Жаңалықтар
Қызыләуіт ауылдық округінің әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері
- author Zhambylokq
- 6 ақпан, 2024
- 99
Қызыләуіт ауылдық округінің әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері
Қызыләуіт ауылдық округіне қарасты 2 елді мекен бар, олар атап айтар болсақ Қызыләуіт, Ақтөбе ауылдары. Ауылдық округ бойынша 325 отбасы, 2 219 халық тұрады.
(Қызыләуіт ауылында – 300 аула, 2101 халық, Ақтөбе ауылында – 25 аула, 118 халық). Ауылдық округ бойынша 1 жауапкершілігі шектеулі серіктестік, 80 шаруа қожалық және 5 азық – түлік дүкендері өз кәсібін жасауда. Ауылдық округтің жалпы жер көлемі 88 876 га. Оның ішінде: ауыл шаруашылығы мақсатына арналған жерлер 73 828 га. Оның ішінде: егістік жерлері 1198 га, шабындық жерлері 2561 га, жайылымдық жерлері 70 069 га құрайды. Жеке қосалқы шаруашылық жерлері 6669 га. Сонымен қатар, ауылдық округтегі шаруа қожалықтар көктемгі егіс – дала жұмыстарына 46 тонна арзандатылған дизель (206 теңге) отынын алды. Жалпы ауылдық округте салық түсімдері бойынша жылдық жоспар 2 млн 294 мың теңге болса, нақты орындалғаны 4 млн 726 мың теңгені құрап, яғни 142,8 пайызға орындалып отыр. Оның ішінде көлік салығы жоспары 2 млн. 268 мың теңге болса, ал орындалғаны 4 млн. 085 мың теңгені құрап, яғни 152,5 пайызға орындалды. Жоспар бойынша жер, мүлік салықтары 104 мың теңге болса, орындалғаны 186 мың 600 теңге, яғни 124 пайызға орындалды. Атқарылған жұмыстарға тоқталар болсақ, Қызыләуіт ауылының кіре беріс жолына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді құны 220 млн теңге. Қызыләуіт және Ақтөбе ауылына көгілдір отын кіргізілді құны 224 млн теңге. Қотырәуіт су қоймасына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді құны 7,980 теңге. Жасыл белдеу жұмыстары жүргізілді құны 3 844 мың теңгені құрады.
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
ҰЛТТЫҚ ЖОБАНЫҢ ШЕҢБЕРІНДЕ АУЫЛДА 263 МЕДИЦИНАЛЫҚ НЫСАН САЛЫНЫП, ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ
- авторZhambylokq
- 26 желтоқсан, 2024