Жаңалықтар
Департаментпен 2023 жылдың қорытындысы бойынша атқарылған жұмыстар
- author Zhambylokq
- 30 қаңтар, 2024
- 68
Департаментпен 2023 жылдың қорытындысы бойынша атқарылған жұмыстар
Тұтынушылар құқықтарының бұзылуына қатысты шағымдар жыл сайын өсуде.
2023 жылдың 11 айында Жамбыл облысының сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне 653 өтініш келіп түсті, бұл өткен жылдың кезеңімен салыстырғанда 227 өтінішке көбейді.
Өтініштердің өсуі 59,7% - құрайды.
Тұтынушылардың шағымдарының негізгі саласы ол - бөлшек сауда саласында - 229 өтініш немесе олардың жалпы санының 44,7%.
Екінші орында - электрондық сауда - 76 өтініш, «көшбасшылар» үштігінде- тұрмыстық қызмет көрсету саласы бойынша -51 өтініш.
Өткен жылдың кезеңімен салыстырғанда, 3-ші орынды иеленген тұрмыстық қызмет көрсету саласындағы өтініштер саны басып озды.
Бөлшек сауда бойынша түскен шағымдарда сапасыз тауарды айырбастаудан немесе қайтарудан, соның ішінде 14 күнтізбелік күн ішінде тауарды қайтару мен айырбастаудан бас тарту басым болып отыр.
Электрондық сауда саласында тұтынушыларды алдау фактілері байқалады (кәсіпкерлердің төленген тауарды не қызметті ұсынбауы).
Тұрмыстық қызмет көрсету саласында жиһаздың, сондай-ақ пластикалық терезелер мен есіктердің сапасыз өндірісі басым.
Департаментке келіп түскен өтініштердің жалпы санынан 400 өтініш толығымен қанағаттандырылды, бұл 65,8% құрайды, тұтынушыларға 40,1 миллион теңге қайтарылды, 40 өтініш өз құзыреті бойынша басқа мемлекеттік органдарға жіберілді. 168 тұтынушы өз мәселелері бойынша түсініктеме алды.
Жамбыл облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті 2023 жылдың 11 айында тұтынушылардың өтініштері негізінде бизнес субъектілеріне жоспардан тыс 54 тексеру жүргізді. Оның ішінде сауда саласында 41 тексеру (ішкі сауда субъектісінің әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына сауда үстемесінің мөлшерін асыруы), тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласында 13 тексеру (тұтынушының жазбаша шағымына жауап бермеу).
Тексеру нәтижесінде 38 бұзушылық анықталып, 38 ұйғарым енгізілді. 37 құқықбұзушылық субьектілеріне ескерту түрінде әкімшілік жаза қолданылды және ӘҚБтК-нің 204-4 бабы бойынша шағын бизнес субъектісіне 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде 1 айыппұл салынды. Бұдан басқа, ӘҚБтК-нің 802-бабының негізінде 2 айыппұл салынды, оның ішінде ірі бизнес субъектісіне 30 айлық есептік көрсеткіш және шағын бизнес субъектісіне 6 айлық есептік көрсеткіш. Салынған айыппұлдардың жалпы сомасы 158 700 теңгені құрайды.
Бүгінгі таңда, ішкі нарықта Мемлекет Басшысының қойған басты міндеті азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады. Бірақ оған азаматтық қоғамның, қоғамдық институттардың, бұқаралық ақпарат құралдарының, сонымен қатар, бей-жай тұтынушылардың белсенді ұстанымынсыз қол жеткізу мүмкін емес. Яғни, біз барлық 20 миллион қазақстандық, соның ішінде тұтынушылар болып табылатын барлық қатысушылар туралы айтып отырмыз.
Біз «Сапалы өнім» қоғамдық тұжырымдамасын іске қосуды ұсынамыз. Ол үшін заңнамалық құралдар мен тетіктердің базалық жиынтығы бар.
Атап айтқанда, қолданыстағы тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы Заң қоғамдық бірлестіктерге келесі мүмкіндіктерді береді:
- тауардың тұтынушылық қасиеттерін зерттеу;
- тауарлардың сапасы мен қауіпсіздігіне сараптама жүргізуге бастамашылық жасау;
- өнімнің сапасы туралы қоғамдық пікірді анықтау үшін халыққа сауалнама жүргізу;
- тауардың сапасын бағалау мақсатында мемлекеттік органдарға жүгіну;
- тұтынушылардың мүддесі үшін сотқа талап қою;
- өнімнің сапасы мен қауіпсіздігін зерттеу нәтижелері туралы ақпаратты тарату.
Сонымен қатар, осы функцияны іске асыру кезінде қоғам белсенділері тауарды сату орындарына барған кезде фото, аудио, бейнетіркеуді қолдануға құқылы.
Сондықтан біз тұтынушылар мен қоғамдық институттарды сапалы және қауіпсіз өнімдерді пайдалану құқықтары туралы жариялауға шақырамыз. Бұл өркениетті нарықтық қатынастарды құрудағы шешуші бетбұрыс болады.
Пользуясь случаем, хотел бы выразить благодарность заместителю председаталя общественного объединения «Исследование агрессивных культов» Марину Барисовну Ким за акивное участие по отбору продовольстенной продукций, а так же за активное участие совместной работы с потребителями председателя общественного объединения «Комитета защиты гражданских прав» Федорову Ирину Геннадьевну.
Без активного участия наших неправительственных организаций мы бы не смогли добиться эффективной защиты наших граждан.
Өздеріңіз білетіндей, тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың тиімділігін арттыру үшін Министрлік жаңа редакцияда заң жобасын әзірледі.
Ұсынылатын жаңалықтар туралы біз үнемі БАҚ-та жүйелі түрде айтамыз.
Заң жобасында тұтынушылардың құқықтарын қорғауды осы салада жұмысты үйлестіретін Омбудсмен енгізу арқылы қоғамдық институттарының функционалдығын арттыру ұсынылады.
Тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктеріне ішкі нарықтың қоғамдық мониторингі шеңберінде тауарлардың үлгілерін іріктеу және көрсетілетін қызметтерді сатып алу құқығына ие болады.
Тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың қоғамдық институттары белгілі бір мәселе бойынша жиналған топтың құқығын қорғауға жол ашады. Осы шаралар іске асырылғанда тұтынушылардың құқықтарын қорғау үкіметтік емес институттардың рөлін күшейтуге мүмкіндік береді.