Жаңалықтар
Жемқорлардан тәркіленген қаражат әлі де мектеп салуға жетеді
- author Zhambylokq
- 13 желтоқсан, 2023
- 166
Жемқорлардан тәркіленген қаражат әлі де мектеп салуға жетеді
Айта кетейік, қордың қызметі мектептерді, қосалқы ғимараттарды және интернаттарды салу және қайта жаңғырту арқылы үш ауысымдық мектептер мен апатты оқу орындарының мәселелерін шешуге және жалпы білім беру мекемелеріндегі орын тапшылығын жоюға бағытталған.«150 млрд теңгеден аса қаражат арнайы шотқа (Жемқорлардан тәркіленген қаражат жинақталатын қор) түсті. Бұл арнайы шоттан 62 мектепке қаражат бөлінді. Қазақстанның әр аумағынан берілген ұсынысқа сәйкес қаражат берілді. Бірақ, бәрі жұмсалған жоқ, 90 млрд теңгеге жуық қаражат бөлінген болатын. Сондықтан 60 млрд теңгеге жуық қаражат әлі бар. Егер алдағы уақытта апатты жағдайдағы немесе үш ауысымды мектептер болса, онда соларды жөндеу үшін өтінім келіп түссе, қарастырамыз. Қаражат Республикалық бюджеттік комиссия шешімімен бөлінеді», - деді Ерұлан Жамаубаев Мәжілістің жалпы отырысынан кейін БАҚ өкілдерінің сауалына орай.
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
ҰЛТТЫҚ ЖОБАНЫҢ ШЕҢБЕРІНДЕ АУЫЛДА 263 МЕДИЦИНАЛЫҚ НЫСАН САЛЫНЫП, ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ
- авторZhambylokq
- 26 желтоқсан, 2024