Жаңалықтар
Олигархтардың балаларымен төбелес: апелляциялық сот үкімді өзгертпеді
- author Zhambylokq
- 6 желтоқсан, 2023
- 94
Олигархтардың балаларымен төбелес: апелляциялық сот үкімді өзгертпеді
Естеріңізге салсақ, Алматыдағы барлардың бірінде олигархтар Бахаридин Әбләзімов пен Дінмұхамет Ыдырысовтың ұлдарымен төбелескені үшін алты жылға сотталған қазақстандық белгілі актер Асқар Жұмабек ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтан істі жеке бақылауына алуды өтінген еді.
Жеті айыпталушыға қатысты үкім 11 қазанда шыққан болатын. Айыпталушылар алты жылдан алты жарым жылға дейін бас бостандығынан айырылды. Сотталушылардың адвокаттары мен туыстары сот шешімімен келіспейтінін алға тартып отыр.