Жаңалықтар
Орал дәмханасындағы жарылыс: Үшінші адамның мәйіті табылды
- author Zhambylokq
- 4 қаңтар, 2024
- 156
Орал дәмханасындағы жарылыс: Үшінші адамның мәйіті табылды
Жарылған ғимаратта авариялық-құтқару жұмыстары әлі жүріп жатыр.
"Қираған ғимаратты аршу қиынға соғып жатыр. Тіпті құтқарушылардың өзіне қауіп төніп тұр. Қазіргі күні қирандылар толық ашылып, тазартылып жатыр. Үйінді астынан үшінші адамның денесі табылды", - деп жазылған ведомство хабарламасында.
Бұған дейін ТЖД күшімен қираған құрылымдардың астынан 6 адам табылып, құтқарылды, оның 5-уі медициналық мекемелерге жеткізілді, 1 адам ауруханаға жатудан бас тартқан.
Оқиға орнында қазіргі уақытта ТЖД, полиция, жергілікті атқарушы органдар мен жедел медициналық жәрдем күштері жұмыс істеп жатыр, барлығы 190 адам және 50-ден астам техника жұмылдырылған.
Зардап шеккендер мен қаза тапқандардың туыстарына психологиялық көмек көрсетіліп жатыр.
Естеріңізге салсақ, БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, 4 қаңтар күні сағат 02.07-де Сырым Датұлы көшесі 52-мекенжайында өрт шыққаны жөнінде хабар түскен.
Келесі мақала