Жаңалықтар
Қазір суды үнемдемесек, балаларымызды сусыз қалдырамыз - Сергей Пономарев
- author Zhambylokq
- 6 желтоқсан, 2023
- 66
Қазір суды үнемдемесек, балаларымызды сусыз қалдырамыз - Сергей Пономарев
Мәжілістің жалпы отырысында депутат Сергей Пономарев су ресурстарын пайдалану мен басқарудың тиімділігін жақсарту мәселесін көтерді. Депутат келтірген деректе алдағы 15 жылда Қазақстанда су тапшылығы болуы мүмкін. Ал 2050 жылға қарай су тапшылығы 3 есе артып, ЖІӨ деңгейі 10%-ға төмендейді. Сергей Пономаревтің айтуынша, Қазақстан 90%-дан астам мөлшерде іргелес мемлекеттердің суларына тәуелді. Ал 2030 жылға қарай іргелес өзендердің ағыны 11%-ға қысқарады. Бұл дегеніміз Балқаш көлінің көлеміндей судың жоғалуына тең.
«Президент су тұтыну мәдениетін қалыптастыру мақсатында суды нормадан тыс тұтынатындарға жоғары тариф енгізу міндетін қойды. Бұл дұрыс шешім. Суды белгіленген мөлшерден көп пайдаланғандар көбірек төлеуі орынды. Сонымен қатар, азаматтық қоғамның бей-жай қарамайтын өкілдерін, еріктілерді ауыз суды үнемдеу және ел азаматтарында жауапты су тұтынуды қалыптастыру бойынша жаппай түсіндіру жұмыстарына қосылуға шақырамын. Егер қазір су ресурстарын үнемдеумен айналыспасақ, онда біз балаларымыз бен немерелерімізді сусыз қалдырамыз», – деді Сергей Пономарев.
Келесі мақала