Аймақта Өңірлік кадр резерві құрылады
Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев Өңірлік кадр комиссиясының отырысын өткізді.
ҚР Президентінің 2023 жылғы 15 маусымдағы Жарлығымен облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың Өңірлік кадр резервін қалыптастыру және одан тағайындау қағидалары бекітілген болатын десек, бұл дарынды жастар үшін «әлеуметтік лифт» тетігін жолға қоюға мүмкіндік береді.
Іріктеуді облыстың кадр комиссиясы жүзеге асырады. Оған жоғары білімі және кемінде үш жыл еңбек өтілі бар 35 жастан аспаған ҚР азаматтары қатыса алады. Іріктеу кандидаттардың құжаттарын қабылдау, заңнаманы білуге және жеке қасиеттерін бағалауға тестілеу, уәкілетті орган жүргізетін құзыреттерді бағалау, комиссиядағы құрылымдық сұхбат, комиссияның отырысында Өңірлік резервке алуға кандидатураларды қарау секілді кезеңдерден тұрады.
Кезеңдер "Е-қызмет" интеграцияланған ақпараттық жүйесін пайдалана отырып жүргізілуі мүмкін.
Өңірлік резервке іріктеуді өткізу туралы хабарландыру уәкілетті органның, оның аумақтық бөлімшелерінің, облыс әкімі аппаратының интернет-ресурстарында, сондай-ақ БАҚ-та және әлеуметтік желілерде құжаттарды қабылдау басталғанға дейін 15 жұмыс күн бұрын жарияланады.
- Алты салалық бағыттар бекітілді. Олар: инфрақұрылымды, өнеркәсіпті дамыту және сауда саясаты; агроөнеркәсіптік кешен және қоршаған ортаны қорғау; сыртқы саясат және инвестициялар; экономикалық және қаржылық саясат; цифрландыру; әлеуметтік саясат және азаматтық қоғам, - деді ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыстық департаментінің басшысы Лесбек Илебаев.Кеңес қорытындысы бойынша облыс әкімі тиісті тұлғаларға бірқатар тапсырмалар жүктеді.
Келесі мақала