Жаңалықтар
Республика күнінде заңсыз митинг ұйымдастыруға жол берілмейді - ІІМ
- author Zhambylokq
- 17 қазан, 2023
- 31
Республика күнінде заңсыз митинг ұйымдастыруға жол берілмейді - ІІМ
Әлеуметтік желілерде полиция көліктері колоннасының видеосы тарап жатыр: видео авторлары "құқық қорғау органдары 25 қазанда өтетін митингіге дайындалып жатыр" деген болжам жасап отыр. Бұл қауесеттерге Игорь Лепеха үкіметте өткен баспасөз мәслихатында түсініктеме берді.
"Біздің елде әскери колонна бір жаққа қарай жүрсе, бұл (әлеуметтік желі қолданушыларының айтуы бойынша. – ред.) соғыс басталды, қандай да бір митинг болып жатыр дегенді білдіретіндей. Кім қай жылы қайда барғанын және 17 қазанда біз неге дайындалуымыз керек екенін білмеймін. 25-і біз үшін мемлекеттік мереке. Біз, әрине, оған дайындалып жатырмыз. Біз күшейтілген режимде жұмыс атқарамыз. Біз қазір барлық іс-шаралар туралы әкімдіктерден ақпарат сұрадық, қоғамдық тәртіпті сақтауды қамтамасыз етеміз. Ал 25 қазандағы шақыруларға (митингтерге – ред.) келсек. ҚДТ (Қазақстанның демократиялық таңдауы, тыйым салынған экстремистік қозғалыс. – ред.) мүшелерінің үндеулері бар. ҚДТ – елдегі қызметі заңсыз болып саналатын экстремистік ұйым және, әрине, біз оларға ешқандай митинг өткізуге рұқсат бермейміз".Игорь ЛепехаІшкі істер министрлігі басшысының орынбасары әкімдіктермен келісілген митингілерге шыққандар ұсталмайтынын айтты.
"Өтетін орны мен мақсаты заңға сәйкес болса, әкімдіктер рұқсат береді. Біз жергілікті атқарушы органдармен пысықталатын өтініштерді қараймыз. Рұқсат етілгенді қорғаймыз. Тыйым салынғанға, әрине, шара қолданамыз".Игорь ЛепехаӘлеуметтік желі арқылы митингке шығуға үндегендер жөнінде сөз қозғай келе, министрдің орынбасары діни немесе әлеуметтік араздық тудыратын болса, полиция оған араласатынын атап өтті.