Жамбыл облысының Өңірлік комуникациялары қызметі - Ақпарат агенттігі

Байланыс

  • ato.uvp@mail.ru
  • +7 705 537 5268
  • Тараз қаласы, Ы.Сүлейменов көшесі №5, Шерхан Мұртаза атындағы баспасөз үйі

Ноғайбай ауылдық округінің әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері

Ноғайбай ауылдық округінің әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері
ашық дереккөзі
Ноғайбай ауылдық округінің әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері
Ноғайбай ауылдық округі аудан орталығынан - 18 шақырым қашықтықта орналасқан. Округтің аумағы 41 301,2 га құрайды.Ауылдық округте үш елді мекен орналасқан:Ноғайбай, Шарбақты, Сарыбастау ауылдары. Округ бойынша  тұрғындар саны – 2526. Жалпы инвестиция тарту көлемі – 204 785,0 мың теңгені құрап отыр. Оның ішінде: ауылшаруашылық техникасын сатып алу 69 650,0 мың. тг, мал қорасын салу 135 000,0 мың теңге. Егін және мал шаруашылығымен айналысатын шаруақожалықтардың саны 82. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер саны – 2. Жеке кәсіпкерлер саны 88 әртүрлі сала бойынша жұмыс жасайды.Шаруа қожалықтарының барлық жер көлемі – 37901,2 га, оның ішінде жайылым- 29834,0 га, егістік жерлері- 7696,4 га, суармалы-777 га. Округ бойынша шаруа қожалықтарда барлығы 7676 га жерге егістік егілді. Оның ішінде: 2023 жылы күздік бидай – 2652 га, арпа – 1314 га, жүгері – 40 га, сафлор 20 га,  көп жылдық шөп 500 га егілді. Мүйізді ірі қара мал саны – 5176, ұсақ мал саны – 43972, жылқы саны – 1786 бас, ал құстар – 5755. Округ бойынша жалпы 47 мал қоралар бар. Жыл басынан округ бойынша  барлығы 55 бас қаңғыбас иттер жойылды.        2023 жылы 4,5 шақырым қашықтыққа орташа жөндеу жұмысы жүргізілді. Ауылішілік жолдарды жөндеу мәселесі бойынша Шарбақты ауылындағы Ноғайбай би көшесіне орташа жөндеу жұмысын жүргізу мақсатында  аудандық бюджеттен  қарастырылып, 2 шақырым 200 метр жол төселінді, ал  2024 жылы 69 062,0 млн тг-ге шамамен 4,8 шақырым жолды жасағанға өтпелі кезеңге қалдырылды. Округімізде ауыз су, табиғи газ құбырларын тарту барысында соңғы 2 жылда қазба жұмыстары жүргізілуде. Ауыл тұрғындарының өтінішіне сәйкес  5 көшеге тас шағалы төселініп, ағымды жөндеу жұмыстары ұйымдастырылды. Нәтижесінде жалпы округ бойынша ауылішілік жолдардың жақсы жағдайдағы үлесі 18 % құрайды. 2024 жылға «ауыл ел бесігі» бағдарламасына 5 көшеге сметалық құжаттамасы әзірленіп, сараптамалық қорытындылары дайындалып, аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөліміне өтінім берілді. Округте барлығы 22 көшенің 4 көшесінде  жарықтандыру бар. 2023 жылы аудандық бюджеттен 1049,0 мың теңге қаржы қарастырылып, техникалық қызмет көрсетуге 333,0 мың теңге жұмсалып, көше жарықтарына 716,0 мың теңге төленді.     Бүгінгі күнге Ноғайбай, Сарыбастау, Шарбақты  ауылдарына газ құбырының магистралі жүргізіліп, жұмыстары аяқталды. Қазіргі таңда «ҚазТрансГаз аймақ» АҚ мен ТҮКШ және АЖ бөлімі тарапынан қабылдау жұмыстары жүргізілуде. «Қордай-су» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынының теңгерімінде. Ноғайбай ауылы бойынша – 242 тұрғын үй қосылған, қалған 36 үйде жеке құдықтары бар, 194 үйге су қосылмаған. Ноғайбай ауылында ауыз су құбырларының ескіруіне байланысты күніне 2 сағатқа су беріледі. Ноғайбай ауылында қызмет көрсететін желілермен су алу құрылыстары мен су құбыры желілерінің құрылысын салу жұмыстары жүргізілуде. Ағымдағы жылдың қазан айында магистральдік құбырларға ауыз суды жіберіп тексеру жұмыстары жүргізілді. Аяқталу мерзімі ағымдағы жылдың соңы. Қысқа мерзімді кәсіптік оқумен 2, алғашқы жұмыс орындарымен 1,  күміс жаспен 6, «Жастар тәжірибесі» бағдарламасы бойынша 7 жас маман жұмыспен қамтылды. Сондай-ақ аудандық халықты жұмыспен қамту орталығы арқылы 42 жұмыссыз азамат ақылы қоғамдық жұмысқа тартылды. Қайтарымсыз грантпен есепті жылы 2 азамат қамтылды.Тұрақты жұмыспен қамтылғандар саны 62 азамат. «Жомарт  түлек» жобасы аясында Ноғайбай ауылының жастары және ауылдан шыққан  жомарт түлектер Ноғайбай ауылы «Дүйсенбі-халфи» мешітіне 800,0 мың теңгеге  жылы еден жасады. Сарыбастау ауылында  500 мың теңгеге жоспарланған кішігірім бассейн қолдануға берілді. 2023 жылы бірнеше жылдан бері жалдамалы пәтерде тұрып жатқан Ноғайбай ауылының тұрғыны Т.Байбутаровтар әулиетіне  4 бөлмелі үйге күрделі жөндеу жұмысы жасалынып, пайдалануға берілді. Сонымен қатар көп балалы (К.Конарбаева, Б.Дуйсебаева) екі отбасы қайырымдылық қорлардың көмегімен  баспаналы болды. Округте 2023 жылы 5 қылмыс тіркелген (ұрлық). 2022 жылы 9 қылмыс тіркелген. 55 пайызға айзайған.              
Zhambylokq
Автор

Zhambylokq

Жамбыл облысының Өңірлік комуникациялары қызметі - Ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар