Жамбыл облысының Өңірлік комуникациялары қызметі - Ақпарат агенттігі

Байланыс

  • ato.uvp@mail.ru
  • +7 705 537 5268
  • Тараз қаласы, Ы.Сүлейменов көшесі №5, Шерхан Мұртаза атындағы баспасөз үйі

«Ұлттық қор – балаларға»: Балаңыз төлем алуы үшін не істеу керек?

«Ұлттық қор – балаларға»: Балаңыз төлем алуы үшін не істеу керек?
ашық дереккөзі
«Ұлттық қор – балаларға»: Балаңыз төлем алуы үшін не істеу керек?
2024 жылғы 1 қаңтардан бастап «Ұлттық қор - балаларға» бағдарламасы іске қосылады. 2006 жылы және одан кейін туған балалардың ата-аналары, қорғаншылық, қамқоршылық тағайындалған балалардың заңды өкілдері бағдарламаға қатысу үшін мынаны жасауы қажет: Баланың жеке басын куәландыратын құжатын, жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН) алуы тиіс; БЖЗҚ, Электронды үкімет порталдарында баланың деректемелерінің бар-жоғын және дұрыстығын, кәмелетке толмаған баланың толық аты-жөні, туған күні, ЖСН, азаматтығы дұрыс жазылғанын тексеру керек; Электронды үкімет веб-порталындағы Жеке кабинетінің «Балалар туралы мәліметтер» бөлімінде өзінің балалары туралы мәліметтердің бар-жоғын тексеруі тиіс. Барлық баланың нысаналы жинақтау шоттары Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында болады. Қаражат АҚШ долларымен жинақталады. Бала 18 жасқа толғаннан кейін шоттағы қаражатты екі мақсатқа – тұрғын үй жағдайларын жақсартуға және білім алуға ақы төлеу үшін пайдалануға болады.
Zhambylokq
Автор

Zhambylokq

Жамбыл облысының Өңірлік комуникациялары қызметі - Ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар