Жамбыл облысының Өңірлік комуникациялары қызметі - Ақпарат агенттігі

Байланыс

  • ato.uvp@mail.ru
  • +7 705 537 5268
  • Тараз қаласы, Ы.Сүлейменов көшесі №5, Шерхан Мұртаза атындағы баспасөз үйі

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА 1,7 МЛРД ДОЛЛАРЛЫҚ ІРІ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСПАҚ

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА 1,7 МЛРД ДОЛЛАРЛЫҚ ІРІ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСПАҚ
ашық
Жамбыл облысында өнеркәсіп, энергетика және агроөнеркәсіп салаларында жалпы құны 1,7 миллиард АҚШ долларын құрайтын бірқатар ірі инвестициялық жоба іске асырылады. Бұл туралы өңір делегациясының жаһандық инвестициялар жөніндегі VIII қазақстандық дөңгелек үстелге (KGIR-2025) қатысуы барысында белгілі болды.

Форум аясында Қытайдың Fufeng Group компаниясы Жамбыл облысында жүгеріні терең өңдеу бойынша тігінен интеграцияланған өнеркәсіптік парк салуға ниетті. Инвестиция көлемі 1,5 миллиард АҚШ долларын құрайды. Кәсіпорынның жылдық қуаттылығы алғашқы кезеңде 500 мыңнан 1 миллион тоннаға дейін, кейін 3 миллион тоннаға дейін ұлғайтылады. Өндіріс іске қосылған кезде 1 500 жаңа жұмыс орны ашылады. Өнім шығару отандық шикізат негізінде жүзеге асырылмақ. Бұл зауыт Орталық Азиядағы ең ірі жүгері өңдеу кәсіпорындарының бірі болады деп жоспарланған.

 

Сондай-ақ KGIR-2025 барысында Жамбыл облысы әкімдігі, «Алель Агро» АҚ және Shandong Guangming Biotechnology Co., Ltd. арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды. Құжат аясында облыс аумағында бройлер құс фабрикасын салу жобасы іске асырылмақ. Инвестиция көлемі 15 миллион АҚШ долларын құрайды. Кәсіпорын жыл сайын 45 миллион инкубациялық жұмыртқа өндіреді және 75 мың тоннаға дейін дайын құс еті өнімін шығарады.

 

Бұдан бөлек, өңірде энергетика және машина жасау салалары бойынша бірнеше ірі өндіріс нысандары салу жоспарланған. Атап айтқанда, қуаты 150 мегаватт болатын бу-газ қондырғысы (инвестиция көлемі 140 млн доллар), қуаты 50 мегаватт болатын екінші бу-газ қондырғысы (60 млн доллар), электр жабдықтарын өндіретін зауыт (33,5 млн доллар), ауыл шаруашылығы техникасын шығаратын зауыт (5,2 млн доллар) және ауыл шаруашылығы техникасын өндіру жобасы (18,5 млн доллар) жүзеге аспақ.

 

Жалпы қол қойылған келісімдер бойынша инвестиция көлемі 272,2 миллион АҚШ долларын құрайды. Осылайша, KGIR-2025 форумы нәтижесінде Жамбыл облысында іске асырылатын жобалардың жиынтық құны 1 миллиард 772 миллион АҚШ долларына жетіп отыр. Жаңа кәсіпорындар іске қосылған соң өңірде мыңдаған тұрақты жұмыс орны құрылып, өнеркәсіптік және агроөнеркәсіптік өндіріс көлемі айтарлықтай артады деп күтілуде.

 

 

Zhambylokq
Автор

Zhambylokq

Жамбыл облысының Өңірлік комуникациялары қызметі - Ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар