Жаңалықтар
Волонтерлік қызметті мемлекеттік қолдау Стандартын енгізу және волонтерлік қызметті дамытудың 2024-2026 жылдарға арналған жол картасы жобасындағы ұсыныстарды жинақтау бойынша жұмысы туралы
- author Zhambylokq
- 12 қазан, 2023
- 106
Волонтерлік қызметті мемлекеттік қолдау Стандартын енгізу және волонтерлік қызметті дамытудың 2024-2026 жылдарға арналған жол картасы жобасындағы ұсыныстарды жинақтау бойынша жұмысы туралы
Облыста волонтерлық қызметті дамыту мақсатында бірнеше ауқымды жобалар іске асырылуда. Волонтерлік дегеніміз – «бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып» әрекет ету деп түсінемін.
Біздің жастар өте тату және белсенді. Өңірде осы жылдың өзінде 13 мыңнан аса (13 715) волонтер волонтерлікпен айналысуда. Қазіргі таңда облыс аумағында волонтері бар 13 ұйым айналыcады.
Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында 36, Тараз қаласы мен барлық аудандық Ресурстық орталықтарының жанынан 11 волонтерлық топтар құрылған.
А.ж. волонтерлік жұмысты жандандыру мақсатында облыс бойынша 12 бағытты қамтыған 1 126 іс-шара өткізіліп, оған 16 593 жас қамтылды.
2022 жылы облыс әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасының «Жастар ресурстық орталығының» Жастардың әлеуметтік жобаларын, жастар бастамаларын қолдау және дамыту мақсатында «Жастар ресурстық орталығында» бөлімі ашылды. Бөлімнің қолдауымен 50-ге жуық жас түрлі бағытта жоба жазуға оқытылып, аталған 50 жас «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының» 300 және 500 мың теңгелік республикалық шағын гранттарына қатысып, оның ішінде жамбылдық 28 жас грант иегері атанды.
2023 жылы «Шағын гранттарға қатысу, жобалар жазу» және өңірдегі волонтерлікті дамыту бойынша 6 оқу орындарында бастамашыл топ өкілдеріне 20 оқыту іс-шаралары өтті. Іс-шаралардың басты мақсаты шағын гранттар жобасын іске асыру арқылы жастардың жан-жақты дамуы және жаһандық азаматтықты дамыту. Оқытуға облыс волонтерлері, Жамбыл жоғары медициналық колледжінің студенттері, Дулати университетінің студенттері, Ш.Мұртаза атындағы Тараз инновациялық институтының студенттері мен түрлі ұйымдардың белсенділері қатысты. Оқытуларға барлығы 350-ден аса жас қатысып, түрлі бағыттар аясында Жамбыл облысы барлығы 15 шағын грант жеңіп алды.
Бағдарламаның өңір жастары үшін маңыздылығын ескере отырып, келесі жылы бұл жоспарды ұлғайту көзделуде.