Жамбыл облысының Өңірлік комуникациялары қызметі - Ақпарат агенттігі

Байланыс

  • ato.uvp@mail.ru
  • +7 705 537 5268
  • Тараз қаласы, Ы.Сүлейменов көшесі №5, Шерхан Мұртаза атындағы баспасөз үйі

Қолма-қол ақшаны талап еткен сатушыларға айыппұл салынады

Қолма-қол ақшаны талап еткен сатушыларға айыппұл салынады
ашық дереккөзі
Қолма-қол ақшаны талап еткен сатушыларға айыппұл салынады
Салық қызметінің мамандары қолма-қол ақша төлеуді талап еткен бизнеске айыппұл салынатынын айтады. Қолма-қол ақшасыз төлемдерден бас тартқаны үшін (карта немесе QR) алдымен ескерту, содан кейін шамамен 150 мың теңге айыппұл салынбақ. Қазақстанда 2024 жылдың қаңтарынан бастап бизнес жаппай қолма-қол ақша төлеуді талап ете бастады. Бұл әмиянсыз сатып алуға үйреніп қалған қазақстандықтардың наразылығын тудырғаны рас.
"Төлемдер және төлем жүйелері туралы" заңның нормалары банк картасымен, QR-төлеммен немесе қолма-қол ақшамен төлеу тәсілдерін көздейді (25-бап), деп атап өтті ведомствода.
"Кәсіпкерлердің төлем карточкаларын пайдалана отырып төлемдерді қабылдаудан бас тартқаны үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған: бірінші рет ескерту, қайталап бұзған жағдайда - 147 680 теңге (40 АЕК*) мөлшерінде айыппұл салынады", - деп нақтылады мемлекеттік кірістер комитеті.
Егер сіз төлемді қолма-қол ақшасыз қабылдаудан бас тартқан сатушыға тап болсаңыз болсаңыз, салық қызметіне хабарласуға болады.
Zhambylokq
Автор

Zhambylokq

Жамбыл облысының Өңірлік комуникациялары қызметі - Ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар