Жаңалықтар
Жетітөбе ауылдық округінің әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері
- author Zhambylokq
- 11 қазан, 2023
- 51
Жетітөбе ауылдық округінің әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері
Жалпы, ауылдық округтің аумағы 19 097,6 га құрайды, оның ішіндегі егістігі-11654 га, шабындық-24 га, жайылымы 3581 га, бөгде жерлер 693 га, елді мекендер орналасқан жерлер -2234,5 га. Округ бойынша 6 елді мекен бар, 14 көше бар, осы елді мекендер бойынша 529 аула, 3068 тұрғын бар. Округте 14 ұлт өкілдері тұрады. Жалпы халықтың 1615 –і экономикалық белсенді тұрғындар, 845-і жұмыспен қамтылғандар, зейнет жасындағылары -256, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар саны – 427, жұмыссыздар саны – 12, мүгедектер саны -72. Салықтық түсімдер бойынша: Жалпы салықтық түсімдердің жоспары 5 741,0 мың теңге болса бүгінгі күнге орындалғаны 7 374.3 мың теңге 128.4 пайызға орындалды. Ауыз су, газдандыру жалпы инфрақұрылым жүйесі бойынша: Шыңбұлақ, Майбұлақ, Қосмұрат ауылдарына жаңа таза ауыз су жүйесі 2020 жылы, Қоңыртөбе ауылына 2022 жылы тартылып, қазіргі уақытта осы төрт елді мекенде 299 ауланың 264 ауласы таза ауыз су пайдаланып отыр. Газдандыру бойынша округке қарасты 6 елді мекенде 529 ауланың 514 ауласы көгілдір отын пайдаланып отыр. Бұдан бөлек, Кәріқорған,Тасбастау ауылдарына ұзындығы 20,65 шқ. болатын ауыз су жүйесінің құрылысы жүргізіліп жақында пайданауға берілді.«Ауыл -Ел бесігі» жобасы аясында округіміз бойынша 5 жобамен 7 көшеге орта жөндеу жұмыстары жүруде.
Округ бойынша атаулы әлеуметтік көмек алатын 2022 жылы 5 адам болған, қазіргі таңда 2 адам АӘК алады. Әлеуметтік жұмыс орындарына барлығы 23 азамат жұмыспен қамтылды.Тұрақты жұмыс орындарына 47 азамат, жастар практикасымен 1 азамат,ақылы қоғамдық жұмыспен 23 азамат жұмысқа орналасты. «Ауыл аманаты» жобасы аясында жаңадан 87 адам жеке кәсіпкер болып тіркелді.
«Асарлатып үй салу» жобасы аясында былтыр Шыңбұлақ ауылында көпбалалы, табысы төмен отбасына үй салынып берілді. Осы бағдарлама негізінде ауылдағы тұрғындар мен кәсіпкерлер, жер пайдаланушы шаруа қожалықтарының демеушілігімен биыл да Кәріқорған ауылындағы жалғысбасты, мүмкіндігі шектеулі азаматқа құлау алдындағы жағдайға дейін тозған үйінің бір бөлігін бұзып тастап, жаңа бөлме қосып, қайта салынып кешегі «Конституция күні» қарсаңында пайдалануға берілді.
Халықтың тұрмыс жағдайын жақсарту мақсатында «Ауыл аманаты» жобасы бойынша 2,5 пайыздық несиелеу шаралары 2022 жылдың қазан айында басталып, толыққанды 5 бағыт бойынша жұмыс жүргізілді.
І-бағыт: «Үй іргесіндегі жерді тиімді пайдалану» «Ауыл аманаты» жобасына 529 ауланың 513-і қамтылады. ІІ-бағыт: «Ауладағы мал шаруашылығын тиімді пайдалану» 529 ауланың 174-і қамтылады. ІІІ-бағыт: «Тұрғындардың ауыл сыртындағы жер үлесін тиімді пайдалану» қамтылатын қатысушылар саны жоба бойынша 51 құрайды. (Қаражат көлемі 26 272,0 мың.тг.) СПК «Жетітөбе 2022» пайдалануында 886,0 га жер бар, оның 267,4 га Өз шаруа қожалығы жері болып табылады. ІV-бағыт «Кооперативтерді жабдықтау немесе құру» бұл бағытта СПК «Жетітөбе 2022» құрылып, 2022 жылдың 15 қазаны күні мемлекеттік тіркеуден өтті. Басшысы Уразовский Александр Анатольевич-Округке қарасты Кәріқорған ауылының тұрғыны, орыс ұлтының өкілі. V - бағыт: «Тұрғындардың өз кәсібін ашуға н/е кеңейтуге арналған шағын жобаларды қаржыландыру». Осы бағыт бойынша жобада 4 кәсіпкерлік нысан ашу көзделген, өтінімдері жасалып, қолдау тауып отыр.
Округте 288 шаруа қожалық тіркеліп, 10621 га жерді игеріп жұмыс атқаруда. 2022 жылға дейін округте 129 АШ техникалары болса, биыл СПК «Жетітөбе-2022» арқылы жаңадан 4 дана Ловал, 7 дана әртүрлі аспалы тіркемелермен толықты.
Шаруа қожалықтардың алған субсидия көлемі - 128 919 410 тг : (Тұқым шаруашылығы 2 шқ -390 000 тг, АШ техникалары 7 шқ-14 782 750 тг. минералды тыңайтқыш 18 шқ -28 169 100 млн.тг. Өсімдік шар.дамыту 25 шқ-15 263 500.
2023 жыл үшін инвестициялық 7 жобаны іске асыру арқылы 15 адамды жұмыспен қамту жоспарланған.
Биыл 4 азамат әскер қатарына алынды. Күзгі шақырылымға жоспар бойынша 7 азаматты әскерге алуға тапсырма берілген, осы бағытта 24 азамат зерделенуде. Қоғамдық қауіпсіздікті, қылмыс және құқық бұзушылыққа қарсы күресті қамтамасыз ету бойынша жыл басынан округте қылмыс орын алмаған, 223 әкімшілік құқық бұзушылық тіркеліп, хаттама жазылып тиісті көлемде айыппұл салынып, өндірілді.
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
ҰЛТТЫҚ ЖОБАНЫҢ ШЕҢБЕРІНДЕ АУЫЛДА 263 МЕДИЦИНАЛЫҚ НЫСАН САЛЫНЫП, ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ
- авторZhambylokq
- 26 желтоқсан, 2024