Жамбыл облысының Өңірлік комуникациялары қызметі - Ақпарат агенттігі

Байланыс

  • ato.uvp@mail.ru
  • +7 705 537 5268
  • Тараз қаласы, Ы.Сүлейменов көшесі №5, Шерхан Мұртаза атындағы баспасөз үйі

Жамбыл облысында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 7 мектеп салынады

Жамбыл облысында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 7 мектеп салынады
ашық дереккөзі
Жамбыл облысында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 7 мектеп салынады
Биыл 28 білім беру нысанының құрылысы басталып, 3 мектеп пайдалануға берілді. Жыл соңына дейін тағы 10 мектепті пайдалануға беру жоспарлануда. Бұл туралы Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында хабарлады. 2024 жылдың соңына дейін тағы 15 білім беру нысаны іске қосылады, оның жетеуі «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында. 14 білім беру нысанында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.
«Жаратылыстану-математикалық бағыттағы физика, химия және биология пәндері бойынша кабинеттер жаңа талаптарға сәйкес жаңартылуда. Бүгінге жаңару пайызы 75%-ды құрады», - деді облыс басшысы
. Білім беру нысандарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше назар аударылуда. Бүгінде облыстың барлық мемлекеттік білім беру нысандары бейнебақылау жүйесімен жабдықталған. Екінші және үшінші санаттағы барлық білім беру мекемелері дабыл түймесімен қамтамасыз етілген, олардың 92,5%-ы жедел басқару орталығымен біріктірілген.
Zhambylokq
Автор

Zhambylokq

Жамбыл облысының Өңірлік комуникациялары қызметі - Ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар