Жамбыл облысының Өңірлік комуникациялары қызметі - Ақпарат агенттігі

Байланыс

  • ato.uvp@mail.ru
  • +7 705 537 5268
  • Тараз қаласы, Ы.Сүлейменов көшесі №5, Шерхан Мұртаза атындағы баспасөз үйі

Көкдөнен ауылдық округінде атқарылған жұмыстар есебі

Көкдөнен ауылдық округінде атқарылған жұмыстар есебі
ашық дереккөзі
Көкдөнен ауылдық округінде атқарылған жұмыстар есебі
Көкдөнен ауылдық округінде 3 елдімекен бар. Көкдөнен ауылы аудан орталығынан 12 км  қашықтықта орналасқан. Халық саны 3773 адамды құрайды. Жалпы түтін саны-717. Көкдөнен ауылында түтін саны – 348, халық саны – 1869; Жақсылық ауылында түтін саны – 346, халық саны – 1850; Құмарық бекетінде түтін саны – 23, халық саны – 54. Ауылдық округ бойынша қоныс аударған ауыл тұрғындарының пайыздық мөлшері-0,001 Ауылдық округітің жалпы жер көлемі 57498,031 га, оның ішінде  жайылымда – 37879 га , егістік-14210,39 га (суармалы егістік 1512,27 га), шабындық-1368 га.  АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫ Ауылдық округте барлығы 79 ауылшаруашылық құрылымдары тіркелген. Тұрақты жұмыс істейтін ұжымдар саны - 44. Ауылдық округ бойынша 2023 жылдың өніміне 4276 га күздік бидай оралып, орташа өнім 10 центнерден, жалпы 42760 тн өнім алынған. 3394 гектар жаздық арпа орылып, орташа өнім 10 центнер, жалпы өнім 33940 тн алынды. 2023 жылға 830 га егілген мақсары дақылы орылып, түсім 5 центнерден айналды. 6 ірі шаруа қожалықтар пай үлескерлеріне 750 тонна астық өнімін таратты.  Ауылдық округте барлығы 182 тонна жонышқа, 65800 тонна сабан, 533 тонна жем қысқы мал азығы дайын. Округ бойынша МІҚ-3259 бас, оның ішінде аналық бас - 1070 бас, ұсақ мал-41647 бас, жылқы-2515 бас, үй құстары-6413 бас тіркелген. Асылдандыру жұмыстары бойынша ауылдық округ бойынша 3 бадаға асыл тұқымды бұқалар қосылды.  КӘСІПКЕРЛІК САЛАСЫ Көкдөнен ауылдық округінде 15 халыққа қызмет көрсететін ШОБ (шағын орта бизнес) нысандары бар. Оның ішінде 3 кірпіш заводы (2023 жылға 1840,0 мың) қызыл кірпіш өндірге,  1 көлік бояу орталығы, 1 ағаш цехы, 10 азық-түлік дүкені. БЮДЖЕТ ПЕН САЛЫҚ Көкдөнен ауылдық округінің 2023 жылғы бюджеті 140434,0 мың теңгені құрайды. Бюджеттің игерілуі – 100 %. 2023 жылғы жеке тұлғалардың табыс салығы бойынша жыл жоспар 310 мың теңге, түскен түсім 1678,0 мың  теңгеге орындалды, көлік салығы бойынша жоспар 7100,0 мың теңге, орындалғаны 11011,0 мың теңгеге орындалды. Жер салығы мүлік салығы бойынша жоспар 540,0 мың теңге, орындалғаны 583 мың теңгеге орындалды. Басқада түсімдер 542698 теңге. Жалпы жоспар толықтай орындалып, түскен түсім – 13814698,0 мың теңгені құрайды. Өңірлерді дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында – 3154,0   мың теңге қаржы бөлініп, 2117,0 мың теңгеге Қ. Сүлейменов көшесіне көше шамдары орнатылды. Қалған  қаражатқа округ бойынша 60 дана көше шамдары алынды. Көкдөнен ауылындағы кіші футбол алаңына көрермендер трибунасы салынды. (5140,0 мың теңге) Көкдөнен ауылының орталығына қосымша жаттығу темірлері (стрит воркаунт) орнатылды. (1890,0 мың теңге) Көкдөнен ауылының батыс бөлігіне Жасыл желек бағдарламасы арқылы 5 гактар  жер қоршалып, 10 000 (он мың)түп қара тал, 63 дана шырша орнатылды. (9755,0 мың теңге) «Дулат Баба» кесенесіне жарықтандыру жұмыстары атқарылды. (2200,0 мың теңге) Көкдөнен және Жақсылық ауылдарының  орталық көшелеріне  60 дана күйген шамдар ауыстырылды. (1037,0 мың теңге) Жақсылық ауылы Жамбыл көшесіне 1,5 км жаяу жүргіншілер жолы салынды. (12380,0 мың теңге) Жақсылық ауылында 3 зират қоршалды. (5 030,0 мың теңге) Округ бойынша  тасқын судың алдын алу мақсатында 4 км арықтар қазылып, 7 жерден көпір салыды. (6943,0 мың теңге) Аудан әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары  бөлімі арқылы Көкдөнен ауылы, М.