Жаңалықтар
Қазақстанда жемқорлардан тәркіленген қаржыға 43 мектеп салынды
- author Zhambylokq
- 5 қаңтар, 2024
- 197
Қазақстанда жемқорлардан тәркіленген қаржыға 43 мектеп салынды
Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, осылайша, елімізде үш апатты және 13 үш ауысымды мектеп мәселесі шешілген.
«Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры» есебінен барлығы 76 738 оқушыға арналған 62 мектептің құрылысы қаржыландырылды. Жобалардың жалпы сомасы 96 млрд теңгеден асты. Қаражат жергілікті атқарушы органдардың шоттарына түскен. Жалпы, қордың қызмет ету мерзімі ішінде 150 млрд теңгеден астам қаражат түсті. Олар мектептерді, қосымша ғимараттар мен интернаттарды қайта жаңартуға, сондай-ақ үш ауысымды оқыту, апатты мектептер мәселесін шешуге және оқушы орындарының тапшылығын жоюға жұмсалды.«Өңірлерде жаңа білім беру нысандарын іске қосу нәтижесінде тағы 54,4 мың жаңа оқушы орны пайдалануға берілді. Атап айтсақ, Алматы және Түркістан облыстарында — 8 мектептен, ал елордада — 10 мектеп», — деп жазды ведомстводан.