Балалар кітапханасының даму перспективасы
Жамбыл облысында облыстық деңгейдегі 3 кітапахана бар. Соның ішінде балалар мен жасөспірімдер аудиториясын қамтитын бірегей кітапхана – Д.Қонаев атындағы Жамбыл облыстық кітапханасы.
Қазіргі таңда Д.Қонаев атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында 3 бөлім 4 сектор оқырмандарға қызмет атқарады. Кітапхананың штат кестесі бойынша барлығы 30 адам жұмыс істейді, барлығы бірліктегі қызметкерлер, оның ішінде сала бойынша 23 кітапхана қызметкерлері оқырмандарға мәдени кітапханалық библиографиялық қызмет көрсетеді. Оның 19 жоғары білімді, ал кітапханалық жоғары білімі бар - 11 қызметкер, арнаулы орта кітапханашы қызметкер – 4. Жыл өткен сайын кітапхананың даму көрсеткіші артып келеді. Мәселен, 2023 жылы 2022 жылмен салыстырғанда кітапхананың оқырман саны 1008-ге артып, 10894-ке жетті, келім саны 18898-ге артып, 97974-ке жетті. Ал кітап берілімі 14629-ға артып, 174176 дананы құрады. Сонымен бірге кітапханада «Kids star!» , «EcoLand», «Театр және кітап», «Интеллектум», «Үлкенге 100 сұрақ» т.б. жобалар іске асуда. Баспасөз конференциясында Д.Қонаев атындағы Жамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының директоры Гулфайруз Инкарбекова осы уақытқа дейін кітапханада атқарылған жұмыстар мен көрсеткіштерге тоқталып, есеп береді. Сондай-ақ, жыл соңына дейін жоспарланған іс-шаралар кешені жайлы ақпараттар да ортаға салынады. Келесі мақала
Өңірлік кадр резервіне іріктеу туралы
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
ҰЛТТЫҚ ЖОБАНЫҢ ШЕҢБЕРІНДЕ АУЫЛДА 263 МЕДИЦИНАЛЫҚ НЫСАН САЛЫНЫП, ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ
- авторZhambylokq
- 26 желтоқсан, 2024