Жамбыл облысының Өңірлік комуникациялары қызметі - Ақпарат агенттігі

Байланыс

  • ato.uvp@mail.ru
  • +7 705 537 5268
  • Тараз қаласы, Ы.Сүлейменов көшесі №5, Шерхан Мұртаза атындағы баспасөз үйі

Жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың жер учаскелерін пайдалану жөніндегі міндеттері

Жер учаскелерінің меншік иелері мен жер  пайдаланушылардың жер учаскелерін пайдалану  жөніндегі міндеттері
ашық дереккөзі
Жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың жер учаскелерін пайдалану жөніндегі міндеттері
Жер реформасы еліміз егемендік алған өткен ғасырдың 90-шы жылдарынан бастау алады. Орталықтандырылған жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға көшу процестері кезінде жер ресурстарын нарық қатынастарына бейімдеу шаралары күні бүгінге дейін жалғасып келеді. Кеңестік дәуірде жер ресурстарын толығымен (қызметтік саяжай, тұрғын үйге арналған жерлерден басқалары) мемелекет меншігінде болса, ал қазіргі кезде мемлекетік билік органдарына, мемлекеттік ұйымдар мен мекемелерге берілген, қорғаныс және ұлттық қауіпсіздік мұқтаждары үшін пайдаланылатын, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар алып жатқан, сауықтыру және тарихи-мәдени мақсаттағы, орман және су қорларының, елді мекендер жеріндегі ортақ пайдаланудағы, босалқы жер қорындағы, оның ішінде арнайы жер қорының жер учаскелері, кенттер мен ауылдық елді мекендердің маңындағы ортақ пайдаланымдағы жайылымдық және шабындық алқаптар, сондай-ақ жәке меншікке берілмеген шалғайдағы жайылымдары мемлекеттік меншікте болатындығы жер заңнамасымен бекітілген. 2003 жылы Үкімет тарапынан нарық талабына сәйкестендірілген жаңа ҚР Жер кодексі қабылданып, онда бірқатар санаттағы жерлердің жеке меншікке берілуі мүмкіндігі заңдастырылды. Себебі, өзге салаларда (өнеркәсіп сауда және т.б.) нарықтық қатынас қарқын алып, бұрынғы мемлекеттік меншіктегі ғимараттар мен мүліктер жәке меншікке сатылды. Ал осы нысанда орналасқан жерлердің де жеке меншікте болуы заңды құбылыс. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді жер пайдалануға берумен қатар, ондағы негізгі мақсат жерді күтіп баптап ұстайтын нағыз жер қожайындарына қалыптастыра отырып, еліміздің аграрлық секторында озық технологиялардың көмегімен жерді ұтымды, әрі тиімді пайдалануға қол жеткізу болатын. Осы орайда жерге жеке меншік құқығы туралы көптеген азаматтардың түсінігі жаңсақ болғандықтан, жеке меншік пен жер пайдалану (жолға беру) құқықтары туралы дұрыс ақпараттандыру өзекті мәселе болып саналады. Жалпы жеке меншік дегенде ел арасында жерді жеке меншікке алған тұлға сол жер учаскесін өз қалауына пайдаланып, ал сол жерде атқарып жатқан жұмысы бақылаусыз болады деген жаңсақ пікір қалыптасқан. Жерге алынған құқық түріне қарамай жер заңнамасының нормаларына сәйкес жерді игеру және пайдалану міндеттері бірдей жән бұл міндеттер ҚР Жер кодексінің 65 бабымен заңдастырылған. Осы баптың нормаларында көрсетілгендей, жалға алушы немесе  жер иесі алған жерінің нысаналы мақсатын өз бетінше өзгерте алмайды және жерді күтіп-ұстауға міндетті. Сонымен қатар бап тармақтарындағы басқа да міндеттерді орындауға жерге табысталған меншік құқығына қарамастан бірдей екендігі байқауға болады. Жинақталған тәржірибе көрсеткендей, көп жағдайда жерге жеке меншік алған кейбір тұлғалар заңның осы нормаларын білмегендіктен, жер учаскесінде заңсыз құрылыстар немесе жердің нысаналы мақсатына жатпайтын басқа да қызмет түрлерін өз бетінше жүргізіп, әкімшілік жазаға тартылады. Жер заңнамасындағы жоғарыда аталған 65 баптың нормалары бұзылған жағдайда ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің «Жер учаскелері меншік иелерінің және жер пайдаланушылардың жер учаскелерін пайдалану жөніндегі міндеттерді орындамауы» туралы 339-бабына сәйкес әкімшілік іс қозғалып, тиісті әкімшілік шара қолданылады. Бұдан бөлек, қолданыстағы заңнамаларда мақсаты бойынша пайдаланылмаған, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылған жер учаскелерін мәжбүрлеп алып қою тәртібі қарастырылған. Бұл жағдайда заңбұзушы жер иесі немесе жерді жалға алушы тұлға әкімшілік шара қолданылғаннан кейін нұсқамаға сәйкес заңбұзушылықты жоймаса, яғни міндеттерін орындамаған жайдайда жер учаскесі құқық түріне қарамастан мемлекет меншігіне мәжбүрлеп сот арқылы қайтарылады. Бүгінгі күнге ҚР Президенті Қ.К. Тоқаевтың 2022 жылдың 28 наурызындағы Үкіметтің кеңейтілген отырысында 5,0 млн. га пайдаланбаған ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді мемлекет меншігіне қайтару жөніндегі тапсырмасын орындау барысында облыс бойынша 2022 жылы 203 мың га, 2023 жылы 201 мың га пайдаланбаған немесе ҚР жер заңнамасын бұза отырып пайдаланылған жерлер мемлекет иелігіне қайтарылды. Яғни жерге құқық тапсырылғаннан кейін міндеттемелерін орындамау, оның ішінде жерді пайдаланбау бұзушылығы бойынша жерді қайта мемлекет меншігіне қайтарылатындығы жер иелері мен жер пайдаланушылар көз жеткізді. Сондықтан жерді жалға немесе жеке меншікке алған тұлға жер учаскесін пайдаланудағы міндеттерді сақтау және орындау қажеттігін білуі абзал. Азаматтардың осы заң нормаларынан хабардар болуы арқылы жер мемлекеттің басты байлығы және мемлекет еш уақытта жерді бақылаусыз қалдырмайтындығын әсте шығармау қажет.
Zhambylokq
Автор

Zhambylokq

Жамбыл облысының Өңірлік комуникациялары қызметі - Ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар