Жаңалықтар
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕ АҚ Жамбыл облыстық филиалының 2023 жылы атқарған жұмыстарының қорытындысы
- author Zhambylokq
- 22 желтоқсан, 2023
- 216
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕ АҚ Жамбыл облыстық филиалының 2023 жылы атқарған жұмыстарының қорытындысы
«Азаматтарға арналған үкіме» мемлекеттік корпорациясы мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша бірыңғай провайдер болып табылады. Негізгі міндеттері - ҚР заңнамасына, мемлекеттік қызметтерді көрсету стандартарына сәйкес, "бір терезе" қағидаты бойынша тұтынушыларға сапалы қызмет көрсету.
Қоғамның Жамбыл облысы бойынша филиалы бэк-офис және фронт-офис болып екіге бөлінеді. Бэк-офис – тұтынушылармен қарым-қатынас жасамайтын, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесіне жауапты құрылымдық басқарма және бөлімдері. Бэк-офис бойынша – 34 бөлім бар. Ал Фронт-офис – бұл тұтынушылармен тікелей жұмыс істеуге жауапты бөлімдер (ХҚК). Фронт-офис бойынша – 18 бөлім бар.
Филиалда барлығы 1 062 қызметкер жұмыс атқарады.
Халыққа қызмет көрсету бағыты бойынша ХҚК бөлім саны 18, оның ішінде:
- 4 қалалық ХҚКБ
- 10 аудандық ХҚКБ
- 1 Бірыңғай байланыс орталығы (ЕКЦ)
- 1 Көші – қон қызмет орталығы (ЦМУ)
- 2 Мамандандырылған бөлім:
- Тараз қаласы, Төле би 198а даңғылында орналасқан №1 Мамандандырылған бөлімінде теориялық және практикалық емтихан тапсыру арқылы жүргізуші куәілігін беру және шетел көліктерін заңдастыру қызмет түрлерін көрсетеді;
- Тараз қаласы, Маяковский 42а көшесінде орналасқан №2 Мамандандырылған бөлімінде автокөлікті қайта тіркеу, тіркеу куәлігінің телнұсқасын алу, көлік құралдарының мемлекеттік нөмірлерін сатып алу немесе ауыстыру бойынша мемлекеттік қызмет түрлерін көрсетеді.
- Мекен жайы: Тараз қаласы, Төле би 87Г даңғылы бойында орналасқан.
- Көші – қон қызмет орталығы (ЦМУ) - мұнда шетел азаматтары көші-қон полициясы арқылы визалық қолдау, азаматтықты рәсімдеу және сонымен қатар, жұмысқа рұқсат алу және ЖСН алу қызмет түрлері жүзеге асырылады. Мекен жайы: Тараз қаласы, Ы.Сүлейманова 300 көшесінде орналасқан.
- Бүгінгі күні, мемлекеттік корпорация есебінде:
- Жасына байланысты зейнетақы - 133 009 алушылар;
- Жәрдемақы төлемдерін 158 061 - алушылар тіркелген.
- Электрондық үкімет порталы арқылы - 6 996 оның ішінде:
- Мемлекеттік корпорация арқылы - 45 826;
- Медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімі арқылы - 1301;
- Жұмыспен қамту орталығы арқылы – 192;
- Проактивті түрде 54 516 қызмет көрсетілді, төлем алушының қатысуынсыз, тек мобилдік байланыспен растау арқылы жәрдемақы көлемі автоматты түрде қалыптастырыла береді.
- Айлық есептік көрсеткіш (АЕК) 3 692 теңге;
- Күнкөріс деңгейі (КД) 43 407 теңге;
- Ең төменгі айлық табыс 85 000 теңге;
- Ең төменгі зейнетақы 57 853 теңге;
- Базалық зейнетақы төлемі 28 215 теңге мөлшерінде белгіленетін болады.
- 2022-2023 жылдар аралығында Тараз, Байзақ , Қордай, Шу аудандық жаңа форматтағы “Цифрлық кеңсесіне” және Тараз қаласынан Көші-қон қызметі бөлімдері ашылды.