Референдум-2026

Жамбыл облысының Өңірлік комуникациялары қызметі - Ақпарат агенттігі

Байланыс

  • ato.uvp@mail.ru
  • +7 705 537 5268
  • Тараз қаласы, Ы.Сүлейменов көшесі №5, Шерхан Мұртаза атындағы баспасөз үйі

«ҚЫЗҒАЛДАҚ МҰРА» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФЕСТИВАЛІ

«ҚЫЗҒАЛДАҚ МҰРА» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФЕСТИВАЛІ
ашық
2026 жылғы 25 сәуірде Жамбыл облысы, Талас ауданына қарасты Есейхан ауылы маңында «Қызғалдақ мұра» халықаралық фестивалін өткізу жоспарлануда.

Аталған іс-шара Нидерланд, Түркия және Канада мемлекеттерінде өтетін әлемге танымал қызғалдақ фестивальдерімен деңгейлес, жыл сайын ұйымдастырылатын ірі халықаралық мәдени-туристік жобалардың бірі болып табылады.

Фестивальдің негізгі мақсаты – өңірдің туристік әлеуетін кеңінен насихаттау арқылы әлемге таныту, облыс аумағында өсетін қызғалдақтардың табиғи ландшафттарын сақтап қалу және оны өңір брендіне айналдыру арқылы келушілер санын арттыру.

Фестивальге отандық және шетелдік сарапшылар, мемлекеттік органдардың өкілдері, халықаралық ұйымдар, сондай-ақ әлемнің 15-тен астам елінен келетін қонақтардың қатысуы күтілуде.

Спорттық ойындарға қатысушыларды есептемегенде, фестивальге келушілер саны кемінде 2000 адам болады деп жоспарлануда.

 ФЕСТИВАЛЬ САЙТЫ ЖӘНЕ АҚПАРАТТЫҚ СҮЙЕМЕЛДЕУ

«Қызғалдақ мұра» фестивалі аясында өткен жылдары іске қосылған арнайы ресми сайт биыл да өз жұмысын жалғастыруда. Қала тұрғындары мен қонақтары аталған платформа арқылы тіркеліп, өз ұсыныстары мен пікірлерін жолдай алады. Фестиваль туралы толық ақпаратты ресми сайттан – taraztulip.kz/kk, сондай-ақ «Тараз-Туризм» туристік ақпараттық орталығының ресми Instagram парақшасынан – @visit__taraz алуға болады.

Фестивальге қатысу үшін барлық қатысушылардың ресми сайтқа тіркеліп, қажетті мәліметтерді толтыруы міндетті екендігі ескертіледі. Бүгінде сайтқа тіркелушілер саны 1000-ға жуық.

Фестиваль ауқымын кеңейту және келушілер санын арттыру мақсатында кең көлемді жарнамалық-ақпараттық жұмыстар жүргізілуде. Атап айтқанда, 500-ден астам әлеуметтік желі парақшаларында ақпараттық материалдар жарияланды. Сонымен қатар, қала орталығындағы Төле би – Жамбыл, Абай – Төле би, Абай – Қазыбек би қиылыстарында орналасқан 3 LED экранда және 5 билбордта фестиваль жарнамалары орналастырылды.

Іс-шараға бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері шақырылды. Атап айтқанда, республикалық телеарналардан Qazaqstan телерадиокорпорациясы, Хабар агенттігі және өзге де жетекші арналар, өңірлік БАҚ қатарынан Jambyl TV, Taraz 24, 77 TV телеарналары, сондай-ақ Жамбыл облысы газеті, Знамя труда, Ақ жол облыстық газеті, TARAZ Times басылымдары және бірқатар жергілікті блогерлер қатысады.

БИЫЛҒЫ ЖЫЛЫ ӨҢІРГЕ 40 МЫҢ ҚЫЗҒАЛДАҚ ТҰҚЫМЫ ОТЫРҒЫЗЫЛАДЫ

Фестиваль аясында халықаралық ынтымақтастықты нығайту бағытында биыл мазмұны жағынан айрықша мәнге ие бастама жүзеге асырылмақ. Нидерланд Корольдігінен Жамбыл облысына 40 мың дана қызғалдақ тұқымын сыйға тарту жоспарланып отыр.
 

«ҚЫЗҒАЛДАҚ МҰРА» ФЕСТИВАЛІНІҢ БАҒДАРЛАМАСЫ

Фестиваль аясында 20 киіз үй тігіліп, 4 алтыбақан орнатылады.

Сонымен қатар, үлкен сахна алаңында концерттік бағдарлама ұйымдастырылады. Көрермен назарына «Қызғалдақтың шығу тарихы» тақырыбындағы театрландырылған қойылым ұсынылады. Мерекелік кеште эстрада жұлдыздары Серік Ибрагимов, сондай-ақ Тоқтар мен Бейбіт өнер көрсететін болады.

Сондай-ақ фестиваль шеңберінде «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы қолдауымен және демеушілігімен жүлде қоры 5 000 000 теңгені құрайтын ұлттық спорт ойындарының 8 түрінен жарыстар, сондай-ақ жүлде қоры 1 000 000 теңге болатын «Қымызмұрындық» іс-шарасы аясында жүлделі байқау ұйымдастырылады.

Фестиваль алаңында қосымша фудкорт аймағы жұмыс істейді. Қызғалдақтар алқабына экскурсия ұйымдастырылып, арнайы 2 фотозона мен стелла орнатылады.

Киіз үйлерде жергілікті қолөнершілердің көрмесі, сондай-ақ қызғалдақтарға арналған фотосурет көрмесі ұйымдастырылады.

Бұдан бөлек, «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы бастамасымен «Бауырсақ Фест» алаңы ұйымдастырылып, фестиваль қонақтарына тегін бауырсақ пен ауыз су таратылады.

Іс-шара соңында «Таза Қазақстан» акциясы аясында Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университеті мен «Ауыл» партиясының 200-ден аса волонтерлары фестиваль алаңын қоқыстан тазарту жұмыстарын жүргізеді.

 ТРАНСПОРТ ЖӘНЕ ЛОГИСТИКА

Фестивальге келушілердің қолайлы қатысуын қамтамасыз ету мақсатында арнайы көлік және логистикалық жүйе ұйымдастырылды. Өткен жылғы фестиваль барысында жол қатынасына байланысты бірқатар қолайсыздықтар тіркелген болатын. Осыған байланысты биыл аталған мәселелер толық ескеріліп, қосымша ұйымдастыру шаралары қабылданды.

Атап айтқанда, фестиваль локациясы биыл қолайлы аумаққа ауыстырылып, көлік қатынасы тікелей «Тараз қаласы – Фестиваль алаңы» бағыты бойынша ұйымдастырылды. Аралық ауысып отыру (пересадка) қарастырылмайды. Яғни, автобустар жолаушыларды тікелей фестиваль алаңына дейін жеткізіп, сол бағытпен кері қайтады.

2026 жылғы 25 сәуір күні сағат 06:00-де Small сауда дүкені алдынан арнайы 50 орындық 10 автобус фестиваль өтетін орынға облыс тұрғындары мен қонақтарын тегін тасымалдайды.

Сонымен қатар, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында автобустар Жамбыл облысының Полиция департаментінің патрульдік сүйемелдеуімен қозғалады.

Кері бағытта, яғни Тараз қаласына дәл сол автобустар сағат 16:30-да қайтады.

Сонымен қатар, фестиваль алаңы мен қызғалдақтар алқабы арасындағы 10 шақырымдық қашықтыққа арнайы маршруттық схема әзірленді. Осы бағыт бойынша халықты тегін тасымалдау үшін 3 рейс (түске дейін – 2 рейс, түстен кейін – 1 рейс) ұйымдастырылып, 20 шағын автобус, сондай-ақ 40 Niva және         5 UAZ автокөліктері тегін қатынайтын болады.

Жол бойына бағыттаушы тақтайшалар (указатель) орнатылып, патрульдік бақылау қамтамасыз етіледі. Сонымен қатар, келушілердің жеке автокөлікпен баруына да мүмкіндік қарастырылған. Маршрут туралы ақпарат фестиваль алаңына және қызғалдақ алқабына орнатылатын билбордтарда көрсетіледі.

Биыл барлық көлік қозғалысы, тасымалдау жұмыстары және келушілер легін реттеу шаралары қатаң тәртіппен, бекітілген жоспарға сәйкес жүргізіледі.

 ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ СПОРТТЫҚ ОЙЫНДАРЫ

   Қатысушыларды тіркеу фестивальдің ресми сайты арқылы және жарыс өтетін орында жүргізіледі.

Фестиваль аясында келесі спорт түрлері бойынша сайыстар өтеді:

  1. Аударыспақ – абсолют, 18 жастан жоғары.
  2. Қазақ күресі – барлық жас ерекшелігі, +80 кг жоғары.
  3. Қазақ күресі – барлық жас ерекшелігі, 80 кг дейін.
  4. Қошқар көтеру – абсолют, 18 жастан жоғары.
  5. Қол күресі – абсолют, 18 жастан жоғары (ерлер, әйелдер).
  6. Дәстүрлі садақ ату – барлық жас ерекшелігі (ерлер, әйелдер).
  7. Арқан тарту – команда құрамы 5 адам, 18 жастан жоғары.
  8. Асық ату – абсолют, барлық жас ерекшелігі.

