Жамбыл облысының Өңірлік комуникациялары қызметі - Ақпарат агенттігі

Байланыс

  • ato.uvp@mail.ru
  • +7 705 537 5268
  • Тараз қаласы, Ы.Сүлейменов көшесі №5, Шерхан Мұртаза атындағы баспасөз үйі

Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Наталья Жұмаділдаева Жамбыл облысына жұмыс сапарымен келді

Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Наталья Жұмаділдаева Жамбыл облысына жұмыс сапарымен келді
ашық дереккөзі
Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Наталья Жұмаділдаева Жамбыл облысына жұмыс сапарымен келді
ҚР Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Наталья Жұмаділдаева жұмыс сапарымен Жамбыл облысына келді. Наталья Васильевна алдымен Жамбыл политехникалық жоғары колледжіне барып, оқу орнының жұмыс барысымен танысты. Іс-сапар барысында «Бақытты болашақ» оқушылар сарайында облыс тұрғындарымен кездесу өткізді. Кездесуге облыстық, аудандық, қалалық мәслихаттың депутаттары, ата-аналар комитеттері, кәсіподақ және үкіметтік емес ұйымдардың, бұқаралақ ақпарат құралдарының өкілдері, аудандық, Тараз қалалық бiлiм бөлімдерінің, колледждер мен мектептердің, мектепке дейiнгi және мектептен тыс мекемелердiң басшылары, облыс педагогтері қатысты. Жиын барысында облыстық білім басқармасының басшысы Өмірбек Мейірхан Азатұлы Жамбыл облысының білім беру жүйесінің дамуы туралы баяндама жасады. Сонымен қатар, Жамбыл облысы бойынша білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Ускумбаева Дамеш Шайқықызы Жамбыл облысының білім саласындағы мәселелер туралы сөз қозғады. Кездесудің басым бөлігі тұрғындардың, ата-аналардың, мұғалімдердің сұрақтарына арналды. Бірінші вице-министр тұрғындардың жекелеген сұрақтарына да жауап берді. Тұрғындар тарапынан мұғалімдерді аттестаттаудың жаңа ережелері, жас мамандардың жұмысқа орналасуы, шалғай ауылдардағы интернет жылдамдығы, қашықтан оқытуды ұйымдастыру мәселелері, мектепке дейінгі мекемелерге балаларды тіркеу сынды мәселелер көтерілді. Оқушылар сарайындағы тұрғындармен кездесу вице-министрдің жеке қабылдауымен жалғасты. Содан соң, Наталья Жұмаділдаева аудандық, Тараз қалалық бiлiм бөлімдерінің, колледждер мен мектептердің, мектепке дейiнгi және мектептен тыс мекемелердiң басшыларының және облыс педагогтерінің қатысуымен кеңес өткізіп, білім саласындағы бірқатар өзекті мәселелерді талқылады.  
Zhambylokq
Автор

Zhambylokq

Жамбыл облысының Өңірлік комуникациялары қызметі - Ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар