Жамбыл облысының Өңірлік комуникациялары қызметі - Ақпарат агенттігі

Байланыс

  • ato.uvp@mail.ru
  • +7 705 537 5268
  • Тараз қаласы, Ы.Сүлейменов көшесі №5, Шерхан Мұртаза атындағы баспасөз үйі

Қазақстанда YouTube Premium неге әлі қосылмаған?

Қазақстанда YouTube Premium неге әлі қосылмаған?
ашық дереккөзі
Қазақстанда YouTube Premium неге әлі қосылмаған?
«YouTube Google-ға тиесілі. Олар экономикалық жайтқа қарай шешім қабылдайды. Бұл геосаяси немесе өзге мәселелерге емес, тек экономикалық мәселеге ғана байланысты», — деді министр «Алтын сапа» сыйлығын табыстау іс-шарасы аясында.
Оның атап өтуінше, Қазақстанда YouTube Premium қолданушыларының саны жеткіліксіз. Сонымен қатар Қазақстанның шығарма авторларымен келісімшарт та жасалмаған.
«Жыл басында барғанымда қазақстандықтарға YouTube Рremium керек екенін айтып, оларға үлкен өтініш жасадым. Сол уақытта олар нақты жұмыс жүргізілетінін айтып сендірді. Таяуда Цифрлық даму министрлігінен бірінші вице-министр Қаныш Тілеушин конференцияға қатысып, Google өкілдерімен келіссөз жүргізді. Олар жыл соңына дейін мүмкін еместігін, дегенмен келесі жылы міндетті түрде қосатынын жеткізді. Қазақстан өз тарапынан барлық шартты орындады. Қазіргі уақытта ел заңнамасы тарапынан шешілмеген не қандай да бір саяси мәселе жоқ», — деді Бағдат Мусин.
Zhambylokq
Автор

Zhambylokq

Жамбыл облысының Өңірлік комуникациялары қызметі - Ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар