Жаңалықтар
Бала өмірге келгенде жасалатын түрлі конфессияларға тән салт-дәстүрлердің ерекшеліктері қандай?
- author Zhambylokq
- 26 қаңтар, 2024
- 1.3k

Бала өмірге келгенде жасалатын түрлі конфессияларға тән салт-дәстүрлердің ерекшеліктері қандай?
Әр халықтың өзіне тән салт-дәстүрі мен әдет-ғұрыптары қалыптасқан. Қанша ұлт болса сонша тіл, сонша салт-дәстүр бар. Мәселен, Қазақстан көпұлтты мемлекет. Мұнда өмір сүріп жатқан түрлі конфессиялардың ұлттық әдеп-ғұрыптары мен салт дәстүрлерін өзге этнос өкілдеріне жіті таныс. Татулық пен бірлікті ту еткен этностар мәдени құндылықтарын құрметтейді. Десе де әр халықтың ерекшелікке толы салт-дәстүрлері жетерлік.
Айталық қазақ халқы ежелден-ақ баланың өмірге келуіне ерекше дайындық жүргізген. Ал сәбидің дүниеге келген сәтінен бастап әрбір отбасы ән айтып, бойындағы қуанышымен бөлісуге асыққан. Тіпті бірінші киген көйлегі, алғашқы басқан қадамы, бесікке алғаш бөленген сәттерінің бәрі ең маңызды оқиға деп қараған. Тамаша кезеңді есте сақтап қалу үшін, қазіргі көпшілікке жат, мүмкін қызықсыз думан құра білген. Сондықтан болар, баланың ержету барысындағы алуан түрлі дәстүрлерді ұйымдастыру салтқа айналған. Ал теолог Мұстафа Айдарханұлы кез-келген конфессияда салт-дәстүр дін ұстанымдарымен тікелей байланысты дейді.
- Енді әр халықтың сан ғасырлар бойы сақталған ұлттық дәстүрлері бар. Оның барлығы бір күнде пайда болған жоқ. Дәстүрлері олардың өмірлік және діни бағыты бойынша қалыптасқан. Мәселен, қазақтарда 40-нан шығару бар. Азан шақырып ат қою деген сияқты. Дәд осындай дәстүр орыс халқында да бар. Олар да бала өмірге келгенннен кейін 40 күн өткен соң шіркеуге апарып шоқындырып, атын қояды. Осы екі ғана ұлтты алсақ ұқсастық бар. Басқа да халықтарда да сәби туылса 7 жылға дейін баланы адам қатарына қоспайды. Бұл ұғым қазақ халқында да бар. 7 санын қасиетті деп санаған. Белгілі уақыт аралығына дейін оны адам деп қарамаған.
- Бізде православ христиандарының отбасында бала өмірге келгенде жасалатын бір маңызды салты бар. Ол бала шоқындыру. Бала өмірге келгеннен кейін 40 күн толғанда баланы шіркеуге әкеледі. Онда баланы шоқындырады. Белгілі әулиенің құрметіне атын қояды. Оны ата-анасы немесе шіркеу қызметкерінің кеңесі арқылы таңдауы мүмкін. Жаңа діни өзгеріске сай бұл салттың ерекшелігі бала дені сау болып қөсуі үшін ғана емес рухани бай болуы үшін де жасалады.
- Кәріс халлқында да бала өмірге келгенде жасалатын салт-дәстүр бар. Бірақ бала 1 жасқа келгенде кең көлемде атап өтеді. Бұл дәстүр оларда «Толь» немесе «Тольджанчхи»деп аталады. Рәсім қазақтың «Тұсаукесеріне» ұқсайды. Мұнда баланы үстелдің ортасына отырғызып, айналасына түрлі тамақ пен зат қояды. Бала не таңдаса, болашағын сонымен байланыстырады. Жалпы корей халқы үшін жанұяға жаңа мүшенің қосылуы маңызды мерекелердің бірі болып саналады.