Жаңалықтар
№59 мекемесінде Тәуелсіздік күні мерекесіне орай спорттық іс-шаралар өтті
- author Zhambylokq
- 14 желтоқсан, 2023
- 71
№59 мекемесінде Тәуелсіздік күні мерекесіне орай спорттық іс-шаралар өтті
Жамбыл облысының ҚАЖ департаментіне қарасты №59
мекемесінде спорттық іс-шаралар өткізілді.
2023 жылғы Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасымен және Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментімен бірлескен жоспарға сәйкес, ҚАЖ департаментінің «сотталғандар арасындағы тәрбие және әлеуметтік-психологиялық жұмысы жөніндегі» бас маманы әділет подполковнигі Айгүл Танашеваның басқаруымен 2023 жылдың 13- желтоқсанда № 59 мекемесінде жазасын өтеушілер арасында - қол күрестен, гір көтеруден, шахмат және дойбы ойындарынан мәдени-спорттық іс-шаралары өтті. Аталған іс-шараны мекеменің САТжӘПЖБ бөлім бастығы әділет капитаны Мұқағали Құрманқұл ұйымдастырды. Аталған іс-шараға Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасының өкілдері қатысты.
Іс-шараның басты мақсаты- сотталғандарды салауатты өмір салтын ұстануға шақыру, бос уақыттарын тиімді ұйымдастыру және ұйымшылдық пен ынтымақтыстықты қалыптастыру, зияткерлік спорт түрлеріне деген қызығушылықты арттыру. Іс -шараның қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталып, дипломдармен марапатталды.