Жамбыл облысының Өңірлік комуникациялары қызметі - Ақпарат агенттігі

Байланыс

  • ato.uvp@mail.ru
  • +7 705 537 5268
  • Тараз қаласы, Ы.Сүлейменов көшесі №5, Шерхан Мұртаза атындағы баспасөз үйі

«Басты саланың - басым бағыттары»

«Басты саланың - басым бағыттары»
ашық дереккөзі
«Басты саланың - басым бағыттары»
Биылғы жылы ауыл шаруашылығы саласын қолдауға                  56,9 млрд. теңге қаржы қаралса, оның ішінде субсидияға - 27,0 млрд. теңге бөлініп, бүгінгі күні оның 20,0 млрд. теңгесі облыстағы                 10 310  шаруашылыққа төленді. Қаржының 74,0%-ы игерілді. Қалған қаражат қант қызылшасын жинау жұмыстарының нәтижесі бойынша өтелетін болады. Одан бөлек, кредит және трансферттерге («Ауыл Аманаты») - 24,9 млрд. теңге, басқа да кіші бағдарламаларға - 1,3 млрд. теңге бөлінді. Сондай-ақ, қуаңшылыққа байланысты Үкіметтің резервінен бөлінген 3,6 млрд. теңгенің 2,1 млрд. теңгесі 283 шаруашылыққа өтеліп берілді. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда. Нәтижесінде жыл басынан бері 498 682,9 млн. теңгенің ауыл шаруашылығы өнімі өндіріліп, нақты көлем индексі 93,9% құрады. егін шаруашылығында - 317 917,7 млн. теңгенің (НКИ - 89,9%), мал шаруашылығында - 180 348,5 млн. теңгенің (НКИ - 102,3%) Сондай-ақ, жыл басынан бері ауыл шаруашылығының негізгі капиталына 33,7 млрд. теңге  инвестиция тартылып, өткен жылмен салыстырғанда 170,5%-ға артса, тамақ өнімдері өндірісінің негізгі капиталына 2,4 млрд. теңге инвестиция салынып, 147,4%-ға өсті. Биылғы ауыл шаруашылығы дақылдары 762,5 мың гектарға орналастырылып, өткен жылмен салыстырғанда (2022 жыл – 756,0 мың га) 6,5 мың гектарға ұлғайды (407,2 мың га дәнді және дәнді бұршақты дақылдар, 65,6 мың га майлы дақылдар, 59,8 мың га көкөніс-бақша дақылдары, 11,3 мың га картоп, 10,8 мың га қант қызылшасы және 207,6 мың га мал азығы дақылдары) Егін жинау науқанында 379,7 мың гектар масақты дәнді дақылдардан 362,8 мың тонна өнім алынды. Сондай-ақ, 446,3 мың тонна бақша дақылдары, 1 181,8 мың тонна көкөніс, 257,2 мың тонна картоп жиналды. Ал, қант қызылшасынан бүгінгі күні 150,3 мың тонна өнім жиналып, 135,6 мың тоннасы қант зауытына өткізілді. Айта кету керек, биылғы жылы 459 гектар қант қызылшасына тамшылатып суару технологиясы енгізілсе, 1 939 гектарға жаңбырлатып суару технологиясы енгізілді. Жалпы ағымдағы жылы 57,3 мың гектарға су үнемдеу технологиялары енгізілсе, оның 38,9 мың гектарына тамшылатып, 18,3 мың гектарына жаңбырлатып суару технологиясы енгізілді. Биылғы жылы облыста 1885 дана ауыл шаруашылығы техникаларын алу арқылы, 15%-ға жаңарту көзделсе, бүгінгі күні барлығы 1283 техника (8 комбайн, 306 трактор, 969 басқа да техника) алынып, 10,5%-ға жаңартылды. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда. Сонымен қатар, мал қыстау науқанына 2 104,5 мың тонна пішен,  87,3 мың тонна пішендеме, 413,4 мың тонна сабан, 81,0 мың тонна сүрлем дайындалды. Жыл басынан бері облыстағы жалпы мал саны 4,5 млн. басқа жетіп, өсім 7,9%-ды құрады. Мүйізді ірі қара - 5,8%-ға,  қой мен ешкі - 8,2%-ға,  жылқы - 9,7%-ға және құс саны - 6,2%-ға артты. Ет өндірісі – 3,6%-ға, сүт өндірісі – 1,4%-ға ұлғайды. Агроөнеркәсіп кешеніндегі инвестициялық жобаларды іске асыру жол картасы аясында 2023 жылы  8,6 млрд. теңгеге 7  жоба іске асырылып, 159 жұмыс орындарын құру жоспарланған. Бүгінгі күні 4,2 млрд. теңгені құрайтын 3 жоба іске асырылды. («Тараз» ОРЦ - 2,4 млрд. теңге, Т.Рысқұлов ауданы, «Шалқар» ШҚ - 680 млн. теңге, Шу ауданы, «Матышев» ЖК - 1,2 млрд. теңге). Қалған 4 жоба жылдың соңына дейін іске қосылады. Сонымен қатар, 2024 жылы Солтүстік Қазақстан облысының тәжірибесін кеңінен қолдану мақсатында 19,2 млрд. теңгеге 14 жобаны  іске асыру көзделуде (3 сүт тауарлы фермалары, 6 көкөніс сақтау қоймалары, 5 су үнемдеу технологиялары) Жалпы 2023-2026 жылдары 374,1 млрд. теңгені құрайтын 28 жоба іске асырылып, 969 жұмыс орындарын құру күтілуде.
Zhambylokq
Автор

Zhambylokq

Жамбыл облысының Өңірлік комуникациялары қызметі - Ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар