Жамбыл облысының Өңірлік комуникациялары қызметі - Ақпарат агенттігі

Байланыс

  • ato.uvp@mail.ru
  • +7 705 537 5268
  • Тараз қаласы, Ы.Сүлейменов көшесі №5, Шерхан Мұртаза атындағы баспасөз үйі

Аса ауылдық округінің әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері

Аса ауылдық округінің әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері
ашық дереккөзі
Аса ауылдық округінің әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері
Аса ауылдық округінде екі елді мекен Аса ауылы аула саны - 2 251, халық саны - 12 100. Рахат ауылы саны - 87, халық саны - 303. Олардың ішінде қазақтар – 12 272 адам, өзге ұлт өкілдері - 405 адам. Округ бойынша  2 338 аулада 12 677 адам тұрады. Жалпы 57 көше толық асфальттанған ұзындығы - 48,5 шақырым.41 көшеге түнгі мезгілге жарық жүргізілген - 36,2 шақырым яғни, 71,9 %. Бүгінгі күні округ аумағында Аса ауылында 350 орындық Б.Момышұлы мектеп-гимназиясы, 800 орындық №1 орта мектебі, 600 орындық Ю.Гагарин мектеп-лицейі, 340 орындық аудандық мәдениет үйі, 1400 оқушысы бар «М.Төлебаев» атындағы өнер мектебі, 1400 оқушысы бар «Техникалық шығармашылығы және кәсіби бағдар беру орталығы», 250 келушіге арналған аудандық емхана мен 150 стационарлық орындық аудандық аурухана, 280 орындық «Балдырған» бөбекжай-бақшасы, 140 орындық «Сәуле» бөбекжай-бақшасы, 75 балаға арналған жеке меншік «ЕРТЕГІ» және 200 балаға арналған жекеменшік «AI-DANA» балабақшалары бар. Ал Рахат ауылында 50 орындық Рахат бастауыш мектебі бар. 5 келушіге арналған Рахат медициналық пункті жұмыс істеуде. Жалпы  округ бойынша білім ошақтарында 2793 оқушы білім алса, мектепке дейінгі мекемелерде 695 бала тәрбиеленуде. Сонымен қатар денсаулық саласында 2004 жылы пайдалануға берілген 115 төсектік орынға арналған аудандық аурухана. 2014 жылы пайдалануға берілген ауысымына 115 келушіге арналған аудандық емхана бар.Рахат ауылында 5 келушіге арналған Рахат медициналық пункті жұмыс істеуде. Аса ауылдық округінде 115 – орындық Жамбыл  аудандық мәдениет үйі бар. 1400 оқушыға арналған «М.Төлебаев» атындағы өнер мектебі және 1400 оқушыға арналған «Техникалық шығармашылығы және кәсіби бағдар беру орталығы» бар. Аса ауылында Жамбыл аудандық кітапханасы бар. Ондағы кітап қоры – 214 169  мемлекеттік тілде – 133 319. Жеке секторда қызмет көрсету нысандары: Дүкен - 59, шаштараз - 9, нотариус - 4, жем-ұн сату орны - 2, автокөлік жөндеу орны - 5, жанар-жағармай құю станциялары - 8, дәмхана-шәйхана - 9, наубайхана - 2, дәріхана - 4, мал дәріханасы - 2, тігін шеберханасы - 3, монша  - 1 бар. Қазіргі таңда ауылдағы спорт нысандарының жалпы саны 33. Оның ішінде Аса ауылдық округінің аппаратына қарасты 8 спорт нысыны бар, атап айтсақ 4 кіші футбол алаңы, 2 стритворкаут алаңы, 1 баскетбол алаңы, 1 волейбол алаңы бар. Аса ауылында халақ саны 12677 спортпен шұғылданушылар 38% құрап отыр. Спортпен шұғылданушылардың жалпы саны 4817. Оның ішінде: 6-13 жас аралығында - 2670, 14-35 жас аралығында - 1136, 35 жастан жоғары - 980, Зейнеткер - 24, Мүмкіндігі шектеулі - 7. Ауыл тұрғындарының дене шынықтырумен және спортпен шұғылдануы үшін нысанның барлығы қолжетімді. Округ аумағында барлығы 145 шаруа қожалығы тіркелген.2023 жылдың 9 айында 1 648 га. егін егілді. (оның ішінде: бидай – 100 га, арпа – 655 га, дәндік жүгері – 80 га, қант қызылшасы – 96 га, көкөніс – 370 га, бақша – 87 га, жаңа жоңышқа - 260 га) Ауылдық округ аумағында есеп бойынша мүйізді ірі қара мал саны – 3346 бас, уақ мал – 19150, жылқы – 1900 бас, құс – 3050 басты құрап, алдыңғы жылмен салыстырғанда мал санының өсімі артқан.Халықтың әлсіз топтарын қорғау – мемлекет саясатының басым бағыттарының бірі екенін баршаңыз жақсы білесіз. Мұндай қамқорлықтан бұл ауылдың тұрғындары да шет қалған жоқ. Атаулы әлеуметтік көмек 114 отбасына, тұрғын үй көмегі 3 отбасына, үйде тәрбиеленіп оқытылатын мүгедек 17 балаға көрсетілді. Тұрғындар арасында мемлекеттік бағдарламаларды насихаттау бойынша 2 семинар, 4 кездесу ұйымдастырылды. Құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында 4 жаңа бейнебақылау камерасы орнатылған.    
Zhambylokq
Автор

Zhambylokq

Жамбыл облысының Өңірлік комуникациялары қызметі - Ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар