Жаңалықтар
Меркі ауылдық округінің әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері
- author Zhambylokq
- 17 қазан, 2023
- 80
Меркі ауылдық округінің әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері
Меркі ауылында жалпы халық саны 17241 адамнан тұратын 2 елді-мекеннен (Меркі, Меркі Шипажайы) құралған, аудандағы ең үлкен округ болып табылады. Меркі ауылындағы халық саны-17117, аула саны -3805, Меркі шипажайындағы халық саны-125, аула саны -58, Жалпы 54 көше бар. Меркі ауылдық округі көп ұлт өкілдерден құралған. Атаулы әлеуметтік көмек бағдарламасы бойынша: 2023 жылдың 9 айында округ аумағында тұратын 99 отбасы 541 адам, 2022 жылдың 9 айында 143 отбасы 806 адам құжат тапсырып атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып, қаржысы толығымен төленді. 2023 жылмен салыстырғанда өсу – кему динамикасы бойынша 0,2 пайызды құрады.
Ауылдық округ бойынша күн көрісі төмен отбасылар саны –16.
Ауыл әкімі тарапынан көрсетілген көмектер:
- 63 отбасыға азық-түлікпен қаржысы 750000 мың тенгені құрады.
- 1 отбасына 40000 теңге көлемінде қаржылай көмек берілді.
Сонымен қатар жыл басынан бері 25 отбасына 30000 теңгеден 1 реттік қайырымдылық көмек көрсетілді. Кәсіпкерлік саласы бойынша кәзіргі таңда іске асырылғаны -6 жоба, жоба құны-487 млн.тг,тұрақты жұмыспен қамтылғандар-21 2023 жылы іске асыралатын -7 жоба, жоба құны-567 млн тг, тұрақты жұмыспен қамту-50 адам
2024 жылы іске асырылатын-5 жоба, жоба құны 750 млн.тг, тұрақты жұмыспен қамту-32 адам
2025 жылы іске асырылатын-2 жоба, жоба құны 135 млн.тг, тұрақты жұмыспен қамту-11 адам
2026 жылы іске асырылатын-2 жоба, жоба құны 500 млн.тг, тұрақты жұмыспен қамту-24 адам
2027 жылы іске асырылатын-2 жоба, жоба құны 650 млн.тг, тұрақты жұмыспен қамту-15 адам Ауыл шаруашылығы саласы бойынша 82,9 млн. теңгенің өнімі өндіріліп, нақты көлем индексі 100,0 % құрады. Оның ішінде: өсімдік шаруашылығы бойынша өндірілген жалпы өнім көлемі 42,4 млн. теңге құрады Мал шаруашылығы бойынша өндірілген жалпы өнім көлемі 40,5 млн. теңге құрады. (2023 жылы 82,9 млн.теңге).2023 жылдың өнімі үшін ауыл шаруашылығы дақылдарының егістік көлемін барлығы 465 гектарға орналастырылды. Бұл 2022 жылмен салыстырғанда 118,0 пайыз. Мал шаруашылығы саласы бойынша 2023 жылдың қантар-тамызында мүйізді ірі қара 1267 басқа (1013 бас, 125%), қой-ешкі 6546басқа (5918бас, 110,6 %), жылқы 703басқа (672 бас, 104,6 %), құс 13051 басқа (10 089бас,129.3 %) көбейді. Денсаулық сақтау саласы: Округ аумағында орталық емхана және аудандық аурухана жұмысжасауда. Аталған мекемелерде толықтай материалдық техникалық базамен жабдықталған. Дене шынықтыру және спорт саласы. Есепті кезеңде 19 бұқаралық-спорттық іс-шаралар ұйымдастырылып, оған 860 адам қатысты. Округ аумағында ауыл тұрғындарынан құралған футбол, волейбол, көкпар командалары бар. Осы аталған командалар аудандық турнирлерде жүлделі орындарға ие болуда. Жастар мәселелері: Округ бойынша 35 жасқа дейінгі 5045 жастар тіркелген. Оның ішінде Өзге ұлттар 1821 жас 14 -18 жас аралығындағы жастар 1460 жас 15 жас волонтерлар есебінде, яғни қоғамдық іс-шараларды ақтарушы жастар.Олар көбінесе ауыл қарттарына, жалғызілікті зейнеткерлерге және мүгедек жандарға үй шаруасында көмектер көрсетіп келеді. 29 жасқа дейінгі жастар саны – 3450 жас Жұмыссыз жастар саны – 92 адам, Жастардың жұмыссыздық деңгейі – 2,7%. Дипломмен ауылға бағдарламасы аясында 3 маман жолданған. NEET санатындағы жастар саны 51 жас, Қоғамдық жұмысқа тіркелген жастар саны -7 жас, Жастар тәжірибесімен тіркелген жастар саны – 2жас, Жас кәсіпкерлер саны – 15 жас.
Ауылдық округте көктемгі мезгілдерде әскерге шақыру жұмыстары жүргізіледі. Әскер қатарында жүрген жастардың саны 15 жас, жарамсыздар жастар саны – 5 жас мүгедек жастар саны - 25. 1 топ -7, 2 топ -8, 3 топ- 10. Меркі ауылдық округінде жүйелі түрде спортпен шұғылданушылар саны – 3177. 3 спорттық іс-шара өткізілді, яғни мини футбол – 2, волейбол – 1, өткізілді. Ауыз су жүйесі: 2 елді мекеннің барлығына орталықтандырылған ауыз су жүйесі тартылған. Округ бойынша жалпы 3863 ауланың 3856 яғни 99,8% орталықтандырылған ауыз су жүйесімен қамтамасыз етілген. Газдандыру жүйесі: 3863 ауланың 3858 немесе 99,8% көгілдір отынмен қамтамасыз етілген. Ал қалған 5 ауланы яғни Меркі ауылындағы жаңа алқаптарын көгілдір отынмен қамтамасыз ету 2024 жылға жоспарланған. Электр жүйесі: 2 елді мекеннің барлығы электр жүйесімен қамтамасыз етілген. Автомобиль жолдары:Ауыл ішілік жолдардың яғни көшелердің саны 54, көшелердің ұзындығы 120 км. Оның ішінде: қатты жабынмен (асфальт), саны/шқ-117 км. Жолдың жағдайы, оның ішінде: Жақсы, саны/шқ-75 км. Қанағаттанарлық, саны/шқ-40 км.Жөндеуді қажет ететін жол ұзындығы, саны/шқ-5 км.
Ауылдық округке қарасты 13 көшедегі түнгі жарықтандыру шамдарына ауылдық округ тарапынан күнделікті зерделеу жүргізіледі. Нәтижесінде Ә.Исмаилов көшесі бойындағы 2 жер асты өткелінің шамдары толығымен ауыстырылды, сондай-ақ ауылдық округ аппаратының теңгеріміндегі бағаналарда 146 дана ЛЭД шамдары және 24 ою-өрнек жарықтары ауыстырылды.
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
ҰЛТТЫҚ ЖОБАНЫҢ ШЕҢБЕРІНДЕ АУЫЛДА 263 МЕДИЦИНАЛЫҚ НЫСАН САЛЫНЫП, ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ
- авторZhambylokq
- 26 желтоқсан, 2024