Облыстағы елді мекендерді табиғи газбен қамту туралы
Жамбыл облысына табиғи газ «Бухара газнасосты аумақ - Ташкент, Бишкек, Алматы», «Қазақстан-Қытай» магистральдық газ құбырлары және «Амангелді газ» кенішінен тасымалданады.
«Амангелді газ» кең орында 2023 жылы өндірілген газ көлемі – 273,5 млн./м3. Келесі жылдың жоспары – 275 млн.м3. Қолданыста 48 ұңғы бар, оның ішінде: Амангелді – 35 ұңғы, Жарқұм – 5 ұңғы, Айрақты – 8 ұңғы. Облысты газбен қамту қызметімен «Интергаз Орталық Азия» АҚ «Тараз» магистралдық газ құбырлары басқармасы және «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Жамбыл өндірістік филиалы айналысады.
Газ құбырының жалпы ұзындығы - 6 899 шақырым, оның ішінде: жоғары қысымдысы - 1 291 шақырым, орта қысымдысы - 2 113 шақырым, төмен қысымдысы - 3 495 шақырым. Тұтынушылар саны – 214 679. 2023 жылы облыстың табиғи газды жылдық тұтыну көлемі 723,1 млн. м3 құрады. Оның ішінде: Халық – 444,7 млн. м3, Отын-энергетикалық кәсіпорындар – 162,4 млн.м3, Өнеркәсіптік кәсіпорындар – 79 млн.м3; коммуналдық-тұрмыстық мекемелер – 37 млн.м3.
Жамбыл облысында 371 елді мекенде 1 222 562 адам тұрады. 2023 жылы 9,5 млрд. теңгеге 36 елді мекенде газдандыру құрылысы іске асырыла басталды.
Нәтижесінде былтырғы жыл соңымен 11 елді мекен (9,0 мың адам) табиғи газға қосылып, облыстың газбен қамту деңгейі халық санымен 91,1%-ға жетті. Анықтама: Бүгінге 285 елді мекеннің 1 108,2 мың адам табиғи газбен қамтылған.
Қалған 25 елді мекендегі (55,6 мың адам) құрылыс жұмыстары 2024 жылға өтпелі.
Аталған бағытта жұмыстар өз жалғасын тауып, 2024 жылы 11 елді мекендегі 17 мың жергілікті тұрғындарды табиғи газбен қамту жоспарлануда. (296 (79,8%) елді мекеннің 1 125 мың (92%) адам табиғи газбен қамтылатын болады)
Облыстың газдандырылмаған қалған 86 елді мекеніне қайта талдау жүргізілді, оның ішінде:
- 25 елді мекенде құрылыс жұмыстары жүруде (Қордай ауд. - 3 е.м., Сарысу ауд. -14 е.м., Шу ауд. - 8 е.м.). - 15 елді мекенге ЖСҚ әзірленіп, бюджеттік өтінім тапсырылуда (Жамбыл ауд. - 3 е.м., Жуалы ауд. - 4 е.м., Мойынқұм ауд. - 6 е.м., Талас ауд. - 2 е.м.). - 13 елді мекенге ЖСҚ әзірленуде (Жамбыл ауд. – 1 е.м., Қордай ауд. - 1 е.м., Мойынқұм ауд. - 7 е.м., Талас ауд. – 4 е.м.); - 33 елді мекенде халық саны аз болуына (200 адамнан төмен) байланысты газдандыру кейінгі жылдарға жоспарланған (Меркі ауд. - 3 е.м., Мойынқұм ауд. - 11 е.м., Сарысу ауд. - 6 е.м., Шу ауд. - 6 е.м., Т.Рысқұлов ауд. - 7 е.м.). Бүгінде, облыс бойынша Мойынқұм ауданы ғана толық газдандырылмай отыр (халық саны - 28 663). Ауданды газдандыру үшін кешендік іс-шаралар жоспары жасалған.
Бұл ретте, бастапқыда 13 елді мекенді (халық - 23 334) газдандыру үшін ЖСҚ әзірленді. 1-кезекте 3 елді мекенді (Айдарлы, Бірлік, Биназар) газдандыру үшін ҚР Энергетика министрлігіне 2024 жылға республикалық бюджетке 18,5 млрд. теңгеге өтінім ұсынылып, құрылыс жұмыстарын бастауға 600,0 млн. теңге қаралып отыр.
Қалған 2 кезең бойынша 8,0 млрд. теңгеге 6 елді мекенді газдандыру жоспарлануда.
Осы жеткізуші газ құбырлары ауданның қалған елді мекендерін табиғи газбен қамту көзі болып табылады.
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
ҰЛТТЫҚ ЖОБАНЫҢ ШЕҢБЕРІНДЕ АУЫЛДА 263 МЕДИЦИНАЛЫҚ НЫСАН САЛЫНЫП, ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ
- авторZhambylokq
- 26 желтоқсан, 2024