Жаңалықтар
Еркін Келесов Жамбыл облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы болып тағайындалды
- author Zhambylokq
- 20 желтоқсан, 2023
- 191
Еркін Келесов Жамбыл облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы болып тағайындалды
Жамбыл облысы әкімінің өкімімен Келесов Еркін Егембердіұлы облыс әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы болып тағайындалды.
Басқарма басшысын облыс әкімінің орынбасары Қанатбек Мәдібек таныстырып өтті
Еркін Егембердіұлы 1964 жылы Тараз қаласында туған.
1993 жылы Шымкент кәсіптік училищесін «өнеркәсіп кәсіпорнының бухгалтері», 2000 жылы М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «бухгалтерлік есеп және аудит» мамандықтары бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1993 жылы Жамбыл облысы бойынша салық инспекциясында аға салық инспекторы болып бастаған.
Әр жылдары Жамбыл облысы бойынша салық комитетінде бөлім бастығы, салық департаментінде басқарма бастығы, Байзақ ауданы бойынша салық басқармасының бастығы, Тараз қаласы бойынша салық басқармасының бастығы, Жамбыл облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің жетекші маманы, Жамбыл ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы лауазымдарында еңбек еткен.
2022 жылы маусым айынан бастап, 2023 жылдың тамыз айында Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы, 2023 жылдың тамыз айынан бүгінгі күнге дейін облыс әкімдігінің мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы лауазымында қызмет атқарып келді.