қосалқы станциясын іске қосу жұмыстары атқарылып, техникалық қызмет көрсетуге облыстық ЖЭС-ке берілді. Подстанция іске қосылды.Сонымен қатар, Шу қаласындағы Жанкулиев массивінде электр желілерінің мәселесі өзекті болып отыр. Соңғы бюджетті нақтылау барысында бюджеттен 169,0 млн. бөлініп Ақарыс, Бекарыс, Жанарыс, Ақбөкен және Ақкербез көшелеріне электр желілері тартылатын болады.Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табатын болады. Көше жолдары Бүгінгі күнге қалада ұзындығы – 204,2 шқ құрайтын барлығы 313 көше бар болса, оның ішінде мүлдем асфальтталмағаны - 181 көше немесе 57,8%.(асфальтталғаны 132 көше немесе 42,2 пайыз)Биылғы жылға қаланың жолын жөндеуге 462 млн 412 мың теңге қарастырылды. (2022 ж 250 млн теңгеге 7,5 шқ жол 14 көше жасалған). Бұл өткен жылмен салыстырғанда 212 миллионға артық. Бөлінген қаражаттың нәтижесінде ұзындығы 24 шқ болатын 27 көше жөнделеді. Оның ішінде 17 көшеге асфаль, 7 көшеге қиыршық тас, 3 көшеге тротуар төселеді. Бүгінде 2 тротуар аяқталып, пайдалануға берілді. Балалар ойын алаңшалары мен стрит воркауттар: Қаланың кішкентай тұрғындарын ойын алаңшаларымен қамту қаперімізден шыққан емес. Биыл қалада 4 орынға замануи үлгідегі балалар ойын алаңшалары мен стрит воркауттар орнатылды. Қазіргі таңда бұл жұмыстар толығымен аяқталып, пайдалануға берілді. Жол қауіпсіздігі бойынша: Жол қауіпсіздігінің алдын алу мақсатында Шу қаласындағы қауіпті аймақтарға 16 жерге 32 жасанды жол кедергілері орнатылды. Сонымен қатар үнемделген қаражат есебінен 222 жол белгілерін орнату жұмыстары жүргізілуде. Жол қауіпсіздігін алдын алу мақсатында Шу қаласының 3 жерінде жаяу жүргіншілер проекторлары орнатылды. Бұл проекторлардың ерекшелігі сол түнгі уақытта алыстан көрінеді. Суағарлар орнатылуда Су жиналып, тұрғындарға қолайсыздық тудырып келген қаладағы 5 жерге кәріз сулары жиналатын арықтар жүргізіледі. Атап айтқанда орталық базар маңындағы Сәтпаев – Түйебеков көшелерінің қиылысында 2 жер, Абдикеримов көшесі бойында 1 жер, Вокзал маңында 2 жерде арық жүйесі болмауына байланысты жаңбыр сулары жиналып, тұрғындарға қолайсыздықтар тудыруда. Абаттандыру және көгалдандыру Теміржол вокзал ғимаратының және аумағын жөндеу мәселесі де өзекті болып отыр. Негізгі ғимараттар «Қазақстан ТЖ» АҚ-ң теңгерімінде болғанымен, вокзалға іргелес жерлер қала аумағында болғандықтан осы аумақтарды жөндеу және абаттандыру мақсатында ЖСҚ-ға қаржы қарастырылып, 2024 жылы іске асыру жоспарымызда бар. Санитралық тазалық: Шу қаласына қосымша қоқыс жинау үшін 4 дана 12 кубтық техникасымен «Green sity» ЖШС қызмет көрсетуде. Сонымен қатар қаланың тұрмыстық қатты қалдықтар тастайтын полигонының жұмысын жүйелендіру бойынша жұмыстарды атқарудамыз. Жеке инвесторға сенімгерлік басқаруға беру арқылы бұл мәселе өз шешімін табатын болады. Яғни жеке инвестор полигонды күтіп ұстап, сонымен қатар қалдықтарды қайта өңдеумен айналысатын болады. Бұл жұмыстар қолға алынды. Алдағы 2 ай көлемінде нақты іске асыруды жоспарлап отырмыз. Сонымен қатар қоқыс жәшіктерін жаңарту мәселесіне де көңіл бөлініп, жыл аяғына дейін басым бөлігі ауыстырылады. Сондай ақ қоқыс жәшіктері тұратын орындарды да кезең кезеңімен ретке келтіруді 2024 жылдан бастап жүзеге асырамыз. Бүгінгі күнге Шу қаласы әкімшілігі тарапынан санитарлық тазалықты қамтамасыз ету мақсатында қаланың негізгі көшелерінің бойына WI-FI камераларды орнаттық. Аталған құрылғылардың көмегімен қала ішіндегі стихиялы қоқыс тастайтын орындар тазаланып, тәртіп бұзғандар әкімшілік айппұл арқалауда. Осынау ақылды камералардың санын әлі де көбейту жоспарымыздла бар. Бүгінгі күнге Шу қаласы әкімшілігі тарапынан санитарлық тазалықты қамтамасыз ету мақсатында қаланың негізгі көшелерінің бойына WI-FI камералар (ақылды бейнекамера орнатылған. Ат алған құрылғылардың көмегімен бүгінде қала ішіндегі стихиялы қоқыс төгетін орныдардың саны азайды. Бұл жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын тауып, WI-FI камералардың санын көбейтетін боламыз.
Жер бойынша (Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым ИКИ және Жеке тұрғын үй құрылысы ЖТҮ
Шу қаласының аумағынан жеке меншік тұрғын үй құрылысына жер телімін сұраған өтініштің жалпы саны бүгінгі таңда 7055 құрайды. Бүгінгі таңда қала аймағынан «Оңтүстік батыс» жаңа тұрғын аумағынан І кезеңдік жаңа тұрғын алқап дайындалып, инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым (электр желі, ауыз су, газ) жүргізілген. 2006-2012 жылдары аралығында кезекте тұрған 1449 өтініш иелеріне жер беру жұмыстары басталған. Жер кезегінде тұрған әрбір азаматтың мекен-жайына жер алу үшін хабарламалар «Казпочта» арқылы жіберіліп, БАҚ беттерінде жарияланған.Бүгінде 590 азаматтың құжаттарын рәсімдеу жұмыстарын жүргізілуде.
Келесі мақала