Спорттық ойындар бойынша жүлде қорлары:

1. Санатты қазақ күресі (80 келіден жоғары):

• 1 орын – 500 000 тг

• 2 орын – 400 000 тг

• 3 орын – 300 000 тг

2. Санатты қазақ күресі (80 келіден төмен):

• 1 орын – 400 000 тг

• 2 орын – 300 000 тг

• 3 орын – 200 000 тг

3. Санатты аударыспақ:

• 1 орын – 100 000 тг

• 2 орын – 70 000 тг

• 3 орын – 50 000 тг

4. Санатты асық ату:

• 1 орын – 100 000 тг

• 2 орын – 70 000 тг

• 3 орын – 50 000 тг

5. Санатты дәстүрлі садақ ату (ерлер):

• 1 орын – 100 000 тг

• 2 орын – 70 000 тг

• 3 орын – 50 000 тг

6. Санатты дәстүрлі садақ ату (қыздар):

• 1 орын – 100 000 тг

• 2 орын – 70 000 тг

• 3 орын – 50 000 тг

7. Санатты қошқар көтеру:

• 1 орын – 150 000 тг

• 2 орын – 100 000 тг

• 3 орын – 50 000 тг

8. Санатты қол күресі (ұлдар):

• 1 орын – 100 000 тг

• 2 орын – 70 000 тг

• 3 орын – 50 000 тг

9. Санатты қол күресі (қыздар):

• 1 орын – 100 000 тг

• 2 орын – 70 000 тг

• 3 орын – 50 000 тг

10. Санатты арқан тарту:

• 1 орын – 500 000 тг

• 2 орын – 400 000 тг

• 3 орын – 300 000 тг

Толық ақпарат фестивальдің ресми сайтында жарияланды.

 «ҚЫМЫЗМҰРЫНДЫҚ» ІС-ШАРАСЫ

   Іс-шара өтетін сахна ұлттық нақышта безендіріліп, шағын концерттік бағдарлама ұйымдастырылады. Фестиваль аясында «Үздік бие сауыншы» сайысы өткізіледі.

Жүлде қоры:

  • 1 орын – 300 000 теңге;
  • 2 орын – 200 000 теңге;
  • 3 орын – 150 000 теңге.

Сонымен қатар, сайысқа қатысқан қатысушыларды ынталандыру мақсатында 7 қатысушыға 50 мың теңгеден сыйақы табысталып, өзге қатысушыларға дипломдар беріледі. Жеңімпаздар фестивальдің жабылу салтанатында марапатталады.

ФУДКОРД

Облыс тұрғындары мен қонақтары үшін фестиваль өтетін жерге арнайы фудкорд бойынша 16 дана 5х5 өлшемді шатырлар орналастырылып, тамақ пен сусындарды сатып алуға мүмкіндік болады.  

Тараз қаласынан баратын кәсіпкерлер саны: 7

- Талас ауданының кәсіпкерлер саны: 7 қатысады.

 ФЕСТВАЛЬДІҢ ЖАБЫЛУЫ ЖӘНЕ МАРАПАТТАУ.

Фестивальдің жабылу салтанаты барысында Жамбыл облыстық филармониясы өнерпаздары өнер көрсетеді.

Салтанатта қазақтың ұлттық спорттық ойындары бойынша жүлделі орын алған қатысушылар және «Қымызмұрындық» рәсімі аясында «Үздік бие сауушы» номинациясы бойынша жеңімпаздар марапатталады.

ҚАУІПСІЗДІК ЖӘНЕ САНИТАРЛЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ

Фестиваль аумағында және қызғалдақ алқабында қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін Жамбыл облысының Полиция департаменті тарапынан патрульдік автокөлік жұмылдырылады.

Жамбыл облысының Төтенше жағдайлар департаменті 5 техника (1 өрт сөндіру, 4 авариялық құтқару Тойота хайлюкс), 13 қызметкер жұмылдырылады

Қазақстан Республикасының прокуратура органдары заңдылықтың сақталуын қадағалайды.

Сонымен қатар, 5 жедел жәрдем бригадасы, қол жуу орындары және 30 экологиялық санитарлық торап орнатылады.

 

Zhambylokq
Автор

Zhambylokq

Жамбыл облысының Өңірлік комуникациялары қызметі - Ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар