Жамбыл облысының Өңірлік комуникациялары қызметі - Ақпарат агенттігі

Байланыс

  • ato.uvp@mail.ru
  • +7 705 537 5268
  • Тараз қаласы, Ы.Сүлейменов көшесі №5, Шерхан Мұртаза атындағы баспасөз үйі

Облыс әкімі сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шараларын күшейтуді тапсырды

Облыс әкімі сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шараларын күшейтуді тапсырды
ашық дереккөзі
Облыс әкімі сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шараларын күшейтуді тапсырды
Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеевтің төрағалығымен жергілікті атқарушы органдарындағы  сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және алдын алу мәселесі бойынша кеңес өтті. Мемлекет басшысы сыбайлас жемқорлықпен ымырасыз күресу – біздің саясатымыздағы негізгі басымдықтың бірі екенін атап өткен болатын. Заң үстемдігін орнатып, нағыз құқықтық мемлекет құру үшін, ең алдымен, жемқорлықтың тамырына балта шабу керекпіз. Аймақ басшысы өз сөзінде осыған айрықша назар аудартып, мемлекет тарапынан сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және алдын алу бағытында түрлі жобалық тәсілдер енгізіліп жатқанын атап өтті. Сондай-ақ, облыс әкімі тәуелсіз зерттеулер нәтижесі бойынша Жамбыл өңірінің жемқорлық көрсеткіші жақсы еместігіне көңіл бөліп, алдын алу, тәуекелдерін жою жұмыстарын күшейту керектігін баса айтты. Кеңестің күн тәртібіндегі мәселелер бойынша облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары Ерлан  Байболат баяндама жасап, жергілікті атқарушы органдардағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және алдын алу жұмыстарының ағымдағы жылдың 9 айындағы қорытындысы туралы тоқталды. Облыста сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және алдын алу шаралары 4 бағытта іске асырылады десек, бұл бағыттар бойынша 13 тапсырма, 36 қосалқы тапсырма қарастырылған. Баяндамашы осы тапсырмаларды орындауда сылбырлық танытып отырған бірқатар басқармалар мен аудандарды атады. Сондай-ақ, жиында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыс бойынша департаментінің бастығының бірінші орынбасары Дәурен Омаров сөз алып, жергілікті атқарушы органдардың қызметіне жүргізілген талдау нәтижелері туралы хабарлады. Ербол Қарашөкеев Президенттің Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасының облыста іске асырылу барысын сұрады. Аймақ басшысы кемшіліктерге жол беріп отырған аудандар мен басқарма басшыларынан жауаптар алды. Білім беру мен денсаулық сақтау салаларындағы тұрмыстық сыбайлас жемқорлық тәуекелдері алаңдаушылық туғызып отырғанына айрықша тоқталған облыс әкімі барлық бағытта ашықтықты қамтамасыз ету керектігін баса айтты. - Есеп бергенде бәрі жақсы. Алайда, шынайы жағдай ойландырмай қоймайды. Ағымдағы жылдың 9 ай қорытындысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмыстардың нәтижелері көңіл көншітпейді. Бұл ретте алдын алу, тәуекелдерін жою бойынша бірлескен нақты шараларды күшейту маңызды,-деген Ербол Қарашөкеев жауапты тұлғаларға нақты міндеттер жүктеп, кемшілікке жол берген басшыларды жауапкершілікке тарту шараларын қарастыруды тапсырды.
Zhambylokq
Автор

Zhambylokq

Жамбыл облысының Өңірлік комуникациялары қызметі - Ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар