Референдум-2026

Жамбыл облысының Өңірлік комуникациялары қызметі - Ақпарат агенттігі

Байланыс

  • ato.uvp@mail.ru
  • +7 705 537 5268
  • Тараз қаласы, Ы.Сүлейменов көшесі №5, Шерхан Мұртаза атындағы баспасөз үйі

КӨКТЕМГІ ДАЛА ЖҰМЫСТАРЫ

КӨКТЕМГІ ДАЛА ЖҰМЫСТАРЫ
ашық
2026 жылға егіс алқаптарының жалпы көлемін өткен жылмен салыстырғанда 25,5 мың гектарға ұлғайтып 665,4 мың гектарға егін егу жоспарлануда.

Оның ішінде:

дәнді және дәнді бұршақты дақылдар – 378,3 мың гектар (2025 жылы 4АШ – 361,9 мың га);

майлы дақылдар - 44,3 мың гектар (2025 жылы 4АШ – 38,0 мың га);

қант қызылшасы- 8,5 мың гектар (2025 жылы 4АШ – 6,6 мың га);

картоп - 8,8 мың гектар (2025 жылы 4АШ – 8,2 мың га);

көкөністер - 28,9 мың гектар (2025 жылы 4АШ – 31,1 мың га);

бақша дақылдары – 9,7 мың гектар (2025 жылы 4АШ – 12,7 мың га);

мал азығы дақылдары - 186,7 мың гектар (2025 жылы 4АШ – 181,3 мың га);

2026 жылдан бастап Ислам даму банкінің қаржыландыруымен облыстағы 76 каналға жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты, суды қажет ететін көкөніс дақылдары 2,1 мың гектарға қысқарып, жалпы алаңы 28,9 мың гектарға, бақша дақылдарының алаңы 3,0 мың гектарға қысқартылып, жалпы алаңы 9,7 мың гектарға орналастыру жоспарлануда.

Анықтама:

Каналдардың суару алаңы 51,4 мың гектарды құрайды, жалпы ұзындығы – 430,3 шақырым

Байзақ ауданы – 18 канал, жалпы ұзындығы 65 км, суару алаңы 4,7 мың гектар;

Меркі ауданы – 1 канал, ұзындығы 9,3 км;

Сарысу ауданы – 11 канал, ұзындығы 6,8 км;

Талас ауданы – 1 канал, ұзындығы 4,8 км;

Шу ауданы – 45 канал, жалпы ұзындығы 277 км, суару алаңы 40 мың гектар..

Дегенмен, биылғы жылы басымдылық өңірде орналасқан қайта өңдеу кәсіпорындарын шикізатпен қамтамасыз етуге берілетін болады. Дәндік жүгері дақылының алаңы 11,8 мың гектарға артып, жалпы алаңы 30,0 мың гектарға жеткізіледі. Нәтижесінде жиналатын өнім көлемі 2025 жылмен салыстырғанда 109 мың тоннадан 210 мың тоннаға дейін артуы күтілуде.

2026 жылы қант қызылшасы 1,9 мың гектарға артып, 8,5 мың гектарға орналасатын болады. Нәтижесінде 450 мың тонна қант қызылшасын жинау жоспарлануда.

Ағымдағы жылы ауа райының қолайсыздығына байланысты көктемгі дала жұмыстары былтырғы жылмен салыстырғанда кеш басталды. Бүгінгі күнге көктемгі жер жырту жұмыстары 19,9 мың алқапқа жүргізілді, (жоспар 165,5 мың га, орындалуы 12,0%). Сонымен қатар, дақыл себуге 21,3 мың га жер дайындалып (жоспар 365,7 мың га, орындалуы 5,8%), 10,1 мың га алқапқа жаздық масақты дақыл (арпа) (жоспар 203,0 мың га, орындалуы 5,0%), 570 га алқапқа көп жылдық шөп (жоспар 25,4 мың га, орындалуы 2,3%) және 460 га алқапқа көкөніс дақылдары (жоспар 28,9 мың га, орындалуы 1,6%) себілді.

2026 жылдың көктемгі дала жұмыстарына қажетті 59,6 мың тонна тұқым көлемі 100 % құйылды (қосымша 25,7 мың тонна 145,1 мың га алқапқа егілген күздік бидайға себілді).

Алғашқы мәліметтерге сәйкес себілетін тұқымдардың
280 тоннасы элита, 4,2 мың тоннасы 1-репродукция, 27,2 мың тоннасы 2-репродукция, 26,5 мың тоннасы 3-репродукция және 940 тоннасы бірінші ұрпақты будандарды құрайды.

2026 жылғы көктемгі дала және егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін шаруалардан түскен өтінімдерге сәйкес 27,4 мың тонна дизель отыны қалыптастырылды (көктемгі дала жұмыстары – 18,2 мың тн., күзгі дала жұмыстары – 9,2 мың тн.).

Көктемгі дала жұмыстарына ҚР Энергетика министрлігі тарапынан облысқа мұнай өңдеуші зауыттардың қуаттылығына қарай 15,9 мың тонна дизель отынының (ақпан – 3,8 мың тн., наурыз – 4,3 мың тн., мамыр – 4,6 мың тн. және маусым – 3,3 мың тн.) көлемі бөлінді.

Бөлінген көлемді өңірге жеткізіп шаруаларға таратын 8 өңірлік таратушы операторлар айқындалды.

Байзақ ауданы бойынша - «Тараз VIP сервис» ЖШС;

Жамбыл ауданы және Тараз қаласы – «SAMOIL» ЖШС;

Жуалы ауданы – «Ақ қайың» ЖШС;

Қордай ауданы – «Казснаб-Групп» ЖШС;

Меркі ауданы – «WeDo Energy» ЖШС;

Мойынқұм ауданы – «Казснаб-Групп» ЖШС;

Т.Рысқұлов ауданы – «WeDo Energy» ЖШС;

Сарысу ауданы – ЖК «Сарыпбекова Мария Кумисбековна»;

Талас ауданы – «ТАҢ» ЖШС;

Шу ауданы – «Шу мұнай өнімдері» ЖШС.

Ағымдағы жылы шаруалар үшін босату бағасы 1 литрі үшін 281 теңге болып бекітілді (2025 жылы тарату бағасы дизель отынының 1 литрі үшін 254 теңгені құрады). Қазіргі уақытта ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге шекті баға нарықтағыдан 15%-ға төмен (нарықтық баға 330-335 теңге).

Өнімділіктің жоғары болуына тікелей әсер ететін минералды тыңайтқыштарды ендіру жұмыстары да қатаң бақылауда. Ағымдағы жылы 665,4 мың гектар алқапқа 109,7 мың тонна минералды тыңайтқыштарды ендіру жоспарлануда (2024 жылы 99,7 мың тонна ендіріліп, жоспар 100% орындалды).

2026 жылы минералды тыңайтқыштардың құнын (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидиялау бағдарламасына 2,5 млрд. теңге бөлінді. Аталған қаражаттың 664,7 млн. теңгесі 2025 жылдан күту парағына түскен өтінімдерге төленіп, қалған қаражат көктемгі дала жұмыстары барысында, шаруалар үшін тыңайтқыштар алу механизмі ретінде қолайлы аванстық төлемдер түрінде отандық «ҚазАзот» және «Қазфосфат» кәсіпорындарына аударылатын болады.

Бүгінгі күнге қаражаттың 629,6 млн. теңгесі, берешектерге төленді.

Сонымен қатар 1,3 млрд. теңге «ҚазАзот» (641,5 млн. теңге – 6,6 мың тонна) және «ҚазФосфат» (609,3 млн. теңге – 4,0 мың тонна) кәсіпорындарына аударылды. Ай соңына дейін берешектер толық өтеліп, тағы 583,2 млн. теңге қаражат аванстық төлемдерге «ҚазАзот» (583,2 млн. теңге – 6,0 мың тонна) кәсіпорындарына аударылады.

Бұл жұмыстар арқасында көктемгі дала жұмыстары кезінде ауыл шаруашылығына қажетті тыңайтқыштарды уақытында алу қамтамасыз етіліп, егіс науқанының тиімді және дұрыс өтуіне мүмкіндік беріледі.

Көктемгі дала жұмыстарына 10,7 мыңға жуыл ауыл шаруашылығы техникалары жұмылдырылады.

тракторлар – 5 447 дана, соқалар - 1 032 дана, қопсытқыштар - 562 данасы, дән сепкіштердің - 645 дана, тұқым дәрілегіштер – 79 дана және басқа да техникалар – 2920 дана

Ағымдағы жылы техника паркін жаңарту мақсатында биылғы жылы өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасының жаңару жоспарын 8,0 %-ға жеткізу көзделуде (476 бірлік).

Ағымдағы жылы көктемгі және күзгі дала жұмыстарын қаржыландыру үшін, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арқылы «Кең дала» және «Кең дала-2» бағдарламалары аясында облысқа 7 млрд. теңге қаржы қарастырылған болатын.

2026 жылғы көктемгі дала жұмыстарын қаржыландыруға өтінімдер 2025 жылдың қараша айынан бастап қабылдануда. Бүгінде, 187 шаруадан 6,1 млрд. теңгеге өтінім түсіп, 149 шаруаға 4,4 млрд. теңге қаражат 5%-дық несиемен берілді (2025 жылы барлығы 209 шаруаға «Кең дала -2» бағдарламасы бойынша 4,9 млрд.теңге несие берілді).

Соңғы жылдары су тапшылығы күшейгендіктен, қолда бар суды тиімді пайдалану аса маңызды.

2026 жылға арналған жоспар су қоймаларында жиналатын су көлеміне қарай қосымша қайта қаралатын болады.

Анықтама:

Байзақ, Жамбыл және Талас аудандары Талас өзені, ал Қордай ауданы Шу өзені арқылы суландырылады. Аталған екі өзен де Қырғызстандағы су қоймаларынан жіберілетін су көлеміне байланысты. Сондықтан Қырғыз еліндегі су қоймасындағы судың жинақталуы және келісімге сәйкес берілуі барлық аталған аудандардың сумен қамтамасыз етілуіне тікелей әсер етеді.

Суармалы суды тиімді пайдалану мақсатында су үнемдеу технологиялары ендірілген алқап көлемін жылдан жылға ұлғайту бойынша жұмыстар тұрақты түрде атқарылуда.

2025 жылы шаруалар тарапынан 11 мың га алқапқа су үнемдеу технологиялары енгізіліп (2024 жылы 55,4 мың гектар), жалпы көрсеткіш 66,5 мың гектар алқапқа жеткізілді (о.і. тамшылатып суғару – 44,6 мың гектар, жаңбырлатып суғару 19,3 мың гектар, лазерлік жоспарлаушы 2,6 мың гектар.

Су үнемдейтін суару технологияларын енгізу мақсатында 50% көлемінде субсидия қарастырылған.

Ағымдағы жылы аталған бағытқа 11,7 млрд. теңге бөлінді. Бөлінген қаражат есебінен 2024–2025 жылдардан қалған берешектер өтеліп, қалған қаражатпен жаңадан 10 мың гектардан астам алқапқа су үнемдеу технологияларын енгізіп, жалпы көрсеткішті 76,6 мың гектарға жеткізу жоспарлануда.

Сонымен қатар, ағын су тапшылығын азайту мақсатында
11 мың гектар алқап (288) ұңғыма арқылы суландырылуда және одан әрі аталған бағытта жұмыстар жалғасатын болады.

Сонымен қатар, 2027 жылы бөлінетін 11,6 млрд. теңге қаражат есебінен 27 мың гектарға, ал 2028 жылы бөлінетін
14,3 млрд. теңге қаражат есебінен 33 мың гектарға су үнемдеу технологиялары енгізе отыра үш жыл ішінде су үнемдеу технологияларын 137 мың гектарға дейін жеткізу жоспарлануда.

Нәтижесінде жыл сайын 234 млн м³ су үнемделетін болады.

Әрине, жерүсті сумен қамтуды біршама қиындықтар болуы мүмкін. Осыған байланысты, Талас (Харвест 41,0 мың га), Шу (1,2 мың га) және Байзақ (Агрохолдинг Аспан 1,0 мың га) аудандарында жерасты суын пайдалану арқылы 43,2 мың гектар алқапта пилоттық жобаны іске асыру жоспарлануда.

