Жаңалықтар
Таразда олимпиадалық жекпе – жек спорт түрлерінен жарыс өтті
- author Zhambylokq
- 6 желтоқсан, 2023
- 113
Таразда олимпиадалық жекпе – жек спорт түрлерінен жарыс өтті
Жарыстың басты мақсаты - облыс деңгейінде олимпиадалық жекпе-жек спорт түрлерінен жеңімпаздарды анықтау. Тараз қаласы мен аудан құрама командасын қалыптастыру және деңгейін анықтау болып табылады.
Аталған жарысқа аймақтан 10 ауданның (Байзақ ауданы, Жамбыл ауданы, Жуалы ауданы,Қордай ауданы, Меркі ауданы, Мойынқұм ауданы, Сарысу ауданы, Талас ауданы, Тұрар Рысқұлов ауданы, Шу ауданы) және Тараз қаласының командалары қатысып,бақ сынады. Жарыс 5 спорт түрінен өткізілді. Атап айтқанда: бокс, дзюдо, грек-рим күресі, еркін күрес және Таэквандо WT.
Бокс спорт түрінен командалық жарыста І орын- Тараз қаласы
ІІ орын- Байзақ ауданы
ІІІ орын Жуалы ауданы
Грек –Рим күресінен командалық жарыста І орын- Тараз қаласы
ІІ орын- Тараз қаласы
ІІІ орын - Жамбыл ауданы
Дзюдо спорт түрінен командалық жарыста І орын- Тараз қаласы
ІІ орын- Тараз қаласы
IІІ орын - Талас ауданы
Еркін күрестен командалық жарыста І орын- Меркі ауданы
ІІ орын- Тараз қаласы
ІІІ орын -Жуалы ауданы
Таэквандо WT командалық жарыста І орын- Тараз қаласы
ІІ орын- Байзақ ауданы
ІІІ орын - Тараз қаласы
Спорт түрлері бойынша жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлер командаларға арнайы диплом, медаль, Кубок және қаржылай сыйлықтар табыс етілді.
Жүлде қоры І- орын 500 000 теңге, ІІ орын – 300 000 теңге, ІІІ орын – 200 000 теңге.
Келесі мақала