Өзбеков көшесіне ұзындығы – 1,5 шақырым, М.Әкешеұлы көшесіне ұзындығы 650 м, Б.Битанов көшесіне -450 м және Жақсылық ауылы Тау самалы көшесіне 1 шақырым  асфальт төсеу жоспарлануда. Ауылдық округ бойынша асфалттанған көше 80 % болса, көше жарығы 95 % құрайды. Облыстық автомобиль жолдары басқармасы арқылы ауылға 1 жерден жаяу жүргіншілер жолағы мен жасанды бұдырлық орнатылды.   АУЫЗ СУ МӘСЕЛЕСІ Ауылдық округ бойынша 14 көше ауыз сумен және табиғи көгілдір отынмен қамтылған. (2 су ғимараты бар)  ЖОЛ МӘСЕЛЕСІ: Ауылдық округте ауыл ішілік 14 көше орналасқан 10 көше толық асфальтталған қалған  4 көше асфальттанғанбаған. Асфалттанған көше 80 % құрайды. ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК Зейнеткерлер саны 437 адам, көп балалы аналар саны -176, оның ішінде 28 - «Алтын алқа», 52 - «күміс алқа» иегерлері. Ағымдағы жылы 158 адам тұрақты жұмыспен, 10 жастар тәжірибесімен, әлеуметтік жұмыс орындарына 6 адам, алғашқы жұмыс орындарына 4 адам, күміс жас жобасымен 3 адам, кәсіби даярлау және қайта даярлауға 2 адам, Бастау бизнес кәсіптік негіздеріне 29 адам, микрокредит алған 8 адам (2,5 % -бен 34 жасқа дейінгі жастар), мемлекеттік қайтарымсыз грант алған 3 адам және  50 адам ақылы қоғамдық жұмыспен қамтылды. Табысы кедейшілік шегіне жетпейтін (бүгінгі күнге кедейшілік шегі 32978 теңге) 26 отбасының 163 адамына 12,9 мың теңге мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып төленіп берілді, оның ішінде атаулы әлеуметтік көмек алушылардың 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларына кепілдендірілген әлеуметтік пакет 1 балаға 5538 теңге ақшалай әлеуметтік көмек төленеді. Мүгедектер 76 адам (І топтағы - 7, ІІ топтағы - 42, ІІІ топтағы -27). БІЛІМ САЛАСЫ БОЙЫНША Көкдөнен  ауылдық округінде 2 мектеп бар. Жақсылық ауылында «Қызылпан  Сұлтанбеков атындағы шағын орталықты орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 402 оқушы білім алуда. Оларға 54 мұғалім дәріс береді. Мектепте 21 баладан тұратын МАД тобы бар. Үйірмелер саны - 18. Көкдөнен ауылында А.Байтұрсынов орта мектебінде қазіргі уақытта 58 мұғалім қызмет атқарды. Мұғалімдердің сапалық құрамы 78 процент. Үйірмелер саны- 56. Ауылдық округ бойынша 2 бала-бақша орнатылған, Көкдөнен ауылы  «Аида» б/б 140 орындық, Жақсылық ауылы «Нұр-Ай» 75 орындық. ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫ БОЙЫНША Көкдөнен ауылыныдағы дәрігерлік амбулаторияда 13 адам қызмет етеді. 1-дәрігер, 1-әлеуметтік маман, 6-орта буын медбике, 1-акушер ,  1-зертханашы және  1-тазалықшы (техперсонал), 1-қарауыл, 1-көлік жүргізуші. 2023 жыл басынан  44 бала дүниеге келді, жүкті әйелдер саны-19. Жүкті әйелдерге,  1-5 жасқа дейінгі балаларға және жаңа туған балаларға тегін дәрі-дәрмек беріледі. Диспечерлік есепте 76 адам тіркеліп, дәрі дәрмекпен қамтылған.Онкологиялық аурумен-4 адам есепте тұр.  Анамен бала өлімі болған жоқ. Жақсылық ауылындағы дәрігерлік амбулаторияда 12 адам қызмет етеді. 1-дәрігер, 1-әлеуметтік маман, 7-аймақтық медбике, 1-акушер және 1-тазалықшы (техперсонал), 1-қарауыл. 2023 жыл басынан  37 бала дүниеге келді, жүкті әйелдер саны-17. Жүкті әйелдерге,  1-5 жасқа дейінгі балаларға және жаңа туған балаларға тегін дәрі-дәрмек беріледі. Сахарный диабетпен-33 адам, онкологиялық аурумен-4 адам есепте тұр.  Анамен бала өлімі болған жоқ. СПОРТ САЛАСЫ БОЙЫНША Көкдөнен ауылдық округі бойынша Көкдөнен ауылында 1, Жақсылық ауылында 1- №25 балалар мен жасөспірімдер дене шынықтыру арналған мектеп орналасқан.
Zhambylokq
Автор

Zhambylokq

Жамбыл облысының Өңірлік комуникациялары қызметі - Ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар