 
 Кәсіпорын қызметінің басты мақсаты – жас ерекшелігіне қарамастан мүмкіндігі шектеулі азаматтардың өмірге белсенді көзқарасын қалыптастыру, дене шынықтыру мен спортпен тұрақты түрде айналысу қажеттілігін арттыру, сондай-ақ Паралимпиадалық, Паралимпиадалық емес және Сурдлимпиадалық спорт түрлерін дамыту болып табылады.
КАДРЛЫҚ ҚҰРАМ
2025 жылы кәсіпорынның штаттық бірлігі 41,25-тен 48 адамға дейін өсті. Оның ішінде:
• әкімшілік-басқарушылық қызметкерлер – 5,
• оқу-қосалқы персонал – 14,
• педагогикалық құрам – 25,
• шаруашылық қызметкерлер – 4 адам.
Кәсіпорында 5 мүмкіндігі шектеулі адам тұрақты жұмыспен қамтылған.
Бүгінгі күні спорт клубында 16 спорт түрі қамтылып, жалпы 385 спортшы тұрақты түрде шұғылданады. Оқу-жаттығу үдерісін 30 жаттықтырушы, оның ішінде 2 жаттықтырушы келісімшарт негізінде жүргізеді.
Жаттықтырушылар қатарында Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушылары:
• жүзуден – Бейсембаев Саттар Ерғалиевич,
• еркін күрестен – Қонысбаев Ерназар Дүйсенович,
• сурдотаеквондодан – Ан Александр Викторович,
• паратаеквондодан – Есильбаев Нұржан Чалобаевич,
• қол күресінен – Трубин Виталий Анатольевич еңбек етуде.
АУДАНДЫҚ ДЕҢГЕЙДЕГІ СПОРТШЫЛАР
Клубқа аудандық жерлерден де спортшылар тартылған. Барлығы 29 спортшы тіркелген, оның ішінде:
Байзақ – 1, Жамбыл – 1, Тұрар Рысқұлов – 2, Талас – 16, Сарысу – 3, Жуалы – 1, Шу – 1, Қордай – 2, Меркі ауданынан – 2 спортшы.
Сонымен қатар, Талас ауданындағы «Үміт» мектеп-интернатында паралимпиадалық отырып ойнау волейбол спорт түрі ашылып, сол жерде тұратын жаттықтырушыға арнайы жұмыс орны құрылды.
ҰЛТТЫҚ ҚҰРАМА САПЫНДАҒЫ ЖАТТЫҚТЫРУШЫЛАР
Клуб жаттықтырушылары арасында бірқатар мамандар ұлттық құрамаларда қызмет атқаруда:
• пара жеңіл атлетикадан – Мамашаев Тахир,
• пара таеквондодан – Есильбаев Нұржан (бас бапкерлер),
• пара пауэрлифтингтен – Греев Руслан,
• сурдо еркін күрестен – Қонысбаев Ерназар,
• пара армрестлингтен – Трубин Виталий және Мойсиади Диана (аға жаттықтырушылар).
АЙ САЙЫНҒЫ АҚШАЛАЙ ТӨЛЕМДЕР
Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің 2025 жылғы 11 тамыздағы №159 бұйрығына сәйкес, 85 спортшы мен 2 жаттықтырушыға ай сайынғы ақшалай төлемдер қарастырылған.
ЖЕТІСТІКТЕР
2025 жылы клуб спортшылары 16 спорт түрі бойынша 25 оқу-жаттығу жиынын өткізіп, 5 облыстық, 43 республикалық, 21 халықаралық жарысқа қатысып, жалпы 239 алтын, 168 күміс, 134 қола медаль жеңіп алды.
ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ БОЙЫНША:
• 10 спортшы – халықаралық дәрежедегі спорт шебері,
• 4 спортшы – Қазақстан Республикасының спорт шебері,
• 14 спортшы – спорт шеберіне кандидат атағын алды.
Сонымен қатар, 2 жаттықтырушыға – сурдотаеквондодан Ан Александр Викторовичке және паратаеквондодан Есильбаев Нұржан Чалобаевичке – «Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген жаттықтырушысы» атағы берілді.
ҰЛТТЫҚ ҚҰРАМА КОМАНДАЛАР
2025 жылы Қазақстан Республикасының ұлттық құрама сапына:
• негізгі құрамға – 126 спортшы,
• жастар құрамына – 23 спортшы,
• жасөспірімдер құрамына – 8 спортшы еніп, барлығы 157 спортшы ұлттық құрама сапында өнер көрсетуде.
⸻2025 ЖЫЛҒЫ ҮЗДІК ЖЕТІСТІКТЕР
• 2025 жылдың 30 мамыр – 29 маусым аралығында өткен Қазақстан Республикасы VII Спартакиадасында Жамбыл облысы спортшылары 12 спорт түрінен қатысып, 34 алтын, 23 күміс, 13 қола медаль иеленіп, жалпы командалық есепте 4-орын алды.
• Сингапур қаласында өткен пара жүзуден Әлем чемпионатында Жұмағали Нұрдаулет 100 метр брасс қашықтығында 2-орын алып, Әлем чемпионатының үш дүркін күміс жүлдегері атанды.
• Болгария, Альбена қаласында өткен пара қол күресінен Әлем чемпионатында есту қабілеті төмен спортшылар арасында Верина Татьяна (HI санаты) екі дүркін Әлем чемпионы атанды.
• Ташкент (Өзбекстан) қаласында өткен Азия чемпионатында
Нұрымов Берік ардагерлер арасында блицтен чемпион атанып, классика бағдарламасында күміс медаль иеленді.
⸻2025 ЖЫЛДЫҢ СОҢЫНА ДЕЙІН ЖОСПАРЛАНҒАН СПОРТТЫҚ ІС-ШАРАЛАР
Жыл соңына дейін спорт клубы спортшылары келесі халықаралық жарыстарға қатысады:
• 7–19 қараша – Астана қаласында өтетін пара дзюдодан Азия чемпионаты (Ахмедов Ахмед);
• 15–25 қараша – Жапонияның Токио қаласында өтетін XXV жазғы Сурдлимпиада ойындары.
Қатысушылар: Ғабит Есжанов, Тұрғынбай Ғасыр, Досжанов Абзал, Тугелбаев Айдос, Краморова Анна, Караоглы Фериде, Егембердиева Эвелина, Сейсенбаев Мади, Рысжанов Олжас, Адилова Күлжамила, Сибирякова Яна, Закутняя Софья, жаттықтырушылар – Қонысбаев Ерназар, Ан Александр, Лукманов Хайрулла.
• 7–14 желтоқсан – Біріккен Араб Әмірліктерінің Дубай қаласында өтетін Азия жасөспірімдер пара ойындары.
Қатысушылар: Жүзуден: Скоржевская Полина, Хаджианиди Стелла (жаттықтырушысы Усубалиев Аскар); Пауэрлифтингтен: Амирали Ербақыт (жаттықтырушысы Греев Руслан); Таеквондодан: Ақтілеуов Нышанбек (жаттықтырушысы Есильбаев Нұржан); Пара армрестлингтен: Абилда Серғали, Алдибеков Амир, Жайлаубаев Нұрдаулет, Машиков Ришат, Мүқатаев Нұржауған (жаттықтырушылары Трубин Виталий және Тажмаков Ринат).
Осылайша, «Дене мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған спорт клубы» 2025 жылы айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізіп, мүмкіндігі шектеулі азаматтардың спорт арқылы қоғамға бейімделуі мен өз әлеуетін толық көрсетуіне зор үлес қосып келеді.
Ұқсас жаңалықтар
ҚАЗАҚСТАНДА ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ЖӨНІНДЕГІ ҰЛТТЫҚ СТАНДАРТТАР БЕКІТІЛДІ
- авторZhambylokq
- 25 қазан, 2025