Өңірдің суармалы егіс алқаптарына орналастырылатын ауыл шаруашылығы дақылдары трансшекаралық су көздеріне тәуелді. Осыған байланысты жер асты су қорының әлеуетін пайдалану жоспарлануда. Тәулігіне 4,4 млн м³, яғни вегетациялық кезеңде 528 млн м³ су жаңа су үнемдеу технологияларын қолдану арқылы пайдаланылатын болады. Нәтижесінде трансшекаралық су көздеріне тәуелділік 43 пайызға азаяды (жалпы тұтыну көлемі 1,2 млн м³).

2026 жылдың бірінші тоқсанында жүгеріні терең өңдейтін Fufeng Group компаниясының ірі өндірістік кешенінің 1-кезеңі іске қосылады. 1-кезеңде 500 мың тонна жүгеріні өңдеу көзделген.

Жобаның жалпы құны 800 млрд. теңгені құрайды. Кезең-кезеңмен өңдеу қуаттылығы артып, толық қуаттылыққа шыққаннан кейін 2028-2029 жылдары жылына 3 млн. тонна жүгеріні қайта өңдейтін болады.

2028 жылы каналдардың жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін 51,4 мың гектар алқаптың сумен қамтылу деңгейі артатын болады. Нәтижесінде тек Жамбыл  облысында жүгері егіс алқаптарын 2029 жылы 80 мың гектарға дейін, зауытқа тапсырылатын өнім көлемін 560 мың тоннаға дейін жеткізу жоспарлануда. Яғни, 2025 жылмен салыстырғанда жиналатын жүгері көлемі 5 есеге артады.

Республика бойынша 2025 жылы дәндік жүгері дақылынан
1 млн. тонна өнім жиналды. Жиналған өнімнің 90 пайызы оңтүстік өңірлерде, яғни Алматы, Жетісу және Түркістан облыстарына тиесілі.

Бұл ретте Fufeng Group компаниясымен бірлесіп аталған өңірлерде жүгеріні қабылдау пункттерін ашу қарастырылуда.

Осыған байланысты аталған облыстардың әкімдіктерімен зауытты шикізатпен қамтамасыз ету мақсатында әріптестік
іс-қимыл шаралары жүргізілуде.

2026 жылы қант қызылшасы 1,9 мың гектарға артып, 8,5 мың гектарға орналасатын болады. Нәтижесінде 450 мың тонна қант қызылшасын жинау жоспарлануда.

Жиналған өнім екі негізгі кәсіпорында өңделетін болады.

Тараз қант зауыты 2001 жылдан бері қант қызылшасын өңдеуді тоқтатып, тек қант құрағынан қант өндіріп келген. Зауыт 2025 жылдан бастап модернизациядан өтіп, қант қызылшасын өңдеуге ауыстырылуда. Биылғы маусымда 25 жылдан кейін қайта іске қосылып, 200 мың тонна қант қызылшасын өңдейтін болады.

Екінші өндірістік база — Меркі қант зауыты. Зауыт бүгінде тұрақты режимде жұмыс жасап тұр. Жылдық өңдеу қуаттылығы — 250 мың тоннаны құрайды.

Сонымен қатар, 2027 жылы қытайлық «Zhongkai Kazakhstan» компаниясының жаңа қант зауытын іске қосу көзделуде. Аталған зауыт жылына 1 млн. тонна қант қызылшасын өңдеп, 130 мың тонна қант өндіретін болады.

Меркі және Тараз қант зауыттары да өз жұмысын жалғастырады. Нәтижесінде өңірде 2028 жылдан бастап жылына жалпы 1,5 млн. тонна қант қызылшасы өңделіп, шамамен 186 мың тонна қант өндіру жоспарлануда. Яғни, 2025 жылмен салыстырғанда дайын қант өндірісін 10 есеге дейін ұлғаюы күтілуде.

Жалпы көктемгі дала жұмыстарына дайындық барысы және өңірдегі қайта өңдеуші кәсіпорындардың жүктемесін қамтамасыз ету қатаң бақылауда.

Zhambylokq
Автор

Zhambylokq

Жамбыл облысының Өңірлік комуникациялары қызметі - Ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар