
Облыстағы эпизоотиялық жағдай
2023 жылға арналған Ауыл шаруашылығы жануарларының төлдерін бірдейлендіру жұмыстары облыс әкімінің орынбасарымен бекітілген іс-шара жоспарына сәйкес жүргізіліп 1 548 130 бас төл бірдейлендірудің деректер қорына енгізілді.
Облыс бойынша ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру дерекқорында (бұдан әрі - АШЖБ) барлығы 4,2 млн. бас ауыл шаруашылығы жануарлары (495 мың бас ірі қара, 3,5 млн. бас ұсақ мал, 5 616 бас шошқа, 186 896 бас жылқы, 7 мың бас түйе малы) тіркелген. Облысымыз мал саны жағынан Республика бойынша екінші орында.
Мемлекеттік тапсырыс бойынша биылғы жылға бекітілген жануарлардың аса қауіпті ауруларына қарсы бағытталған ветеринариялық-профилактикалық іс-шаралары жоспарға сәйкес өз деңгейінде орындалды. Аса қауіпті ауруларға қарсы егу жұмыстарына 24,5 млн. манипуляция жүргізілді.
Конго-Қырым Геморрагиялық Қызбасына қарсы 2023 жылға арналған жоспарға сәйкес облыс аумағында эндемиялық аймаққа енгізілген 37 елді мекенде (Байзақ - 1, Жамбыл - 1, Мойынқұм - 14, Сарысу – 7, Талас - 9, Шу - 1) 2,9 млн. шаршы метр аулалар мен қора жайлар және барлығы 506 мың бас ауыл шаруашылығы жануарларына үш кезеңдегі залалсыздандыру жұмыстары (аудан әкімдерімен бекітілген кесте бойынша) толығымен жүргізілді.
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ «JIBEK JOLY» АЭА АРҚЫЛЫ ӘЛЕМДІК НАРЫҚҚА ҚАДАМ БАСУДА
- авторZhambylokq
- 13 тамыз, 2025