Жаңалықтар
Қаржы пирамидаларының заңсыз іс-әрекеттеріне қарсы күрес туралы
- author Zhambylokq
- 26 қаңтар, 2024
- 162
Қаржы пирамидаларының заңсыз іс-әрекеттеріне қарсы күрес туралы
Азаматтарымыздың қаражатын тартып алу үшін алдап-соғып жатқан қаржылық пирамидалармен күресу, қазіргі қоғамдағы ең өзекті мәселе. Жыл сайын Қазақстан Республикасында әлеуметтік желілер арқылы, оның ішінде интернет-ресурстардағы жарнама, YouTube арналары және мессенджерлар арқылы, жүздеген адам осы заңсыз әрекетке ұрынады.
2023 жылы, жәбірленушілердің арыздары бойынша, қаржы пирамидаларын ұйымдастырушыларға қатысты, Жамбыл облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментімен 3 қылмыстық іс тіркелді. Қаржы пирамидалар әрекеттерінен, Жамбыл облысында 200-ден астам азамат зардап шекті.
Тергеп-тексеру барысында, департаментпен қабылданған шаралар нәтижесінде, зардап шеккен азаматтарға 45 миллион теңгеден астам келтірілген залал өтелді.
Департамент, келтірілген залал өтеу және ұйымдастырушылар алған қылмыстық кірісті анықтау үшін барлық қажетті шараларды қабылдауда.
Мысалы, «Chia Tai Tianqinq Pharmaceutical Group» қаржылық пирамидасының ұйымдастырушыға қатысты, қылмыстық істі тергеу барысында сатып алынған пәтер түріндегі мүлік пен 10 млн тенгеден астам қаражат тәркіленді.
Қаржы пирамиданы құру және басшылық ету әрекеттері, Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 217-бабында көзделген қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын, және 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны қарастыратынын ескертеміз. Сонымен қатар, қаржылық пирамиданы жарнамалау әрекеті, Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 217-1 бабы бойынша 2 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны қарастыратынын ескертеміз.
Біз азаматтарды қырағы болуға және өз қаражаттарын күмәнді қаржылық ұйымдарға салмауына шақырамыз.
Алдын алу және түсіндіру жұмыстары. Департамент, профилактикалық іс-шараларды тұрақты түрде жүргізеді, оның ішінде интернет кеңістігінде және халыққа қатысты түсіндірме жұмыстары жүргізулуде.
2023 жылы, қаржылық пирамида белгілері бар сайттарды бұғаттау үшін 1013 сілтеме бұғатталған.
Сонымен қатар, қазіргі таңда құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша профилактикалық іс-шараларға көп көңіл бөлінуде, сондықтан Департамент тарапынан халық көп жиналатын жерлерде және интернет желісінде қаржы пирамидалардың алдын алу бойынша бейнероликтер орналастыруда, одан басқа жергілікті және республикалық телеарналарда түсіндіру жұмыстары жүргізулуде.
Облыстағы жоғары оқу орындары мен оқу орындарында, оның ішінде облыстағы 23 колледжде және облыс орталығында 50 мектепте қаржылық сауаттылық бойынша 80-нен астам дәріс оқылды.
Қаржы пирамидаларының заңсыз әрекеттеріне қатысты азаматтар қайда жүгіне алады? Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторингі агенттігінің «Байқа, пирамида» Telegram боты, компанияның, немесе жобасының сайтын қаржылық пирамида белсенділігінің белгілерін тексеру мүмкіндігін береді.
Бір Telegram парақшасынан күніне 5-тен көп сұрау салуға болмайды. Өтініштер жұмыс күндері жұмыс уақытысында сағат 09.00-ден бастап сағат 18.30-ға дейін өңделеді.
Сенім телефоны Жамбыл облысы бойынша ЭТТД: 34-76-26.
Анықтамалық электрондық пошта: info@afm.gov.kz.
Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторингі агенттігінің сайтында қаржылық пирамидалардың тізімі орналастырылған: https://www.gov.kz/memleket/entities/afm/press/article/details/123696?lang=ru.
Экономикалық құқық бұзушылық фактілері туралы, Сіз «AFM Insider» телеграм ботына хабарлай аласыз.
Келесі мақала
Облыстағы эпизоотиялық жағдай
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
ҰЛТТЫҚ ЖОБАНЫҢ ШЕҢБЕРІНДЕ АУЫЛДА 263 МЕДИЦИНАЛЫҚ НЫСАН САЛЫНЫП, ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ
- авторZhambylokq
- 26 желтоқсан, 2024