Жаңалықтар
Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Жамбыл облысы бойынша департаментімен 2023 жылы атқарылған жұмыс қорытындысы
- author Zhambylokq
- 20 ақпан, 2024
- 77
Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Жамбыл облысы бойынша департаментімен 2023 жылы атқарылған жұмыс қорытындысы
Мемлекеттік қызметшілердің штат саны – 4475 (ЖАО - 2552, ОМО АБ - 1923) Нақты саны – 4220 немесе 94,3% құрайды, бос лауазымдар үлесі – 255 немесе 5,7%.
Оның ішінде: ЖАО штат саны - 2552 бірлік,– 17 саяси, корпус «Б» - 2535. Нақты саны – 2 435 немесе 95,5% құрайды, бос лауазымдар үлесі – 117 немесе 4,3%. ОМО АБ штат саны - 1923 бірлік, оның ішінде корпус «Б» - 1923. Нақты саны – 1 785 немесе 92,8% құрайды, бос лауазымдар үлесі – 138 немесе 7,2%.
Мемлекеттік қызметішлердің орташа жасы – 41,1 жас.
ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясын
бітіргендер – 38 ( ЖАО – 25, ОМО АБ - 13).
«Болашақ» бағдарламасының түлектері – 1 (ЖАО).
Мемлекеттік қызметшілердің орташа мемлекеттік қызмет өтілі – 12,8 жыл.
Нақты лауазымдағы орташа қызмет өтілі – 5,3 жыл. Таза ауысымдылық 237 қызметшіні немесе 5,3% құрайды. (ЖАО-121, ОМО АБ -116)
Мемлекеттік қызметшілермен жұмыстан шығудағы сұхбат 100% құрайды.
Есепті кезеңде мемлекеттік органдарда үміткерлердің қатысуымен өткен конкурстарға байқаушылардың қатысуы 100%.
Ішкі конкурстар негізінде жоғары тұрған лауазымдарға тағайындау үлесі 142 қызметші немесе 72,8% (ЖАО-82, ОМО АБ -60) 1 орынға конкурсқа қатысушылар саны – 1,2 (ішкі конкурс – 0,6, жалпы конкурс – 1,7).
Есепті кезеңде жалпы 236 қызметшіге сынақ мерзімі тағайындалған (ЖАО-149, ОМО АБ -87)
Олардың 101 сынақтан өту үстінде (ЖАО-49, ОМО АБ -52). Сынақтан өтпей қызметінен босатылған қызметшілер жоқ. Сынақ мерзімі аяқталмай жұмыстан шыққан қызметшілер саны – 3 (ЖАО-2, ОМО АБ -1).
Сонымен қатар, 232 қызметшіге сынақ мерзімін өткеру кезеңіне тәлімгер бекітілген (ЖАО-145, ОМО АБ - 87).
Есепті кезеңнің ішінде жалпы 1525 (ЖАО-1037, ОМО АБ -488) мемлекеттік қызметшіні оқыту жоспарланған, олардың 1512 (ЖАО-1037 немесе 100%, ОМО АБ - 475 немесе 97,3%)
Қайта даярлау курстарынан 309 (ЖАО-192, ОМО АБ - 117) қызметші, біліктілігін арттыру семинарларынан 1203 (ЖАО-845, ОМО АБ - 358) қызметші өтті.
2023 жыл ішінде 195 (ЖАО-117, ОМО АБ - 78) қызметшіні тағылымдамадан өткізу жоспарланып, олардың барлығы 100% тағылымдамадан өтті. Тестілеуден өту нәтижелері Есепті кезеңде тестілеуден өтуге барлығы 4 266 азамат өтініш білдірген.
Өтініш білдірген азаматтардың ішінен 1401 адам немесе 32,8% тестілеудің шекті мәнінен өткен. Олардың ішінде 2915 азамат әкімшілік мемлекеттік қызметке тест тапсырып, 1000 адамы немесе 34,3% тестілеудің шекті мәнінен өткен. Сонымен қатар, 1351 азамат құқық қорғау қызметіне тестілеуден өтуге ниет білдіріп, олардың 401-і немесе 29,7% тестілеудің шекті мәнінен өткен. Сондай-ақ, есепті кезеңнің ішінде 1315 азамат жеке қасиетін бағалау бойынша тестілеуге өтініш беріп, олардың 1130 немесе 86% шекті мәннен өткен. Конкурс өткізілместен «Б» корпусының мемлекеттік əкімшілік лауазымдарына орналасу Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша мемлекеттік тапсырыс шеңберінде оқуды аяқтаған жалпы 6 түлекті өңірдегі мемлекеттік органдарға конкурс өткізілместен тағайындауға ұсыныстар түсті, оның ішінде 5 түлекке келісім беріліп, 1 түлекке біліктілік талаптарына сәйкес келмеуіне байланысты бас тартылды. 5 өкілеттік мерзімдері аяқталған ауылдық округ əкімдеріне бос мемлекеттік лауазымдарға конкурс өткізілместен орналасуға келісім берілді. Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау және Әдеп жөніндегі кеңестің жұмысын қамтамасыз ету бағыты бойынша Мемлекеттік қызмет саласындағы заңнаманың сақталуына жүргізілген бақылау нәтижелері 2023 жылы мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау бағыты бойынша 14 тексеру (2022 жылы 34 тексеру) жүргізілді, оның ішінде 10-ы профилактикалық бақылау, 4-і жоспардан тыс тексерулер.
Жүргізілген тексерулердің нәтижелерімен мемлекеттік қызмет саласындағы заңнаманы бұзудың 386 фактісі (2022 ж. - 368) анықталып, бұзушылықтарды жою туралы 10 нұсқама және 4 ұсыныс енгізілді. Нұсқамалар мен ұсыныстар толығымен орындалды.
Жүргізілген тексерулер нәтижесінде 1 мемлекеттік қызметшінің құқықтары қорғалды.
Мәселен, Д.К.Утеповтыңшағымы негізінде Жамбыл облысының жер ресурстарын басқару департаментінде жүргізілген жоспардан тыс тексерудің нәтижесінде, шағымданушының бұзылған еңбек құқықтары қалпына келтіріліп, оғанжыл сайынғы еңбек демалысы берілді
Заң бұзушылықтарға жол бергені үшін 2 мемлекеттік қызметші (2022 ж. – 12 қызметші) тәртіптік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде 1-і «ескерту», 1-і «қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту» түріндегі тәртіптік жазалар.
Сонымен қатар, 15 мемлекеттік қызметші әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Анықтама ретінде: 15 әкімшілік құқық бұзушылық туралы істің ішінде: - 14-і ҚРӘҚБтК-ның 99-бабының 1-бөлігі (Бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурстық іріктеу рәсімін бұзу); - 1-і 99-бабы 2-бөлігі (Адамдарды мемлекеттік әкімшілік лауазымнан құқыққа сыйымсыз босату); Аталған әкімшілік істер бойынша жалпы сомасы 414 000 теңгені құрайтын айыппұлдар мемлекет бюджетіне өндірілген. Әдеп жөніндегі кеңес жұмысының нәтижелері 2023 жылы Әдеп жөніндегі кеңестің мәжілісі 12 рет өткізіліп,онда барлығы 98мәселе қаралды, оның ішінде 28 (28,5%) тәртіптік іс және 70 (71,5%) профилактикалық мәселелер.
Кеңес отырыстарында қаралған мәселелер бойынша барлығы 234ұсыным қалыптастырылды, оның 21-і (8,9%) тәртіптік іс, ал қалған 213-і (91,1%) профилактикалық сұрақтарды қарау нәтижелері бойынша.
Әдеп жөніндегі кеңестің ұсынымдары толықтай орындалған.
Тәртіптік істерді қарау нәтижелері бойынша 21 лауазымды тұлға тәртіптік жазаға тартылды, мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтар жасағаны үшін жалпы 20 қызметші, оның ішінде«атқаратын лауазымынан босату» - 2, «қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту» – 18және әдеп нормаларын бұзғаны үшін 1 қызметшіге «ескерту» түріндегі тәртіптік жазалар қолданылды. 7 тәртіптікіс заңды негіздер бойынша тоқтатылды.
Әдеп жөніндегі кеңеспен 2 мемлекеттік қызметшіге қатысты тәртіптік жаза қолдану туралы актілердің күшін жою арқылы олардың құқықтары қалпына келтірілді (қорғалды).
Есепті кезеңде Әдеп жөніндегі кеңес мүшелерімен түрлі мәселелер бойынша 49 жеке қабылдаулар ұйымдастырылып, онда барлығы 138азамат қабылданды.
Мемлекеттік қызмет саласындағы заңнаманы және әдеп нормаларын түсіндіру бойынша 92іс-шара өткізілді. Мемлекеттік орган жойылған (таратылған), қайта ұйымдастырылған, басқару құрылысы өзгерген кезде мемлекеттік қызметшілердің құқықтарының сақталуына жүргізілгенталдау нәтижелері Жүргізілген талдаудың нәтижесінде жергілікті атқарушы органдардың тарапынан 7 мемлекеттік қызметшіге жәрдемақы төлеу барысында заңнама талаптары бұзылғандығы анықталды.
Мәселен, Жамбыл ауданы Өрнек ауылдық округ әкімі аппаратында штат санының қысқаруына байланысты бас маман-салық агенті лауазымынан босатылған М.Ж.Сейтке жәрдемақы заңнамада белгіленген мерзімнен 18 күнге кешіктіріліп төленген.
Осыған ұқсас заң бұзушылықтар Мойынқұм, Талас, Қордай, Шу аудандарында да орын алған.
Департамент тарапынан қабылданған шаралардың нәтижесінде жоғарыда көрсетілгенмемлекеттік қызметшілерге тиісті өсімпұл сомалары төленіп, олардың бұзылған құқықтары қалпына келтірілді. Мемлекеттік қызметшілерге еңбек демалысын беру, іссапар шығындарын төлеу және сыйақылар беру барысында заңнама талаптарының сақталуына жүргізілген талдау нәтижелері Талдау нәтижелерімен еңбек демалысын беру барысында мемлекеттік қызмет саласындағы заңнама талаптарының сақталмауының 86 фактісі анықталды.
Одан бөлек, іссапар шығындарын төлеу мерзімдерін бұзудың 684 фактісі белгілі болды.
Бұл ретте, Департамент тарапынан қабылданған шаралардың нәтижесінде 42 мемлекеттік қызметшіге жалпы сомасы 1 645 152 теңгені құрайтын іссапар шығындары төленіп, олардың бұзылған құқықтары қалпына келтірілді. Мемлекеттік қызметшілердің үстеме жұмыс жасауын азайту бағытындағы қабылданған шаралар Жұмыс уақыты режимінің сақталуы бойынша мемлекеттік органдарға бару арқылы мониторинг жүргізудің 2023 жылға арналған жоспарына сәйкес Департаменттің мамандарымен 19 мемлекеттік органда (ЖАО - 5, ОМО АД - 14) мониторинг жүргізіліп, нәтижесінде 13 қызметшіге жалпы 11 сағаттан астам демалыс уақыттары берілді.
Сонымен бірге, жұмыс уақыты режимінің сақталуына қашықтықтан «Е-қызмет» АЖ арқылы мониторинг жүргізу нәтижесінде 70 мемлекеттік қызметшіге 153 сағат қосымша демалыс уақыттары берілді. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бағыты бойынша Жамбыл облысында мемлекеттік қызметтердің 369 түрі көрсетіледі.
Есепті кезеңде 15 363 047 қызмет көрсетілсе, оның 98,3%-ы (15 101 875) - электронды түрде ұсынылған. Өткен жылмен салыстырғанда электронды түрде көрсетілген қызметтердің саны 1,3%-ға артқан.
Мемлекеттік қызмет көрсету саласында азаматтардан 55 шағым келіп түсті, оның: 6-ы бойынша келтірілген уәждер өз дәлелін тауып (оның ішінде 3-і бойынша тексерулер жүргізілді, 3-і бойынша сұрау салу арқылы), азаматтардың бұзылған құқықтары толығымен қалпына келтірілді (100%); 14-і бойынша құзыреттілікке сәйкес қарау үшін өзге мемлекеттік органдарға жолданды; 21-і бойынша қарауды тоқтату туралы шешім қабылданды; 16-ы бойынша түсіндірме берілді;
Мемлекеттік қызметтерді көрсету саласында Департаментпен барлығы 20 тексеру жүргізілген, оның ішінде профилактикалық бақылау арқылы – 15, жоспардан тыс – 5.
Тексеру жұмыстарының барысында жалпы 469 заң бұзушылық анықталып, қорытындысы бойынша 53 ұсыныс енгізілді және толық орындалды.
Жалпы бақылау шараларының (тексерулер, қашықтықтан мониторинг және т.б.) нәтижесінде заң бұзушылықтарға жол берген 45 қызметкер тәртіптік жазаға тартылды (36-ескерту, 4-сөгіс,1-қатаң сөгіс, 1-қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту).
Рұқсат беру құжаттарының мерзімі мен тәртібін бұзғаны үшін (Кодекстің 465-бабы) лауазымды тұлғаларға әкімшілік құқық бұзушылық туралы 24 хаттама толтырылды.
Әкімшілік істер қысқартылған іс-жүргізу тәртібінде қаралып, 960 мың теңгеден астам көлемде айыппұл салынды және ол мемлекеттік бюджетке толық өндірілді.
Департамент жанындағы Ведомствоаралық жұмыс тобының 6 отырысы (38 ұсыныс енгізілді) өткізілсе, қалалық және аудандық деңгейлердегі қоғамдық кеңестердің 39 отырысында мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы мәселелер қаралды. Нәтижесінде мемлекеттік органдарға орындау үшін 122 ұсыныс енгізілді және толығымен орындалды.
2023 жылы Департаментпен облыстағы қаржы және орма шаруашылығы салаларында мемлекеттік аппаратты бюрократиядан арылту бойынша талдау жұмыстары жүргізілді. Аталған салаларда мемлекеттік аппаратты бюрократиядан арылту бойынша Агенттікке 44 ұсыныс енгізілді.
2023 жылы мониторинг жұмыстары бойынша 3 бағытта жұмыстар жүргізіліп («Өндірушілер (зауыттар), экспорттаушылар, импорттаушылар тарапына қатысты әкімшілік рәсімдерді бюрократиядан арылту»,«Рұқсат беру рәсімдері мен монополияға қарсы заңнаманы бюрократиядан арылту»,«Жер қойнауын пайдаланушылар тарапына қатысты әкімшілік рәсімдерді бюрократиядан арылту»), Агенттікке 20 ұсыныс жолданды.
Сонымен қатар, мониторинг «Мемлекеттік бақылау» және «Ақпараттық жүйелер» бағыттарында жүргізілді. Жүргізілген мониторинг нәтижесінде барлығы 28 ұсыныс енгізілді (мемлекеттік бақылау-17, ақпараттық жүйелер-11).
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
ҰЛТТЫҚ ЖОБАНЫҢ ШЕҢБЕРІНДЕ АУЫЛДА 263 МЕДИЦИНАЛЫҚ НЫСАН САЛЫНЫП, ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ
- авторZhambylokq
- 26 желтоқсан, 2024