Жамбыл облысының Өңірлік комуникациялары қызметі - Ақпарат агенттігі

Байланыс

  • ato.uvp@mail.ru
  • +7 705 537 5268
  • Тараз қаласы, Ы.Сүлейменов көшесі №5, Шерхан Мұртаза атындағы баспасөз үйі

Цифрлық полиция жобасын енгізу

Цифрлық полиция жобасын енгізу
ашық дереккөзі
Цифрлық полиция жобасын енгізу
Мемлекет басшысының білім беру ұйымдарында, мектепке дейінгі ұйымдарда қауіпсіздікті қамтамасыз етуде цифрландыруды одан әрі дамыту туралы алға қойған міндеттерін орындау үшін республиканың елді мекендерін бейнекамералармен барынша есепке алуды және жарақтандыруды, сондай-ақ оларды ІІО бейнебақылау жүйелерімен интеграциялауды қамтамасыз ететін «Кілемді жабын» жобасы іске асырылуда. ЖБО-на және полиция бөлімдерінің кезекші бөлімдеріне 8 мың 610 бейнекамера шығарылған (оның ішінде: 610 камера - қала бойынша, 1250 камера - Қауіпсіз қала, 289 камера - «Сергек» 48 АБК-нен, 2280 камера – «Қазақтелеком» АҚ, 1929 камера - «Жаппай бейнебақылау», 630 камера - қала мектептері, 602камера - мектепке дейінгі мекемелер, 39 камера – колледж, 20 камера - облыс әкімдігі, 961 камера - аудандық полиция бөлімдерінен шығарылды). 2008 жылдан бастап Жамбыл облысы ПД Жедел басқару орталығы құрылды және жұмыс істейді. Бүгінгі таңда қала аумағында 610 бейнебақылау камерасы жұмыс жасайды. Қаңтар оқиғасы барысында полиция департаментінің ғимараты зақымданды, онда серверлік үй-жайы мен қажетті жабдықтары бар жедел басқару орталығы орналасқан. Жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары барысында Жедел басқару орталығы серверлік жабдықтарымен және бейнебақылау жүйесімен толығымен қалпына келтірілді. Тараз қаласының бейнебақылау жүйесін кеңейту шеңберінде ағымдағы жылы «BriefCam» қоғамдық қауіпсіздік талдауы функциясы бар 300 бейнебақылау камерасы орнатылды. BriefCam көмегімен әртүрлі сипаттағы бұзушылықтарды анықтау үшін қажетті траекторияны анықтауға болады, оның ішінде қос жолақтардың қиылысы (сіз жай ғана бағыт көрсеткісімен жолақ сала аласыз) нақты уақыт режимінде автомобильдермен де, басқа объектілермен де. Сондай-ақ, ерлер, әйелдер, балалардың киімнің түсі, бас киімнің болуы, ұзын немесе қысқа жеңді, велосипедтерде немесе басқа көліктерде сүзу параметрлері, жол бойындағы жылу талдауы және т.б. іздеуге болады. «Freedom Telekom» ЖШС инвестициялық жобасы аясында Тараз қ. ПБ ЖБО-на шығаруды ұйымдастыра отырып, қаланың 6 саябағында WiFi нүктелерімен 60 бейнебақылау камераларын орнату жүргізілуде. «Қауіпсіз қала» жобасы бойынша Мемлекеттік жеке әріптестік шеңберінде қала аумағында 1250 бейнебақылау камерасы 48 «Сергек» аппараттық-бағдарламалық кешендерінің бекеті және Тараз қ. ПБ ЖБО-ның бейнебақылау операторларының 10 жұмыс орны орнатылған. «Қазақтелеком» АҚ «Бұлтты бейнебақылау» бағдарламасы аясында 2019 жылы Тараз қаласы бойынша 180 көппәтерлі тұрғын үйдің 1140 кіреберісінде 2280 бейнебақылау камерасы орнатылған. Апаттылықты тұрақтандыру және жылдамдық режимін сақтау мақсатында қала мен облыстың автожолдарында «Автоураган» аппараттық-бағдарламалық кешендерінің 50 бекеті орнатылды   «Сандық полицей» жобасы Патрульдік нарядтардың қызмет өткеруіне бақылауды күшейту мақсатында шет елдердің оң тәжірибесі негізінде ішкі істер министрлігі смартфондар базасында бейнетіркегіштерді қолдану бойынша «Сандық полицей» жобасын іске асыруда. Жоба шеңберінде барлық деңгейдегі (аудандық, облыстық, республикалық) Ішкі істер органдарының кезекші бөлімдеріне шығара отырып, бейнені нақты уақыт режимінде жазуға және трансляциялауға мүмкіндік беретін мобильді қосымша әзірленді. Бұдан басқа, бейне деректерге (редакциялау, көшіру, жою) және жүйелік параметрлерге (GPS-модульді, мобильді желіні және т.б. өшіру) қол жеткізуді шектеуді көздейтін ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылданды. Жобаның нәтижелері бойынша қызметтік тәртіпті нығайту және қызметкерлердің дербес жауапкершілігін арттыру бөлігінде оң нәтиже бар. Жамбыл облысының полиция департаменті қызметкерлерді «Сандық полицей» жобасына сәйкес тасымалды бейнетіркегіштермен жарақтандыру үшін сервистік модель шеңберінде жеткізушінің смартфон базасында бейнетіркегіштерді жалға алу қызметтерін ұсынуын қамтитын, 3 қаржы жылына арналған мерзімге 968 бірлік бейнетіркегіштерді жалға алу қызметін сатып алуға шарт жасасты. Смартфон базасындағы бейнетіркегіштер барлық бөлімшелерге бекітілген разрядқа сәйкес берілді.   Мобильді кешендер Жамбыл облысының республикалық және облыстық трассаларында апаттылық деңгейін тұрақтандыру және жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында бүгінгі күні 2022 және 2023 жылдары сатып алынған 20 автоматтандырылған «АвтоСканнар МС» мобильді кешені жұмыс істейді, сондай-ақ полиция департаментінің балансында 10 «Аркан» мобильді кешені бар. Бұл кешендердің мүмкіндіктері:
  1. Автоматты режимде (полиция қызметкерінің қатысуынсыз) орнында қозғалмайтын күйде де және АБК қозғалысында да жолдың бақыланатын учаскесі арқылы өтетін барлық көлікті тіркеуді жүргізу;
  2. Кез келген сервермен интеграция;
  3. 8 сағатқа дейін автономды жұмыс жасау;
  4. Жеңіл және жүк көліктерін ажырату;
  5. Мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі жоқ автокөлікті тану;
  6. Шетелдік мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісін тану;
  7. Ағын журналына тіркеп, деректерді кешенде 30 күнге дейін сақтау;
  8. Іздестіру және жедел іздестіру журналында жеке тіркеу;
  9. Кешеннің қала мен облыстың кез келген нүктесінде жұмыс істеу мүмкіндігі;
  10. «Аймақ» функциясы. Жүйе жол белгілерінің 60-тан астам түрін таниды және бұзушылықтарды автоматты түрде анықтайды.
Деректер автоматты режимде полицияның деректерді өңдеу орталығына және ҚР Бас прокуратурасының әкімшілік өндірістердің бірыңғай тізіліміне (ЕРАП) беріледі. «АвтоСканнар МС» және «Аркан» мобильді кешендерінің көмегімен 2023 жылдың 11 айында - 1 млр. 923 млн. 314 мың 625 теңгеге  147 мың 558 ұйғарым тіркелді, оның ішінде 129 мың 339 ұйғарым бойынша 1 млрд. 751 млн. 369 мың теңге өндірілді
Zhambylokq
Автор

Zhambylokq

Жамбыл облысының Өңірлік комуникациялары қызметі - Ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар